Фейсбук тікелей эфирін сүйкімді қылудың 6 жолы

Блог - asaubota: Фейсбук тікелей эфирін сүйкімді қылудың 6 жолы

Twitter Periscope тікелей эфир қызметін қосқаннан кейін Facebook та араға аз уақыт салып, өздерінің тікелей эфир функцияларын қосты. Periscope бастапқыда тек Twitter арқылы ғана болып және барлық смартфон түрлеріне арналмағандықтан аса қатты танымал бола алмады. Бұл олқылықты Facebook жақсы қолданып кетті. Алайда, Facebook қолданушыларының көбі жұртты қызық емес эфирлерімен мезі қыла бастады. Лентаға және ескертпелерге бірінен соң бірі шыға бастағасын бұл функция сүйкімсіз бола бастады. Иә, бұл да желідегі эго қанағаттандырудың бір әдістерінің бірі. Дегенмен, эфирді сүйкімді қылудың жолдарын мамандар айта кеткен екен.

1. Сахна сыртындағы эксклюзивтер
Фанаттардың, көрермендердің әдетте "қолы жетпейтін", көргісі келетін, ресми видеодан тыс нәрселер. Мысалы: сахнаға дайындық, футболшылардың шешіну бөлмесі, редакция немесе офистегі күнделікті істер.

2. Сұрақ-жауап
Жұрттың сұрақтарына жауап беру. Periscope кезінде бұның жақсы үлгісін Жайдарман басшысы Есен Елеукен істеп жүрді. Оқырмандармен, көрермендермен, фанаттармен байланыстың тамаша әдісі.

3. Үйрету
Мини-тренинг немесе вебинар. Бір нәрсенің қалай жасалатынын көрсету, бір нәрсені үйрету. Мысал үшін, тамақ істеу немесе спорт жаттығуларын орындау.

4. Жарнама
Бір өнімді, тауарды немесе қызмет түрін таныстыру, жаңадан шыққан нәрсені көрсету. Кішігірім презентация деуге де болады.

5. Жаңалық
Оқиға орнынан тікелей репортаж. Керемет емес пе?! Ортақ достардың тойы, түрлі марапаттаулар, спорттық жарыс финалы…

6. Ойындар
Қолданушылар арасында өткізілетін түрлі конкурстардың қортындысын шығару, жеребе тарту, тікелей эфирде тапсырма немесе сұрақ қойып, сыйлық тарату.

Сондай-ақ жасырын жарнама үшін де қолдануға болады. Эфир барысында демеуші жақтың бір затын көрсету, эфирді бір ресторанда отырып жүргізу — әдемі жарнама да болып кетеді.

Эфир жасау оңай, эфир жүргізу қиын. Сондықтан эфир жасамастан бұрын оны жұртқа қызықты қылып жеткізуді ойлаңыз. Эфир жиілігін де реттеген дұрыс. Қызық емес эфирлеріңіздің арқасында френд саны да азайып қалады.
Әрі қарай

Бейсенбі Керекинфода "Археология" күні



Әр бейсенбі сайын бұрын жазылып кеткен тақырыптарды шолып шығып, пікір жазып Тікелей эфирге шығарайық. Қазір 5000-ға жақын мақала жазылды. Жаңа қолданушылар олардың көбісін көрмей қалулары мүмкін. Сондықтан осындай шара ұсынамын.

P.S әрине бұл әрекетті басқа күндер де істеуге болады. Тек бейсенбі күндері көп адам қатысса екен деймін.
Әрі қарай