«Қызға қырық үйден тыйым салу» мәтелінің түсінігі қандай?
Қыз тәрбиесіне жалпы қатал болуымыз керек. Өйткені болашақ ана атағына ие қыздар тәрбиесі нәзіктікпен қоса қаталдықты талап ететін өзекті мәселе. Ата-бабамыз қыз тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың дұрыс жағдайда тәрбие алып, болашақта ата-анасының бетіне салық түсірмеуін қадағалаған.
«Қызға қырық үйден тыйым салу» мәтелінің мағынасы неде? Осы орайда Уикипедия ашық энциклопедиясы мынадай анықтама беріпті: «Қызға қырық үйден тыйым» деп қазақ салт-дәстүрінде тәрбиелік ұғым, ұстанымды атайды. Жарыса сөйлеуге; жалғыз қыдыруға; жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге; орынсыз ұрынуға; басқаларға қол тигізуге; өтірік; өсекке; суық жүріс; сумаң қылыққа; кісіге қарай керіліп есінеуге; талтайып отыруға; шалқайып жатуға; тамақты обырлана асауға; ұрлық-қарлыққа; ұятты мүшелерін ашып жүруге; бұраңдап қылымсуға; қызыл іңірде жатуға; түске дейін ұйықтауға; кісі алдында киім ауыстыруға; салт-дәстүрден аттауға; елді ғайбаттауға; үлкендердің жолын кесіп; атын атауға; ішімдік ішу пен шылым шегуге; ұрыс-керіске; беттен алып, бет жыртысуға; қараулыққа, ысырапқа; рахымсыздық пен қатыгездікке; түнде суға жалғыз баруға; жат жыныстылармен араласып жатуға; күйеуге қашып тиюге; әдепсіз сөзге; тарс-тұрс етуге; адам мен жануарларды тебуге; кісіні қорлап жәбірлеуге; тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға; айқай-сүреңге; шектен тыс сыланып жасануға; қызғаншақтық пен күншілдікке; менмендік пен өзімшілдікке; алдап-арбауға; көрсеқызарлыққа; нәпсі құмарлыққа тыйым деп мұнда жалпы түсініктен гөрі тыйымдарды атап көрсеткен екен. Алайда қыз тәрбиесіне байланысты әр пенденің өз білгені бар деп ойлаймын. Сол білген, оқыған, таныған тәрбиені қаншалықты іс жүзіне асыра алып жүрміз?
Осы мәселеде өз басымнан өткен жағдайларды сипаттап берсем. Мектепте 9-сыныпқа сынып жетекшілік қылып жүріп 8 «штук» қыздарыма қатал болып келіппін. Себебі көбісінің кішкентай бастарында үлкен қиындықтары көп еді. Кейде сырласа отырып, біреуінің әкесі тастап кеткен, біреуінің анасы кетіп қалған т.б қиындықтарын естігенде көп уайымдаушыедім. Сондықтан да болар оларға тым ерекше көзқараспен қарап, өмірдің ащы шындығын бетке басып, ертерек өмірге бейімделуін қаладым. Олардың киген киіміне, сөйлеген сөзіне, күлгеніне, әлеуметтік желілерде жазған постына, фотоларына дейін тексеріп, бірде-бір сайыстан қалдырмай, билетіп, ән салдырып, мәнерлеп оқытып, өз пікірімді білдіріп отыратынмын. Ұлдармен ұрысып қалса, «Өздерің кінәлісіңдер, бірінші бастаған сендер шығарсыңдар» деп ренжітіп қоятынмын. Жылап та алатын, сосын ертесіне түк болмағандай қайта сөйлесіп кете беруші едік. Оларға сабақ болсын деп, ұлдарға жеке жиналыс өткізіп, «Қыз бала нәзік келеді, сенің бойың кішкентай, тым семізсің» деген мазақ сөздерді айтуға болмайды» деп бар ақыл-кеңесімді аямадым. Қанша жерден ұлдардың алдында қыздарыма ұрысып, ескерту беріп жатсам да, ішімнен сол әрекеттердің қыз жанына инедей бататынын сезуші едім. Алайда қыздардың алдында ұл балалардың абыройын түсірмейін деп, оларға жылы қабақ танытқансып, оңашада оларға да солай ескертулерді беремін. Тек ол ескертулер қыздарға қарағанда қатаңдау болатын. Өзіне жеке айтылған ескертулерді олар жылы қабылдап, түсінісіп жататынбыз. Әрине бес саусақ бірдей емес. Араларында тәрбиеге бағынғысы келмейтін қыздарым да болды. Оларды жеке шақырып алып, әңгімеге тартып, көкейінде жүрген мәселелерін түсінгім келетін. Сөйлесе отырып, қыз баланың тәрбиесінде ананың рөлі үлкен екенін ұқтым. Анасын сағынып, елжіреп жылаған қыздарыммен бірге езіліп жылайтынмын. Ана туралы шығармалар жазып алып келіп, тебіреніп, мәнермен оқып бастағанымда, олар көз жастарына ерік бере алмайтын. Ананың да, әкенің де қадірін ұқтыра отырып, қыздардың бойына артылған ауыр салмақтың маңызын түсіндіруден жалықпадым. Енді олар бойжетіп, көбісі колледжде оқып жатқан жағдайы бар. Маған хабарласса, «Майра апай, кезінде дұрыс ұрысқан екенсіз, сіздің ақылыңызды енді түсініп жатырмыз» деп күледі. Олардың әлі де көретін қызықтары да, қиыншылықтары да алда. Бірақ мына жалған өмірде олардың бір сәтке болсын бақытты болуы, күлімдегендері мен үшін естен кетпес бақытты сәттер болып қалады!
Қанаттарың талмасын сүйкімді де ерекше 8 «штук» қыздарым! «Қызға қырық үйден тыйым салу» дегеніміз — барлық нәрсеге тыйым деп шектеулік қойып қана қоймай, ана мен әкенің мейірімі мен алақаны арқылы тәрбиенің негізін қалау. Қыздарымыздың көз жасы көл болмасын десеңіз, ата-анамыз көрсеткен тура жолды қыздарымызға да нұсқап көрсете білсек деген тілек бар.
Әрі қарай