11.09.2001

Енді 5 күннен соң әйгілі 11-қыркүйек оқиғасының орын алғанына 10 жыл толады. Аль-Каида ұйымына мүше 19 террорист сол күні АҚШ әуе қызметінің 4 ұшағын басып алады. Оның екеуі әлемдік сауда ғимаратына соқтығысады. Соның нәтижесінде ғимарат түгелдей дерлік құлайды. Ал, өзге бір ұшақ пентагонға құласа, енді бірін жолаушылар террористер қолынан тартып алады. Ол ұшақ Шенксвилл қаласының маңайына құлаған екен. АҚШ үкіметі алдағы уақытта 10 жылдығын атап өту мақсатында террористер іс-әрекеті тағы қайталануы мүмкін екендігін жоққа шығармайды
Террористік акт салдарынан 2977 бейбіт тұрғын қайтыс болады. 24 адам әлі күнге іс-түссіз жоғалғандар сапында.
Әрі қарай

Қазақстандық қайғы террорист ұшақты Ливияға бұрғысы келді



Парижден Римге ұшып бара жатқан итальяндық Alitalia компаниясының ұшағын 48 жасар Валерий Толмачев Ливияға бұрғысы келген. Стюардессаның мойнына тырнақ егеуін тақаған ол ұшақтың экипажы отырған жерге барғысы келмеген басында. Бірақ, ұшақ пилоттары дер кезінде оның қолын қайырып үлгерген деп хабарлайды BBC.
Ұшақ Рим әуежайына аман-есен қонып, қайғы террорист тәртіп сақшыларына тапсырылған. Әзірге расталмаған ақпарат бойынша Толмачев ЮНЕСКО-ның Қазақстан өкілдігінің кеңесшісі қызметін атқарған екен.
Әрі қарай