Бекхэм. Телефон. 80 метр.

Соңғы күндерде футболсүйерлер арасында танымал болып тұрған 3 видеомен бөліскім келіп тұр.


Калифорния пляждарында Бекхэм Pepsi үшін доппен бір трюк істейді. Алыста тұрған 3 бөшкеге доптарды дәл түсіреді.
Әрі қарай

"Уикиликс" Тыңдалған телефон

Wikileaks сияқты «зайырлы» өсектің ордасында осы аптада мынадай өсек шығыпты дейді қағылез Интернетшілер. Өткен айда көрші елдердің баспасөзінде Қазақстан Коммунистік Партиясының серкесі Козлов пен Аустрияның үлгілі бюргері Рахат Әлиевтің телефон арқылы әңгімесі жария болды. Сол күйі Интернетке «сливать» етілген «құнды» әңгіме іле-шала із-түссіз жойылып кеткен (орыс, ағылшын тілдерінен аударылып беріліп отыр.
Әрі қарай

Жол полициясы 7560 (7000) теңгемді қалай қайтарып берді?

Бұл өзі жыл басында болған оқиға. Tuspalsoz-ді жүргізуші Мұрат Есжан Қазақстан бойынша бір айға жуық сапары кезінде өз көлігін маған уақытша жүргізуге беріп кеткен еді. Әдеттегідей, өз шаруаларыммен Астананың әсем көшелерінің бірінде көлікпен жүйіткіп келе жатып, жүргінші жолын кесіп өткенде, жол полициясы тоқтатты. Негізгі айыбым: жаяу жүргінші өтпесінен жүргіншілерді өткізбегенім екен. Оқиға осылай басталды.Жалғасы...
Әрі қарай

Кішкентай қызықтарымыз

Блог - omarbirat: Кішкентай қызықтарымыз

«Екі күннен бері...» деген жазбадағы оқиғалар кезінде болған нәрселер:

***
Сенбі күні ай сайынғы әдетім бойынша ұлымды ертіп шаштаразға бардым. Алдымен Әлиді отырғыздым. Шашын алып жатқан кезде, қайта-қайта алдына түскен шашты қағып тастап, оЧм тыныш отырмады. Қайта-қайта «Тыныш отыр» деумен болдым.
Кезек маған келгенде ары-бері шапқылап жүрген. Екі-үш рет келіп, менің алдымдағы шашты қағып тастап өзінше мәз. Шашымды алып бола бергенде әйтеуір орындыққа барып отырды. «Еее, бағанадан бері жыбырламай, өстіп тыныш отырмай ма» деп қоям. Шашты алып болғаннан кейін қарасам, батырым ұйқыны соғып отыр :))

Әрі қарай

Көне телефон


Майқұдықтан қырық шақырымдай жердегі Қушоқы елді мекеніне осымен 3-ші рет табаным тиіді. Алғашқысында аласапыран заманда адасып қалған атамның туған інісін іздеп бардым. Одан кейін сол кісінің қайтыс болуына байланысты және кейінгі жолы (қаңтардың 22-сі,2011ж.) сол кісінің қырқына байланысты. Айтпағым бұл емес еді негізі. Қушоқы елді мекені басқа ауылдардан қазақ-орысы араласып кеткенімен ерекшеленбесе, басқадай ерекшеліктер байқай алмадым. Ағамыздың (әкеміз десекте болғандай) қырқын өткізіп жатқан асханада көне телефонға көзім түсті.
Әрі қарай

Жарнамалық үзіліс

Блог ашып алып, не жазарымды білмей жүрмін. Әзірге жарнама көре тұрыңдар :)
Қытайға арнап шығарылған Nokia N96 смартфонының жарнамасы:



Мынау — екінші бөлімі:

Әрі қарай