Кибер-айтыстың екінші жұбы

Кибер-айтыстың екінші жұбын @a63a1 мен @meirzhan құрады. Көпбалалы болған бір балалы болғаннан жақсы! деп айтысқан @a63a1 алғашқы сөзінде бүйдепті:
Ия жақсығой, Әйелім шыдап берсе бытырлатайын деген ой бізде де бар. Оны бұйыртса көре жатармыз. Дегенмен еліктеп елпініп жүрген ініңнің болғанына не жетсін, еркелеп аға дейтін қырмызы қарындасыңның болғанына не жетсін, еркелетіп айналған әпкеңнің болғанына не жетсін, алдыңа қарап бой түзер, қиында қамқоршы болар, қарсы желге қасқайып тұрып ығына алар ағаңның болғанына не жетсін. Жаманыңды жасырған, жақсыңды асырған баурларыңның болғанына не жетсін. Бордай тозып, тарыдай шашылған кейбір ағайындар да бар оны айтпай кете алмаспыз, бірақ ағайынның азары болса да, безері болмайды жеме-жемге келгенде сол ағайындар бір-біріне көмек беріп жатқанында көрген көзғой мынау. Туғаны жоқ «тұл» тұлға, эгоизмге "құл" тұлға.
Әрі қарай