Рахат Палас - пресс турдан бір жазба
Отельдің оныншы қабатынан төменге көз салсаң, осындай әдемі көрініске тап боласың. Рахат Палас деген Қазақстанда ғана емес, Орта Азияда алғашқы ашылған бес жұлдызды қонақ үй екенін, тек осы Пресс Турда білдім)).
Алайда, интернеттен қарап, бұл қонақ үй мен оның қызметі жайлы қазақ, орыс, тіпті ағылшын тілнде де мардымды мағлұмат таба алмадым. Сондықтан да, бұл Пресс турдан көрген-білгенім мен аз-маз жаңалық болды.
Мынау холлға 2500 дей адам еркін сыяды екен. Мұнда залды үшке бөліп, бір мезетте үш конференция өткізуге болады. Сондай-ақ, сән-салатанатты қатты ұнататын қазақтар үшін, мұнда көлік көтеретін арнайы лифт бар.
Үйлену тойында той залына лимузинмен кіргісі келетін жастар үшін, таптырмайтын мүмкіндік. Бұл холлды жалдау бағасы 1 миллион тенге. «Біздің деңгейіміздегі өзге қонақүйлерге қарағанда, біздің бағамыз арзан»,- дейді, қонақ үй мамандары.
Бір қызығы тіпті президенттік нөмірдің өзінде де ескілеу теледидар тұр. Ал, газет-журналдар халықаралық қонақ үйде қазақша болмайтыны түсінікті сияқты.
Мынау тренажер залы мен бассейн. Маған ұнағаны да осы болды. Сосын, сауна да бар екен.
Бізді ертіп жүрген Жанна, ал артымызда алып люстра. Жанбай тұрғанының өзінде осындай әдемі, Оның жанғанын көру үшін,
арнайы пресс турға тағы бару керек шығар)).
Қысқасы бұл туризмнен гөрі, бизнес мақсатқа арналған қонақ үй екен. Сондықтан ең арзан деген стандарт нөмірлерінің өзі тәулігіне, елу мыңның айналасында.
Алайда, елу мың деген тек біз үшін, қымбат көрінетін шығар. Өйткені мұнда ірі компаниялардың шетелден шақыртылған мамандары тұратын көрінеді.
Президенттік нөмірдің терассасынан осындай әдемі көрініске куә боласыздар. Жалпы, бұл пресс-турдан демалып қайттым)!