"Оразаны қалай тұтады?"


Ораза ұстау тәртібі

1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед) «Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» де. (Әнфал, 8/38)

2. Балиғат жасында болуы және ақыл-есі түзу болу: Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас адамға ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жатған адамға» (Бухари, Талақ, 11; Әбу Дәәуд, Худуд, 17). Яғни, сана аса маңызды. Аллаһтың әмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа кірген кезден оразаға күші жететін қыз бала мен ер балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат — балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза парыз емес. Ақылы орнына келсе, қазасы өтелмейді.

3. Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу: Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ ораза ұстаса, оразасы дұрыс. Ал ораза ұстамаса, басқа күндері оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін» (Бақара, 2/184). Кәрілік жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға ораза парыз емес. Сонымен қатар хайыз, нифас кезіндегі әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиюі ықтимал екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз емес. Кәрі адамдар ораза орнына пидия береді. Олар оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, жолаушы саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған күндерінің қазасын өтейді.

ОРАЗА ДҰҒАЛАРЫ

Ауыз бекіту дұғасы:
Нәуайту ән асума саума шаһра рамадана минал фажри иләл мағриби халисан лилләһи таъала. Аллаһу акбар!
Қазақша мағынасы: Аллаһтың разылығы үшін таң білінгеннен күн батқанға дейін рамазан айының оразасын ұстауды ниет еттім.
Ауыз ашу дұғасы:
Аллаһумма ләкә сумту уә бикә әмәнту уә ъаләйкә тәуәккәлту әу ъала ризқикә афтарту фағфирли зунуби ма қаддамту уа мә аххарту. Аллаһу акбар!
Қазақша мағынасы: Аллаһым! Сен үшін ораза тұттым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сенің берген ризығыңмен ауыз аштым. Уа кешірімді Аллаһым! Менің әуелгі және кейінгі күнәларымды кешіре гөр…

Жиі кездесетін сұрақтар мен жауаптарды dintube.ru сілтемесі бойынша таба аласыздар.

✨✨✨ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР✨✨✨

Вк (негізгі топ): vk.com/juregimde
Вк (әйелдер форумы): vk.com/juregimde1
Вк (ораза 2016): vk.com/juregimde_oraza
Твиттер: twitter.com/juregimde
Инстаграм: instagram.com/zhuregimde
Әрі қарай

Бұл айда "шайтан азғырып кетті" деген сылтаулар өтпейді...

Құрметті бауырлар, достар! Айлардың қасиеттісі ‪‎Рамазан‬ да келіп жетті. Бұл айда «шайтан азғырып кетті» деген сияқты сылтаулар өтпейді. ‪Себебі барлығы кісенделіп, тозақтың есігі жабылып, жұмақтың есігі айқара ашылады. ‎Ораза‬ ұстау деген тек қана тамақ, су ішпеу емес қой. Шамамыз келгенше жаман әдеттен, өсектен, ғайбат сөзден тыйылайық. Рамазан айын көзімізді, аузымызды, құлағымызды, қолымызды, аяғымызды тыюмен өткерейік. Мейлінше көп сауап жинап қалуға тырысайық. Қыздар қауымы болсын, ұлдар болсын әлеуметтік желілерге тек жақсы сөз жазып, тек салиқалы сурет салайық.
Көшеге «Рамазан айы құтты болсын» деген баннер тұрмақ, еліміз оразаның кестсесін де ұмытып қалған кездер болған. Бір ауылда тұрып «айт» әр көшеде әр қалай басталып жататын. Намаз оқитындарын ашық айта алмайтын да кезең болды. Ал қазір, Қарағандының көшелерінен осындай әлеуметтік жарнамаларды көргенде ішің жылып, қуанады екенсің. Еріксіз Аллаға шүкір дейсің. Ең бастысы Еліміз, Елбасымыз, туған-туыс, ата-анамыз аман болсын! Рамазан айында жинаған сауаптың жемісін көруге жазсын. Ораза ұстамағандарға нәсіп етсін, ұстағандарға жеңілдік берсін.
Барша мұсылман қауымына жайлы ораза тіледім! Қабыл болсын!
Блог - ErzhanKhamitov: Бұл айда шайтан азғырып кетті деген сылтаулар өтпейді...
Әрі қарай

Ұлы сапар

Сіз өзіңізше алдағы аптаңызға немесе демалыс күніңізге тамаша жоспар құрдыңыз делік. Сол жоспарыңызды әкеңіз « Төрт күннен соң жолға шығамыз. Дайындал.» деп, сізбен келіспестен сыртыңыздан шешім шығарып бұзса не істер едіңіз? Әрине, бұлқан-талқан болып ашуланарыңыз кәдік. Қанша жерден ер-тоқымыңызды бауырыңызға алып тулағанмен әкеңіздің сөзі сіз үшін заң. Түптің-түбі келісесіз. Әкеңізбен сапарға аттанасыз. Бірақ, жолдың біраз бөлігінде томаға-тұйық отырып, әкеңізге қыр көрсетуіңіз де мүмкін. Бәлкім ол әрекетіңіз заңды да болар?
Міне, біздің кейіпкеріміз дәл осындай оқиғаға тап болады. Бірақ, ол жоспарын тек ойнап-күлуге ғана емес, оқуға құжат тапсырып, емтихан тапсыратын күнін күтіп жүрген болатын. Лицейді аяқтап, енді одан әрі білім алсам деген ниетпен оқуға бір мәрте түсе алмай қалған 20 жасар жас жігіт, өзінің емтихан тапсырып, оқуға түскен сәтін талай мәрте ойша қиялдаған да болар? Ұлының осындай ұлы арманын күл-парша еткен қандай әке, ол неткен сапар деп отырған боларсыз? Бұл ұлы сапар әкенің де о бастағы арманы болса ше? Бұл өтініш әлде бұйрық бір аяғы жерде, бір аяғы төрде тұрған қарт әкенің соңғы тілегі, өзін алдыға жетелеген арманына деген соңғы ұмтылыс болса ше? Онда, көрер қызығы алда деп саналатын жас жігіттің өз арманын әкесінің арманынан жоғары қоюға қақысы бар ма?
Реданың басына түскен сәтсіздіктің барлығы ағасының ішіп алып көлік айдау куәлігінен айрылып қалуынан басталғандай ма қалай өзі? Әйтпесе, әкесі баласының буынсыз жеріне пышақ салмауы тиіс еді. Енді міне, Францияның оңтүстігіндегі шағын қалашықта өмір сүріп жатқан Реда әкесін Меккеге ағасының ескі «Пежосымен» апаруы керек. Түскелі тұрған оқуын, сүйген қызын тастап Реда байғұс қыңыр шалдың айдауымен кетеді. Өз айтқанын орындататын осынау тік мінезді шал маған қазақ шалдарының, далалықтардың әкелік образының жиынтығы болып көрінді.
Әбіләкімнің  ауылы: Ұлы сапарФранцуздар мен Мароккалықтар 2004 жылы түсірген осынау «Ұлы сапар» («Үлкен саяхат» деп аударғым келмеді. Фильмнің орысша аудармасы «Большое путешествие») фильмі адамды өзіне баурап алады. Бір қарағанда, тым қарапайым, шұбалаңқы көрінген сюжетті фильмен керемет әсер аламын деп ойламайсыз. Көбіміз жарқыл-жұрқылды оқиғалар, шартпа-шұрт төбелесті, қым-қиғаш тірліктер көрсетілген жеңіл фильмдерді жиі көреміз. Адамды ойға жетелейтін, айтары бар кино көргіңіз келсе осы туындыны тамашалаңыз.
Әр мұсылманның асыл арманы Меккеге бару, сол жаққа қажылық сапарға аттану әрине ұлы сапар болып есептеледі. Бірақ, бұл фильмнен одан бөлек екі заман адамының, екі буын өкілінің бір-бірініңі әлеміне, ішкі жан-дүниесіне сапарды аңғаруға болады. Ұзақ сапар баланың әкені ұғуына, оның өмір салтын түсінуіне, өзінің қателіктерінен сабақ алуға үйретеді. Өзін бір адамдай білгішпін деген жас жігіт хат танымайтын әкесінің сұңғылалығына бара-бара тәнті бола бастайды. Өмір атты ұлы сапарда ақ пен қараның қатар жүретініне, жақсы ададар мен жаман адамдардың барлық ұлтқа тән екеніне осы кино арқылы тағы бір көз жеткізтуге болады.
1962 жылы дүниеге келген, сценарист, режиссер Исмаил (Исмаэль) Феррухидің шығармашылығымен мүлдем таныс емес екенмін. Мен, жалпы «Ана режиссер жаңа туынды шығарыпты» деп шарқ ұрып, іздеп жүріп сол киноны көретін жандардан емеспін. Омарбраттың жолымен торрентке шыққанын, онлайнға іліккенін көріп жүре беретін жанмын. Бірақ, осынау киноны мен осыдан екі-үш жыл бұрын еліміздің бір телеарналарынан көріп қалған болатынмын. Көрілген соң ұмытылып қалатын фильм бұл емес. Бірақ, дәл сол кезде мен бұл фильмнің режиссеріне мән бермеген едім. Блогиада аясындағы осынау тақырып бұл киноны тағы бір шолып өтуіме мұрындық болды. Сондай-ақ, режиссердің қолынан шыққан басқа да дүниелер көруге тұрарлық секілді. Секілді деймін-ау, уақыт тауып, көретініме бек сенімдімін.
Айтпақшы, керемет кинотуынды түсіріп шығу үшін көп дүние қажет емес секілді. Жақсы сценарий, рөлдерді сомдайтын екі-үш адам, бір оператор камерасымен және 1990-91 жылғы универсал «Пежо» не болмасса «Пассат» та жарай береді.
Әрі қарай

Менің алғашқы оразам

Әлі есімде 8-ші сынып болатын. Ол кезде ондай дүниелерді түсінбейтінмін. Парыз деген не, ораза туралы, ол қалай орындалады?!.. Дым түсінбейтінмін. Тіпті, ол жайлы ойламайтынмын. Ол кезде негізі барлық бала оразаны ескермейтін.

Бір күні қалада оқитын егізім хабарласты: «Сико, бүгін кешке ораза дейтін басталайын деп жатыр екенғо. Оны ұстағандарды жұрттар үйіне шәйға шақырады екен. Рақат қой. Шәй ішесің. Құрт жейсің. Ұстаймызба?!» деді. Әлгінің сөзінен кейін, оның үстіне құртты айтқасын «давай» деп келісе кеттім.

Біздің ауылда Самат деген бай кісі тұратын. Анау-мынау адамның қолынан келмейтін бизнесі бар. Этаж үй жалғыз соның басында. Үйінің сырты әдемі. Шарбағында күшті-күшті гүлдер өсетін. Дизайн, әсемдікке қызығатын мен, оның үйінің ішін қатты көргім келетін. Сол үйге кіру арманым еді. Сөйтіп, «Самат ағайда шақырады» деп ораза ұстамақ болдым.

Кестесін тауып алдым. Уақыттарын білдім. Таңда 4.00 де ауыз бекіту керек екен. Күні бойы ойнап, одан қалса қораның төбесінде «концерт» қойып, шаршап, сеспей қатып, ұйықтап қалыппын. Манағы ауыз бекітуімді ұмытып кетіппін. Жазда ауыл сәкіде далада жатады. Таңғы 5.00 дегі әтештің айқайынан оянып, ораза ұстайтыным есіме түсіп, жүгіріп барып құрмамен ауыз бекіттім. Өлгенше су ішіп алдым. Шөлдемейін деп.

Енді, қырсық. Ертеңіне қойкезек. Біздің үйдің кезегіне кеп тұр екен. Әжем ұрысып жүр: «Қайдағыны қайдан шығарады осы қыз» деп. Жаныма суын байлап, нанымды беріп, атам койкезекке шығарып салды. Өзімше тырыстым. Оразамды бұзбауға. Ешкім көріп тұрған жоқ қой деп анда-санда судан жұтып қоямын. Су ішпеуім керек деп тежеп қоям. Ондағы ойым «жұрттың шәйі» еді. Кешке келдім тілім салақтап. Содан әбден зорығып, мұрнымнан қан кетіп, 3 күн ауырдым.

Осылай ұстаған оразам быт-шыт болды. Балалықпен істеген осы ісімді Аллам өзі кешірсін. Келесі жылы дұрыстап ұстадым. Міне, сол үрдіспен бұйырса биыл да ұстаймын! Қолымыздан келетін мұсылманның бес парызының бірін өтей алатынымды үйдегілер де түсінді. Мен де сауабы мол Рамазан айының қадірін енді түсініп жатырмын.

Пы.Сы: Әлгі үйден ақыры шәй іше алмадым. Бірақ, толық түсініп ұстаған жылы (10 сынып болу керек ) шақырды.Блог - Sikosha: Менің алғашқы оразам
Әрі қарай

Күнә істеп жүрген адамның оразасы

Рамазан - қасиетті ай...: Күнә істеп жүрген адамның оразасы
Сұрақ: Кейбір адамдар «Намаз оқымайтын, ішкілік ішетін, орамалсыз ашық-шашық жүретін немесе басқа күнәларды істеп жүрген адам босқа ораза ұстамау керек» деп жатады. Бұл сөз дұрыс па?

Жауап: Жоқ, дінге қайшы. Бірнеше күнә істеген адамның басқа күнәларды да істеуі қажет емес. Әрі ораза тұтып, әрі күнә істейтін адам, ораза ұстау арқылы берілетін үлкен сауапқа жете алмайды, бірақ ахиретте неге ораза ұстамадың деп есепке тартылмайды. Ораза парызын өтеген болады, тіпті оразаның берекетімен басқа күнәлардан да сақтану мүмкіндігі болады.

Имам Раббани хазреттері былай деген:

«Бүкіл күнәларға тәубе етіп барлығынан сақтану үлкен ниғмет. Бұл нәрсе орындалмаса, еш болмағанда кейбір күнәларға тәубе ету де ниғмет болып табылады. Бұлардың берекетімен бәлкім бүкіл күнәларға тәубе ету нәсіп болады. «Бір нәрсені толығымен орындай алмаған адамның ең болмағанда барлығынан да айрылып қалмауы керек» деген қағида бар.» (2/66)
Әрі қарай

Рамазан құрмасының пайдалары

Рамазан айының атрибуттарының бірі — құрма. Ал осы Рамазан құрмасының пайдаларын білесіз бе?

Рамазан - қасиетті ай...: Рамазан құрмасының пайдалары

Құрамы:
— Көмірсулар (60—65 %) — басқа жемістермен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш.
— Майлылығы (0,2—0,5 %).
— 15 түрлі пайдалы тұз және минералдар бар (темір, мыс, магний, мырыш, марганец, калий, фосфор, кадмий, натрий, алюминий, кобальт, күкірт, бор).
Әрі қарай

Рамазанда жұрттың көзінше тамақ жеу



Сұрақ: Рамазанда «Аллаһтан жасырмағанды құлдан жасырамын ба» деп ашықтан-ашық ішіп-жейтіндер кездесіп жатады. Ораза тұтқандардың көзінше бірдеңе шайнап отыру күнә емес пе?

Жауап: Рамазанда өзгелер көретін жерде ішіп-жеген кісілер күнә істеген болады. Күнәны ашық түрде де, жасырын түрде де істеу жаиз емес. Бірақ нәпсіне, шайтанға еріп күнә істеген адам күнәсын жасыру керек! Күнәны жасыру бірнеше тұрғыдан пайдалы:

1) Егер күнәларымыз мәлім болмаса қуану керек! Равббымыз: «Күнәны жасырыңдар» деп бұйырған. Сүйікті пайғамбарымыз да былай деген:
Әрі қарай

Ораза - тек ауыз бекіту емес...

Аллаһу та'ала иман келтіргендерге жылына бір рет рамазан айында ораза ұстауды әмір еткен. Хақ та’ала бұл әмірді себепсіз бермеген. Ораза адамдарға әрі материалды, әрі рухани пайда беруде. Бір жыл бойы түрлі тағамдарды қорту үшін шаршаған адамның асқазаны және ішектері жылына бір рет демалып, өзінің саулығын сақтаған болады. Бұл – физикалық жағынан беретін пайдасы.

Рухани пайдасы болса – ораза ұстаған адам, аш қалған адамның тартқан азабын, өз басымен сезіп, кедейлерге көмек беру керек екенін сезінеді. Бұл адамдардың бір-біріне көмектесулеріне себеп болады. Бір-біріне көмектесетін адамдардың қоғамында қақтығыстар болмайды.

Сонымен қатар Аллаһу та'аланың әмірін орындау үшін күндіз бір ай ораза ұстаған мұсылман, Аллаһу та'аланың басқа да әмірлерін орындауды әдетіне айналдырады және басқа әмірлерін орындау қабілеті пайда болады.

Ораза ұстаған адамның тек асқазанын демалдыруды, диета ұстауды көздеуі оразаның
Әрі қарай

Оразаның денсаулыққа зияны бар ма?

Ораза тұту денсаулыққа зиянды емес, керісінше өте пайдалы. Өйткені Аллаһу та’ала құлына зиянды нәрсе әмір етпейді. Пайғамбарымыз да «Ораза тұтыңдар, денсаулыққа қауышыңдар» деп бұйырған.
Ораза тұту асқазан мазасыздығына себеп болмайды, керісінше асқазанның саулығы үшін өте пайдалы. Бұл жайт бүгінгі медицина мамандары тарапынан анық, айқын түрде дәлелденген. Қаншама шетел тілінде маман дәрігерлер тарапынан жазылған кітаптарда көптеген аурулардың диета сақтаумен емделетіні немесе диета арқылы емнің тез жүретіні білдірілуде.
Ораза – бір жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеген асқазанмен бүкіл ас қорыту жүйелерінің дем алуы және адам денесінің тазаруы деген сөз.
Адамдарда өте жиі кездесетін індет асқазан және ішек аурулары. Ал бұл жағдай семіру, жүрек және тамыр ауруларына, қант диабетіне және қан қысымының жоғарылауына себеп болуда. Ораза бүкіл бұл аурулардың алдын алушысы болумен қатар емнің көзі болып табылады. Бүгін көптеген аурулардан құтылу үшін диета сақтау керектігін дәрігерлер білдіруде.
Әрі қарай

Рамазан айы жақындады...

Міне, қасиетті Рамазан айы да жақындап қалды. Басталуына санаулы-ақ күн қалған Рамазан айын құрметтеуіміз керек. Құрметтеу үшін Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануымыз қажет. Ораза тұтып, ғайбат жасаған, жалған сөйлеген, ренжіткен, харамдардан сақтанбаған адам рамазан айын құрметтемеген болып саналады.
Аллаһу та'ала иман еткендерге жылына бір рет рамазан айында ораза ұстауды әмір еткен. Хақ та’ала бұл әмірді себепсіз бермеген. Ораза адамдарға әрі материалды, әрі рухани пайда беруде. Бір жыл бойы түрлі тағамдарды қорту үшін шаршаған адамның асқазаны және ішектері жылына бір рет демалып, өзінің саулығын сақтаған болады. Бұл – физикалық жағынан беретін пайдасы.
Рухани пайдасы болса – ораза ұстаған адам, аш қалған адамның тартқан азабын, өз басымен сезіп, кедейлерге көмек беру керек екенін сезінеді. Бұл адамдардың бір-біріне көмектесулеріне себеп болады. Бір-біріне көмектесетін адамдардың қоғамында қақтығыстар болмайды.
Әрі қарай