Тараздық пікірсайысшылар

Блогқұрылтай үшін Таразға келіп, орналасқан күннен бастап хабарласқан тараздықтар жайлы жазғым келді. Олар – Тараздың белсенді жастары, пікірсайысшылары. Олардың жете таныс болмаса да, хабарласып, Тараз қаласын аралатып, жағдайымызды сұрап, қасымызда жүргендігі олар туралы жазуға итермеледі. Сіздерге баршаға белгілі Тараз қаласының тарихы мен тарихи жерлері туралы жаза бермей, көпшілікке беймәлім пікірсайысы мен пікірсайысшыларын таныстыратын боламын.

ПІКІРСАЙЫС ОРТАЛЫҒЫ

Осыдан 6 жыл бұрын, 2010 жылы барлық Жамбыл облыстық пікірсайысшыларды жинаған «Еркін пікір» Жамбыл облыстық пікірсайыс орталығы құрылған. Әкімшілікпен тікелей байланыста болып, пікірсайысты дамыту жұмыстарымен айналысуда. Облыс әкімдінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар арасында пікірсайыс ойындарын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасын ұтып алған. Жастар арасында пікірсайыс ойынын насихаттау мақсатында кездесулер, семинар, тренингтер мен оқыту курстарын өткізумен айналысады. Облыстың барлық аудандары мен Тараз қаласында шешендік өнерге баулу мақсатында семинарлар мен жергілікті іріктеу турнирлерін өткізеді.

Блог - botakoz: Тараздық пікірсайысшылар

ТАРАЗ ПІКІРСАЙЫСШЫЛАРЫ

Пікірсайыста аға буын, орта буын, жас буын деген ұғымдар бар. Бұл ұрпақтар сабақтастығы десе де болады. Өзінен кейінгі буындарға үйретіп, жол көрсететін, өз орнын қалыптастыра білген тараздық аға буын пікірсайысшыларының алдыңғы қатарлы үштігімен таныстыру:

  1. 1991 жылы дүниеге келген Ернұр Мадияров 6-сыныптан бастап пікірсайыс ойындарын ойнаған. Мектеп лигасында көптеген жетістікке жетіп, колледжде студенттік лигада ойнай бастайды. Жамбыл облысының абсолют чемпионы болып табылады. «Нұр Отан» партиясының кубогына арналған турнирдің 2 рет финалисті болған және 2014 жылы чемпионы атанып турнирді Тараз қаласына алып келген болатын. Линкольн-Дуглас форматы бойынша да чемпион және мықты ойыншысы. Ерекшелігі – қарсыластың айтқан әрбір сөзіне қарсылық білдіреді. Саяси білімі, логикасы мықты ойыншы қазіргі тараздық ойыншылардың кумирі болып табылады. Қазіргі таңда Байзақ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» мекемесінің директоры болып қызмет атқарады.

Блог - botakoz: Тараздық пікірсайысшылар

    2. Келесі тараздықтардың үлгі тұтар ағалары – Әлімжан Шырынбеков. Республикалық турнирлардың бірнеше дүркін жеңімпазы Әлімжан мырза Линкольн-Дуглас форматының шебері. Қызылорда қаласының турнирында АПФ(Америкалық парламенттік формат) форматында да, ЛД форматында да, фан дебатта да чемпион атанған. Өзіндік стилі бар Әлімжан мырзаның ерекшелігі – фан дебатының патшасы. Қазіргі уақытта пікірсайыстан алыстаған.

    3. Аға буындар үштігін аяқтайтын – Серікбол Берікқожа.
    Тараздағы барлық клубтың басын қосушы ұйым Еркін Пікірдің негізін қалаушы. Республиканы толық мойындатқан өте білімді ойынша "Құбыжық" деген лақап атқа ие болған. Қəзіргі таңда маслихат депутаты. Өте мықты дебатер, ұйымдастырушы, «ЖаңаРУ» жастар коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, заң ғылымдарының магистрі.

    Блог - botakoz: Тараздық пікірсайысшыларОсы мықты тараздық пікірсайысшылардың ізін жалғастырушы, қазіргі пікірсайыс ортасында есімдері таныс ойыншылар қатарына кезінде «Еркін пікірді» басқарған Асхат Олжабаевты, қазіргі «Еркін Пікірдің» басшысы Ақнұр Сәрсенбекті, Дулат Тұрсыналы, Сағат Жаналиев секілді ойыншыларды атауға болады.Блог - botakoz: Тараздық пікірсайысшылар
    ФОРМАТ
    Формат барлық жердегідей АПФ (Америкалық парламенттік формат) форматы бойынша амандасудан қорытынды немесе нəтижеге дейін толық сақталу керек. Ерекшеліктері:
    • Философия соңында емес, міндетті түрде дефиницадан кейін айтылуы тиіс, болмаса жоқ деп есептеледі.
    • Тек қана идея жеткіліксіз, аргументте факт болу міндетті.
    • Үшінші сұрақты қабылдау міндетті
    Сіздерге тараздықтар, оның ішінде пікірсайысшы жастары туралы кішкене болса да ақпарат бере алдым деп ойлаймын. Оқығандарыңыз үшін рақмет! Толықтыруларыңыз бен пікірлеріңізді күтемін!))
Әрі қарай