Оралмандар диалогы

Блог - Ereimen: Оралмандар диалогы — Виза бермей сенделтсе нетер едің?
Отаныма түбі бір жетер едім.
— Сөйле десе орысша нетер едің?
Жерге қарап өтірік жөтелемін.
— Қашқынсыңдар десе егер нетер едің?
шын тарихтан сөз қозғап өтер едім.
— Оралман деп кемсітсе нетер едің?
-Қойшы, сәулем, барін де көтеремін!!! әлеуметтің желіден
Әрі қарай

Көзі соқыр оралман

Көзі соқыр оралман
2005 жылы Өзбекстан Республикасынан ата жұрты Қазақстан Республикасына оралған ұлты қазақ Яссаков Динмамет Раджапұлы күні бүгінгі дейін яғни 2012 жылдың өзінде Қ.Р азаматтығын ала алмай жүр. Оған себеп жергілікті органдардың сауатсыздығы деп сенімді түрде айта аламын.
Азаматтықты ала алмаған себептері:
(Түсінікті әрі көңіл аударарлық болуы үшін осылай бөліп жаздым)
• Ең әуелі Өзбекстан елінен Қ.Р-нің Қостанай облысының Жетіқара ауданына көшіп барған. Ол жерден жергілікті тіркеуде болмадың деп одан қалды көлемді ақша талап етіп азаматтыққа деген өтініштерін қабылдамай қойыпты. (сіра заң білмейтінін біліп осылай істесе керек)
• Жетіқарадан Оңтүсік Қазақстан аумағы Шу елдімекеніне көшіп барған Яссаков Д.Р мырза әлдекімдерге ақша беріп 70-тен асқан анасына азаматтық алып беріп өзіне ала алмай қалған. (Әжеге мемлекеттен берілетін квотада берілмеген ) Ағаның азаматтық ала алмауына себеп Шу қаласындағы көші-қон полициясы Жетіқарадан «Азаматтық алмаған туралы» анықтама алып келуін талап етіп тағы басқада сылтаулармен азаматтық бермей қойған. Негізгі себеп ол кісінің тілінің күрмеліп (сақау) сөйлейтіні себеп болған.
• 2007 жыл Яссаков Д.Р мырза Ақмола облысы Астрахан ауданына келіп әлде бір таныстарынан өтініп жергілікті жерге тіркеуге тұрып сол жердің көші-қон полициясына Қ.Р азаматтығын алу туралы өтінішін жазады. Ол жерден де Қостанай облысынан, Оңтүстік өңірден де азаматтық алмаған туралы анықтама алу туралы талап қойады.( Осы жердің қызметкерлері құжаттарға қажет деп өзі темір теріп ақша тауып жүрген адамнан төрт мың теңге алып алған.) Динмамет мырза аталмыш жерлерге баруға қаражаты жоқ екенін айтып түсіндіреді. Ал жергілікті көші-қон полициясы аталмыш жерлерден анықтаманы өздері әне-міне деп анықтағанша екі жыл жыл өтіп кетеді. Осы кезде Яссаков Д.Р мырза Петровка ауылында «ТОО Гранит» қожалығында қарауыл болып жұмыс атқарды
• Ал 2009 Яссаков Д.Р мырзаның Ө.Р алған поспартының мерзімі бітеді. Ендігі таңда көші-қон полициясы осыны желеу етіп азаматтықты бермей отыр..
• 2010 жылы Яссаков мырзаның екі көзі бірдей көрмей қалуына байланысты жұмыстан босатылады.
• Ал азаматтық туралы ісі сол қалпы хабарсыз қалады. Яссаковтың өзінің құжатының мәселесімен жүруге денсаулығы жарамаған соң жетпістен асқан анасы аудан әкімінің орынбасарына жолығып мән-жәйді түсіндіреді. Орынбасар мырза уәде беріп, әжені арқасынан қағып шығарып салған күйі әлі күнге дейін үнсіз. Ал қартайған әженің қайтып барарлық қауқарыда жоқ.
Міне, елін аңсап, «Ата жұртым» деп келген бауырымыз, осылай азаматтығын ала алмай ақыры көруден қалған көзіне ота жасатуы үшін 40 мың теңге таба алмай үйінде қайғыдан қан жұтып отыр.Айтпақшы, үйді әжей өзі ақша жиып, үй емес, лашық сатып алған.
Осы істі не ауыл әкімі немесе көші-қон полициясы болсын, басқада мемлекеттік мекемелердің істей алмай отырғанына өз басым таңмын. Енді ол кісінің жағдайы не болады,қайда барып күнелтеді ?Әлде қайта Өзбекстан Республикасына кетуі керекпе? Бұған жауап беретін бір тұлға бар ма?
Ағаның өзге туыстары бар. Бірақ анасы екеуін ешкім керек етпей тастап кеткен. Енді бізде ол кісілерді қараусыз қалдыра салайық па? Маған ауылдың әкімі «Қайтесің туыстары керек етпеген адамдарға сенің неменеге басың аурады» дейді. Мен әкімнің бұл сөзінен қарадай ұялдым. Мен осы елдің жергілікті азаматы болсамда ешкімді «оралмансың» деп шектеткен емеспін. Керсінше елімдеп келген қазақтарым үшін жанымды беруге әзірмін.

Бұдан өзге Көкшетау қаласының орталық ауруханасының берген «мүгедектігін растау» жайындағы қағазы бар. Әрі жедел тұрде ота жасату мәселесі бойыншада құжаттар бар.
Әрі қарай

Сіз не дейсіз?

"Қанат қағып еліме оралғанымда!
Неге ғана айналдым оралманына!?!
МЕН де қазақ, СЕН қазақ, БАБАмыз қазақ!!!
Оралмандар өзгеден жаралғаныма!?"!------дегенді оқып, ойлаймын да, Неге оралмандардың жағыдайы нашар? Оларға үкімет тарапынан қандай көмек беріледі, үй береме?, және оларға біздің көз қарасымыз қандай?«Неліктен елім жерім атамекенім деп келген қазақ қандастарды жергілікті халық жек көреді?»-деген пікір бар,
сосын, олар неге оқыған мамандығы бойынша мемлекеттік жұмысқа орналаса алмай жүр?, бәлкім орысша білмегендіктен болар ә?,
мені «оралман екен» деп ойлап қалмаңыздар,,)) тек кейбір адамдармен сөйлескен де өзінің оралман екенін айтып, жалдамалы жумыс, пәтер т, с, с жағыдайын айтып отырады шы,
мынаны сурақ-жауап сайтына жазу керек сяқты ма??
Әрі қарай

Елім-айлап өткен 10 жыл....

Посттың тақырыбы шындыққа жанаспайды, жәй жарнама ғой, Хасан Оралтайдың «Елім-айлап өткен өмір» атты кітабінің аты есіме түскені.
Айтайын дегенім бүгін менің Қазақ топырағына аяқ басқаныма тура 10 жыл толыпты. Әлі есімде сол бір кез… қорғас шегарасының іркілдеген семіз қызметкері бізді өткізбей ақша сұрағаны, одан әупірімдеп өткен соң енді кедергі жоқ шығар деп жүре бергенімізде, алдымызды солдаттар кесті. Беті күнге күйіп мейлінше қарайған екі солдат автобусқа кіріп келіп 500 ден жинағаны бар еді. Атамекенге деген алып ұшқан сезім су сепкендей басылып, көңіліміз түсіп-ақ кеткен еді сонда. Е содан бері жақсылығында көрдік қиындығын да бастан кештік.
Біз алғаш келгенде қандай еді Алматы.
1. үйдің бағасы арзан. 3000-10000 аралығында пәтерлер.
2. Қала тым жұтаң еді.
3. Ақша құнды еді.
4. Оралмандар аз, қадыры бар еді.
Есіме түскендері осы қазірше, Тәуелсіз қазақ мемлекетінің барына мыңда бір шүкір!!!
Әрі қарай

Оралманның арманы.

Өткенде Намыс.кз сайтынан мынадай Атамекенге келіп «арманыма» жеттім атты мақала оқып өзімнің ойымды жазуға ұйғардым.

Моңғолиядан ұстаз, қазақтың ән-күйінің жампозы Бүркітбай дейтін ағай көшіп келді. Бір күні мектепте 3-4 мұғалімнің басы
Әрі қарай

Неліктен солай атаған?

Мені жұртты мазалай қоймайтын, тіпті ойлануға татымайтын ойларда мазалай салады кейде, неге екенін...Қазір менің басымдағы сұр түсті қоймалжың затты мазалап отырған мәселе… оралмандардың мәселесі емес.Сол атажұртын аңсап келген ағайындарымыздың есімдері, яғни қызық есімдері.Бұл сөзімді ол қандастарымыз көңіліне алып ренжи қоймас деген сенімдемін.Бөліп-жарып та отырғаным жоқ.Сонымен есімдерге қайта оралсақ.
1. Елка. Осындай есімді қыздарды кездестіргендеріңіз бар ма? Не мағына береді екен."Іргетастағылардан" сұрап едім мардымды жауап бермеді.
2.Поворот немесе Паварот болар кім білсін… Бұл есімді неліктен дәл осылай қойды екен?
3.Матор-?
Тізе берсең кете береді…
Әрі қарай