Qiwi - интернеттегі жаңа онлайн төлем жүйесі


Бір айдай уақыт болды ОСМП терминалдарының орнына QIWI терминалдары келді. Бұл жүйенің комиссиясы аз және төлем түрлері көп. Сосын бір байқағаным бұл жүйеден өзіңе жеке есеп ашуыңа болады және соған ақша салып, кейін интернет арқылы ол ақшаны қолдануға болады. Qiwi кошелек деп аталады бұл. Алдымен qiwi.ru сайтына тіркелесің өз телефон номеріңмен, сосын SMS арқылы құпиясөз беріледі. Кейін терминал арқылы өз есебіңді толтырасың да ол ақшаны интернетте Webmoney-ге ауыстыруға болады, домен/хостинг, телефонға, интернетке аудару сияқты неше түрлі қызмет түрлеріне қолдануыңа болады.
Бұл жүйе сайт басқарушылар үшін де тиімді. Мысалы сайт қолданушыларынан көмек жинағың келсе, Qiwi-дегі номеріңді бересің, сосын қолданушылар терминал арқылы сол номерге сала қояды.
Әрі қарай