"Аға" деген қандай жағымсыз сөз еді?(жалғасы)

Блог - Pokemon: Аға деген қандай жағымсыз сөз еді?(жалғасы)
Уақыт менің жүрек жарамды емдегендей болып, өмір маған қайта күш қуат беріп сөз айтуға қайта оқталдым. Ответ келді:«Ағамдай көрем». Пфффф:/. Нəғп. Неге? Сүйетінімді айта бердім, айта бердім. Олда əлгі сөзді айта берді, айта берді. Как будто: «копировать» «вставит» қылып жатқан сияқты. "Қойш"- дедім қайтадан. Айта берсең де жексұрын болатын шығарсың. Содан бері ол қызбен əлі сөйлесем, арамыздағы бұрынғы сыйластыққа сызат түскен жоқ. Ол мені ағасындай көрсе де, жауындай көрсе де мен оған оған ендігі күнде қамқор болып өтемін. Барлық жерде оған қолдау көрсетемін. Мейлі ол менің кеудемнен итерсін, бірақ мен оны шын сүйемін. Бірақ «аға» дегені жаман екен. Құлаққа түрпідей тиеді. Үйдегілер аға десе көңіліме сені алып біртүрлі боп қалам. Бір жағынан жазғы каникулда сағынғаным болар. Енді сені мəңгі күтемін — көңілің жібігенше. Мəңгі бақи бақытты етермін-ақ. Енді сені күту ғана қалды.
Уақыт өтіп жатыр. Бір күні ойландым. Бұлай болмайды күтіп жата бергенім. Желі де хатты жаңбырша жаудырып басыңды ауыртып, уақытыңды алғанша бір күні конкретно қып романтикалық сөз салуға бекіндім. Күт мені. Жанымның емі.

Не болғанын, не деп жауап бергенін кейінірек айтып берермін.
Әрі қарай

Сол кездер...

AknietTanirbergenkyzy — ның такси туралы жазбасын оқып есіме түсіп кетті.
Такси демекші мен күйеуіммен таксиде танысқам. Бір күні үш құрбы клубқа бармақшы болып такси тоқтатып тұрмыз, бір уақытта бір такси тоқтады. Опшым, не керек 200 тг апаруға келісті. Бір клубқа бардық жабық, екіншісіне апарды онда орын жоқ, мен алдыда отырмын, екі көзі менде, қайда апар дедік сонда тасып жүрді, ақыр аяғында клубқа кірмей бильярдқа апарып бізбен бильярд ойнап кетті. ))) Сонымен екі құрбымды уйіне апарып тастады, ең соңында мені әкелд, ертеңіне звондап, ресторанға шақырды. Звондағанда мен әшейін қараңғыда әкелді ғой таба алад деймісің деп ойлап, үйді тауып келсең кездесуге шығам дегем, бір кезде звондап тұр, осындай осындай үй, мындай подъездің алдында тұрмын деп.
Сонымен қызық үшін басталған кездесуден кейін мен оған шын ғашық болдым. Айтатын әңгімелерімен, мәдениеттілігімен мені баурап алды.
Демалысым бітті де, Атырауға жұмысыма кетіп қалдым. Сол кездегі билайнның Летние ночи деген тарифына қосылып алып таң атқанша сойлесетін едік, қазір ойлайм сонша не айтатын едік деп)))
Бір жылдан кейін қосылдық. Қазір үш ұлымыз бар Аллаға шүкір!!!
Кейде қыз күнімді армансыз уайым қайғысыз жүрген күндерді сағынып қоям еххх сол күндерім ай деп )))
Әрі қарай

Ол, "Олар", "Үшіншілер"

Блог - Zhan: Ол, Олар, ҮшіншілерБлог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
Ол!
Ол қазіргі жаңа технологияларды жақсы меңгерген. (Компьютер, ұялы байланыстың түр-түрі, планшет, ноутбук, т.б.) Ол өзіне дәл қазіргі таңда не керектігін біледі. Уақытын босқа сарп етпейді, алдына қойған мақсаттарына жұмсай алады. Ылғи да жаңа идеялар тауып, ескінің орнын алмастырып отыруға құштар. Үнемі ізденісте жүреді. Көпшіліктің ойын дөп басады. Әрдайым белсенді, ортасына ұнамды. Негативін жасырып, позитивін жарқырататын жеке тұлға. Ұлы төңкеріс жасау қажет емес, бастысы, еткен еңбегіңнен ләззат ала білу жетістік деп санайды. Ұйымдастырушылық қабілетке ие, соңынан біраз адамды ерте алады, әжептәуір командасы бар. Командаға мүшелер де осал емес, кіл алғырлар. Өзіңізді осы санаттанмын деп танысаңыз, сіз үшін не істейміз? Әрине, қуанамыз да
Блог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
«Олар»
«Олар» ылғи да өзге планетадан келгендей кейіп кешіп жүреді. Бәріне күйіп-пісіп жаны ашиды. Ұлт тағдыры, адам тағдыры, қоғам тағдыры, адамзат һәм қала берді жан-жануарларға дейін жаны ашығыш. Бірақ, қолдарынан келер дәрмен жоқ, тек ыстық эмоцияға бейім тұратындар. Лаулап жанатын «олар» шынтуайтында қаншалықты патриот, қаншалықты ұлтын сүйгіш екенін еш жерден өлшеп көрмеген және өлшеп беретін орын да жоқ. Ол «орынның» жоқтығы да қандай жақсы болған. «Оларды» «Ол» санатына жататындар аса ұната бермейді, «оларға» псевдопатриоттар деп күле де, мүсіркей де қарайды. Өзінің сол топтан емес екеніне кәміл сенімді. Бұлардың да «өз» көсемдері, «беткеұстарлары» бар. Жалауша берсең топ бастайды. Бірақ, «олардың» әлеуметтік эмоциясы қаншалықты сауатты және қаншалықты мән-мағынаға ие? Негізі «оларды» онша ұната бермейтініміз рас, иә?  Өз басым мойындаймын.
Блог - Zhan: Ол, Олар, ҮшіншілерБлог - Zhan: Ол, Олар, ҮшіншілерБлог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
«Үшінші топ»
О, оларға бәрібір. Күн не, түн не, әйтеуір өтіп жатқан уақыт. Тек «үшіншілердің тынышын ешкім алмаса болды. Тойын жасайды, құдалығын аман-есен атқарып, келін түсіріп, шетел асып, сауда жасап, басқа да күйкі шаруалармен басы қатып дегендей… Оған саясатыңның да, ақыл-ойыңның да, әдебиет-мәдениетіңнің де қажеті шамалы. Тіршілік есебі түгел, көк көйлегі бүтін, қарны тоқ болса болды. «Үшіншілерге» анау пәленше деген классик өлді ме, жоқ тіріліп келді ме я болмаса бір алпауыт мемлекеттің басшысына «бірдеңе» болып қалды ма, бәрібір. Бәрібір болмағанда немене, именно сол барып тоқтату, оның да, «Олардың» да, біздің де, жалпы ешкімнің де шаруасы емес. Сонымен, тұжырсақ, «үшіншілердің» ештеңемен шаруасы жоқ. Шаруасы бола қалған күннің өзінде оларға біздер таңырқап қалуымыз мүмкін, «саяси сауаты» ашылып кеткен бе?» деп. Бұл топты кінәлауға менің ешқандай құқым да, қақым да жоқ және өте орынсыз. Мойындау-2.
Блог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
… «Ал, сен өзіңді қай топқа жатқызасың?» — деп сұрағыңыз келіп тұрса, жазғандарымнан жобалай беруіңізге болады. Тапсаңыз әрине хихихи Айтпақшы, әнеубір суретке бола мені сөкпессіздер)))
Әрі қарай

Cырға

“Құран оқытамын, келіңдер”,-деп звондады қайным Қарқаралыдан. Руслан үйдің үлкені, бармаса болмайды. Автобусқа билетті бір күн бұрын алып қойдық. Қарағанды қақап тұр. Аяз қырыққа барған соң, мектептер мен колледждерде сабақ жоқ. Үй азынап кеткен. Жылытқыш қосып, бір бөлмеде қамалып отырмыз. Ертеңгілік күйеуім ұзатылатын қыздай боп ұзақ киінді. “Телефоным”,-деді Руслан кетіп бара жатып. “Қайтейін деп ең, бүгін барып, ертең келесің. Тағы жоғалтпақсың ғой”,-деп сөйлеп қоя бердім. Үндеген жоқ. Ай сайын бір телефон ауыстыратыны өзіне де аян.
Ойымда ештеңе жоқ. Университеттің бітпейтін қағазын басып отырғам. Қайным звондап тұр: “Руслан келді ме?”-дейді. “Келгені нес, сендерге кетті емес пе?-деппін жұлып алғандай. “Жол жабық екен, автобусты Қарағандыға қайтарыпты”. Мәссаған, содан Русланды іздеу басталды. Қалам ұстайды дегендердің бәріне хабарластым. Көрдім, білдім деген адам жоқ. Күні-түні телефонның құлағындамын. Соткасын бермегеніме өкінгенім ай. Бағдат Мүбәрәк “Сол күні автовокзалдан көргем, автобус болмаған соң такси іздеп жүрген”-деді. Қатты састым. Күйеу жоғалттым деп полицияға хабарластым. Полиция қызметкері келіп мынау асүй, мынау жатын бөлме деп үйімді фотоға түсіріп жүр. Ой, Алла-ай, мен күйеуімді Қарқаралыға жібердім десем, мыналар үйімді суретке алғаны несі деп таңғалдым да қойдым. Қоңыр күрте, қара малақай, қара бәтеңке киген адам деп Русланның түрін түстеп жазып алды да кетті.

Энгелсь ауылынан Бекзат деген жолдасы қоңыраулатты. “Аман Ахметжаннан естідім, Руслан жоғалып кетті ме? Қазір мен Қуаныш Медеубайға айтайын, суретін шығарып алып барлық кафе-мафелерді араласын. Вокзалда танысым бар, камерадан қарап береді”. Ішім жылып кеті. Айдалада жатып Русланға алаңдағанына. Сәлемі түзу болғанмен тонның ішкі бауындай араласқан емеспіз.

Русланның әләулайға хәләулай қосып, жоғалып кетуі бір бұл емес. Тек мына көк аяз құтымды қашырды. “Атының сыры иесіне мәлім” деген. Шаруасы біткен жерде жантая кететін әдеті бар. Қалтасында не телефон, не құжаты жоқ. Қарқаралыда қайныммен шамалас жігіт далада қап үсіп өліпті дегенді естігем. Үшінші күн дегенде шыдамадым, ауылдағы екі абысыныма келіңдер деп әлек салдым. Ондағы ойым ауруханаларды аралау. Кешке Қарағандыға шығамыз деді кіші келін. Қайынсыңлімнің күйеуі де осында. Мазасыз шақта Жеңісбек деген досы хабарласты. “Руслан қайда?” “Өзім де таба алмай отырмын.” “Жұбайы сен білмесең, кім біледі”,-деп сызылып тұр қарағым. “Сірә сен білетін болдың ғой”,-десем, иә қазір автобусқа отырғызып тұрмын дегені. “Көлік қатып қалып, осында сүйреп әкеп тастапты.” Уһ деп, жан-жаққа сүйіншілеп хабар жіберіп, қайным, абысыным, күйеу балам бәріміз күтіп алдық. Келген бетте төсекке тұмсығын тірей құлады.

Ертеңінде телефонның шырылынан ояндық. “Қайрат қой, үйіне қонбапты. Үйге шақырдым”,-деді Руслан. Күннің беті бері қарапты. Неше күн бір бөлмеге тығылған балалар кең дәлізге ойыншықтарын шашып тастап асыр салуға кірісті. Энгельстен Бекзат хабарласты. “Саған арнап сырға соқтырып жатырмын, келесі жоғалғаныңда бірден табамыз”,-деді есі шыға күліп.

Тура Русландікінен аумайтын қоңыр күрте киген Қайрат келді. Жұмыс қайда деймін. Жүріп жатыр дейді Қайрат еш саспастан. Екеуі тамақ ішті, ұйықтады, қайта тұрды, өлең оқыды. Кешкілік Қайрат үйіне жиналды. “Басқа жаққа бұрылып кетпейсің бе?”-дедім қадалып. “Жоқ”,-деді Қайрат жазықты жүзбен. Мен шығарып салайын деп лыпылдады Руслан. Бір-бірінен аумайтын қоңыр күрте киген екеу іркес-тіркес боп шықты. Содан бері ет асым уақыт өтті. Руслан жоқ. Қайрат та үйіне жетпепті.
Әрі қарай