Жанкүйердің ішкі толғанысы

Кешегі финалда күмістің қалтада тұрғаны айдай анық болды, өкініштісі сол боксшымыз алдын ала соған мойынсұнғандай көрінді. «Қоланы жаныңды салып аласың, ал күмісті жеңіліп аларсың» деген осы…
Финалдағы Әділбектің көрсеткен "өнеріне" қарапайым жанкүйер ретінде көңілім толмады. Ол мүмкіндігін көрсете алмағандай.
Теледидар алдында телміріп отырғандағы ішкі ойым:
«2 раундтың ұпайын көріп тұрсың, тең түстің, енді 3-ші раундта барыңды сарқып қимылдасайш! Күшіңді, мықтылығыңды, шеберлігіңді не үшін, кім үшін сақтайсың, егер де шешуші сәттерде дүйім жұрттың алдында көрсете алмасың?!
Түуһ, Серік Сапиевтің жеңісі рух беруі тиіс еді ғой. Мына сылбырлығына жол болсын?!
Жә, олай болмағанның өзінде бұл жәй бір кездесу емес, 4 жылда бір келетін Олимпиада ғой, не тосатыны бар, құдай-ау?! Мұндай мүмкіндік күнде бола бермейді ғой! Әрекет жасап қал, Әділбек! Қарсыласқа бірінші қимылдауға мұрсат берме, жолыңды бердің бе ол арқаланып кетеді! Финалға шықтың екен алтын үшін, жеңіс үшін барыңды сал! Аямай соқ, соқ! Қажет пе, шайқас! Өй, көп болса, көзің көгерер — жігітсің шыда! Жарысқа дейінгі төгілген тер мен жұмсалған күштің, кеткен уақыттың садағасы! Тіпті нокдаун болғанның өзінде — тұр қасқайып, тізең дірілдемесін! Күшің сарқылып бара ма, дымыңды білдірме — мысыңмен баса біл қарсыласты! Ол бір соққы жасады ма, ақың кетіп барады — міндетті түрде 2 рет соқ! Сонда ғана ең биік тұғырдан орын аласың! Сонда ғана жеңістің тәтті жасының дәмін татасың! Сонда ғана батыр болып елге ораласың!»
Эх, ойға не келіп не кетпейді, алайда қолда тұрған алтын еді… бір ғана соққы жетпеді...Өкініштісі де сол!

Пы.сы. Олимпаиданың кай медалі болса да үлкен жеңіс, спортшы жемісі деп бағалаймын! Бәрі де құтты болсын!
Әрі қарай