Нөсер

Блог - quatadis: Нөсер

Бұлт торлады аспанды,
Көк жүзінен жас тамды.
Сап тиылып долы жел,
Нөсер жауын басталды.
Көк аспанның күркірі,
Тал-теректі сілкіді.
Адамзатқа – несібе,
Жаздың осы бір күні.

Қара нөсер құйды бір,
Жер-Ананы сүйді нұр.
Ауырсынып тамшыны,
Басын төмен иді гүл.

Ақ күшігім бұғынды,
Үйшігіне тығылды.
Балапандар пана іздеп,
Әрлі-берлі жүгірді.

… Аспан қайта нұрланды,
Шуақ шашты күн нәрлі.
Нөсерден соң дүркіреп,
Әсем гүлдер бүр жарды.

Ауыл да енді ажарлы,
Дала да енді базарлы.
Бақшадағы бар ағаш,
Шаң-тозаңнан тазарды.

Жапырақтан ән құлап,
Бір жаңарып қалды бақ.
Саф ауамен тыныстап,
Дала жатыр балбырап.

Тіршілік те жанданды,
Нұр көмкерді бар маңды.
Жер мен көктің арасы,
Жібек жіппен жалғанды…
Әрі қарай

Нөсер жауын

Жан-жақтан жиналған бұлттар бірден аспанды қаптап жапты. Қоюланған сайын салмақтары артты. Кенеттен бұлттарды от жалынды қамшымен сабап жібергенде сарт-сұрт еткен алып дыбыс шықты, бұлттардан -бұлтарға тиіп жаңғырды. Шайқалған төбеден су төгіле бастады. Дала анық көріністерін жоғалтты. Нағызымен бейуақыт мезет.
Әрі қарай