Жұма күні "Қазақстан" арнасы "Парламент" бағдарламасындамын



Бүгін "Қазақстан" тілшілері келіп, түсіріп кетті. Тақырып сол баяғы мұңайған тақырып, қазақ интернетін дамыту үшін не істеу керек тақырыбы :)

Ертең 18 наурыз 18-30да "Қазақстан" арнасындағы «Парламент» бағдарламасынан көрсетеді. Ертең жолда боламын, мына жерге шығатын шығар деп ойлап отырмын.
Әрі қарай

Аю мен қасқыр нетісіп жатқан ғой

Осы неге жынды әзілдерді тым жұмсартып айтуға тырысқан кезде түк күлкілі емес болады екен ей? Соны біле тұра ондай анекті неге сонша қиналып, жұмсартып айтады?
Базар жоқ кейде жұмсартулар түпнұсқасынан да әсерлі шығып жатады. Мыңның бірінде ғана. Ал көбінесе ондай әрекет адамды мұңайтып жібереді.
Осы жерде ең көп тараған, сіздің ойыңызша әнектерді бұзатын мұңайған боқ евфемизмдерді жаза отырайық…
Әрі қарай