Түнгі елес

Facebook пен Kerekinfoны парақтай отырып, Ол сағат тілінің түнгі 3 ті көрсетіп, сәл минуттардан кейін 4-ті көрсетуге дайындалып тұрғанын байқамай қалды. Сол түнде оның әке-шешелері ауылға кеткен болатын. Кенет… туалеттің суының аққанын естіді. Аяқ-қолы дірілдеп, орнынан әзер тұрды. Сенімсіз қадамдарымен әжетхана жаққа барып, өзіне сенімділік беру үшін военный ағаcының дауысына салып «бұ кім ей, нақ!» деп қалды. Сәлден соң туалеттің есігі ашылып, қараңғыдан алдымен мүйіз көрінді. Одан кейін құйрық пен тұяқ. «Кім болушы еді, мен ғой» деп очки, киген әдетте қорадан шықпайтын сиыр умывальникке қарай Конвиктті ығыстырып өтіп кетті…
Әрі қарай