Тормоздарға сникерсте көмектеспейді

Блог - DinaAbdigalieva: Тормоздарға сникерсте көмектеспейді
Осы алғашқы махаббат бар ма? Жоқ па? Түсінбеймін. Әлі басымнан, өлдім-күйдім дейтіндей сезімдерді өткізбеппін. Өзім майкен жақта тұрамын. Қарағандыны білсең, майқұдық деген жердің бір құтты жері бар. Автобус әрқашан лық толы. Сабағым күнде кешкі сағат алтыларда бітеді. Сол кез көпшілігі жұмыстан қайтатын уақыт. Өзіме үйреншікті 014 автобусымды күтіп тұрмын. «Уф, ах» деп әйтеуір ішіне кіріп кеттім. Сол жерде менімен бір жас жігіт таныса бастады. Есімімді сұраса «айтпаймын» деп қатайып алғанмын. Сондағысы ойымда: "қазір бір жерден түсіп қалады да мені жайыма қалдырады". Үміттеніп келемін. Өмірдің қырсығын айтам, екеуміздің түсер аялдамамыз бір болып шықсын. Амал жоқ. Таныстым. Бір көргеннен ұнатып қалғанын да айттып бақты. Мен нанбадым. Әлі де нанбаймын. Енді осылай танысқаным бірінші рет. Құлағыма сырғаның орнына «китайский лапшаны» ілген шығар.( Қайдан білем?) Сондағы жігіттің бір-ақ жауабы, мені ойландырып тастады.
— Егер мен интернетке «маған бір қыз ұнап қалды. Осындай-осындай автобуста, киімі мындай еді, аты-жөні кім? танысқым келеді. Қатты ұнап қалды», — деп жазсам, жігіт болмағаным ғой. Солай ма? Сол себепті қасымда тұрғанында танысып алуды жөн көрдім.
Негізі шынымен «тормоздарға сникерсте көмектеспейді». Талайлары жүр ғой ғаламтор арқылы танысып, ұнатып қалған қыздарына жақындай алмай. Жігіттер " жігіт " деген атқа лайықты болындар! Менімен танысқан бейтаныс жігіттен үлгі алындар. :J