Ұсталып қалу

Бұл жазбам өзімнің оңбай ұсталып қалғаным жайлы. Күйеуі вахтаға кеткен әйелдің күйеуіне ұсталып қалған болар деп ойласаңыздар қателесесіздер. Біреудің хатын оқып отырып та ұсталғаным жоқ.Сонымен…
Мектептегі кез. Сегіз оқымасақта жеті оқимыз шамасы. Сабақ беріп тұрған завучіміз (күйеуге шықпаған қатал кісі):
-Балалар, сендер шуламай отыра тұрыңдар, мен қазір келемін" деп шығып кетті. Осыны күтіп тұрғандай мен партаның үстіне атып шығып:«Білесіңдер ме ол қайда кетті.Осырып келуге кетті» деп кластастарымды күлдіріп тұрғанмын.ана мұғаліміміз шынымен есіктің сыртында осырып тұрған болуы керек, есікті жұлқи ашып кіріп келді де, жағымнан тартып-тартып жіберді…
Әрі қарай

ауылды сағындым...

таңертең ерте тұрып мамаммен бірге сиыр саууға шығып, бұзаудың бас жібін тартып тұратын уақытымды… таңғы сағат 4те тұрып, трактордың үстіне ұйқылы ояу мыж-мыж болып әрең мініп, жердің басына барып күн шықпайынша пішен оруды… пішеннің арасына салған араның ұясын бұзып алып, тұра қашатын уақытты… картоп қазып, сәбіз жұлатын күзді… сабақтан келгенде қырғауылдың етінен палау басып қоятын мамамды… 50 градус ыстықта сағат 5те далаға саумырын қойып, 5тің шәйін ішуді… масаға таланып тұрып, сиырға түтіндік салғанды, сосын аяқ қолыңның бәрін маса шақса да, оттың қасынан кетпей сүтті тасытып алмай пісіріп алуды… менен басқа ешкім осы төсекті салмайды ма деп күңкілдеп масахана құруды… бәрін ұмытып, кластастарыңмен көшеге шығып, кейбіреулерін меншікті ысқырықпен үйінен шығарып алуды… сағат 3ке дейін қыдырып келіп, таңертең сағат 4те әкең оятқан кезде опять мыж-мыж болып, ұйқы қанбағаннан басың қазандай болып, шөпке кетуді сағындым… Руслан, Қабан, Ерлан, Көшербаева Гүлнәр, Ақылқалта, Шальной сендерді де қатты сағындым...
Әрі қарай

Сдаю квартиру девушкам...

Бұл оқиға баяғыда болған. Әскерден келгенімізге жыл толмаған уақыт. Қаладан жұмыс тапқанымыз қалада, даладан жұмыс тапқанымыз далада жүрген кез. Сондай күндердің бірінде бңрге оқыған біразымыздың басымыз қосылып қалды. Қызып алған жігіттердің қыз іздейтін әдеті бар ғой. "Қазір көшеге шығам, қызсыз келмейм" деп кетті бір қу бізге көнбестен. Шамалыдан соң қолында жарты парағы(бір жарты арағы және бар) бар, ыржиып келіп тұр. "Қыз таптым" дейді,«Тек, біреуің менімен еріп барыңдар» деп қояды. Сөйтсек, «сдаю квартиру девушкам» деген сынды жарнаманы жыртып алып, пәтерде тұратын қыздардың жарнамасы екен деп қалыпты.
Әрі қарай