PR. Кәсіби ұғымдар

PR ілімі жөніндегі лекцияларды жалғастырайық.
Бұл постта мамандықтың үнемі қолданылатын ұғымдарымен таныстырып өтемін. Кейін барлық кәсіби ұғымдарды тарқатып, мысалын молынан келтіріп, әрқайсы туралы жеке-жеке жазатын да болармын.
(Бұл мәтін кеше таңертең он шақты студентке оқылған дәрістен алынған)

Жалпы, PR маманы оқу орнын бітірген соң мынандай қабілеттері дамып шығуы тиіс деген түсінік бар:
— Текст жаза білу, спичрайтинг. Бұл ретте оның эрудициялық жан жақтылығы, әдеби мәнерлігі, психологиялық біліктілігі, жеке басының әдептілігі көзге ұрып тұруы тиіс.
— Кез келген адаммен қарым қатынас орната білуі қажет. Бұл ретте пиар маманы жеке басының имиджіне қатты назар аударуы шарт. Өйткені өзіміздің артық және кемшін тұстарымызды өзімізден жақсы білетін ешкім жоқ. Ал социумда біздің артық тұстарымыз кемітіліп, кемшін тұстарымыз зорайтылып көрінеді. Үнемі жұрт арасында, маңызы бар шаралардың маңынан табыла алатын әдеті болса тіпті жақсы.
— Креатив! Сіздің басты артықшылығыңыз – креативтік қабілетіңіз. Неғұрлым жақсы дамыса, соғұрлым жұмысыңыз да өнімді, табысыңыз да жоғары. Кез келген проблеманы творчестволық тұрғыда шеше алу қабілеті.
— Бірнеше проблеманы бір уақытта шешуге қабілетті (орысша айтқанда, работа в режиме многозадачности).

Осы қасиеттері толық дамыған пиар маманы далада қалмайды.
Көпшілігі білетіндей, мен Қарағандыда журналистика мамандығын алып шыққам, арнайы пиар бойынша академиялық білім алмағандығымнан, пиар ілімі туралы теориялық тұрғыда мықтылығым шамалы. Дегенмен, осы салада алты жылдай жұмыс істеп келе жатқандығымнан, практикалық тұрғыда бірер ақпаратпен бөлісемін. Сондықтан, ғұламалардың анандай, мынандай айтқандарымен миларыңызды шатпаймын.
Есесіне, PR практикасынан алынған үздік мысалдар — кейстер арқылы үйренгенді өзім жақсы көргендіктен, блогымда да солар туралы жазамын.

Кейс дегеніміз не?
Кейс (ағылш.: case) — іс, оқиға, жағдай. Бұл ұғым бизнесте және білім беру саласында түрлі жағдайларды сипаттау арқылы, ондағы проблемаларды шешудің жолдарын табу мақсатында пайдаланылады.
Яғни, кейс модельдеу арқылы түрлі шешімдерді қарастырып, ең тиімдісін қолдану.

Жұмыс барысындағы кез келген акт кейс ретінде қарастырылып, оңтайлы шешімдердің түрлі жолы талдануы керек. Қандай мәліметтерге сүйенуіміз қажет?
— оқиға\проблема
— оны туындатқан себептер
— оқиғаның\проблеманың ауқымы (компания шеңберінде, стейкхолдерлер, ел көлемінде, т.б.)
— оны шешуге қауқарлы, құзырлы тұлғалар
— қажетті уақыт

PR мамандары жұмысында қолданатын негізгі PR құралдар
— БАҚ-пен қарым-қатынас
— Жеке қарым-қатынас
— Ішкі коммуникациялар
— Арнайы шаралар
— Беделді басқару
— Сыбыс.

Кейспен жұмыс барысында PR құралдарды сәйкесінше пайдалану арқылы, маман мына міндеттерді көздейді:
• компания туралы шынайы, дәл, түсінікті ақпарат таратып, қоғамда компания\тұлға туралы дұрыс, жағымды пікір, бедел қалыптастыру;
• бұқарамен байланыста болу, әрдайым қоғаммен пікір алмасу, пікірімен санасу, қоғамдағы өзгерістерді бақылау арқылы, қызметін соларға сәйкес ыңғайлау;
• компанияның өз саласында көшбасшы танылуын қамтамасыз ету;
• компанияның түрлі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, т.б. салада ықпалын өсіру;
• танымал, беделді адамдар арасында, мемлекеттік қызметтегі белді тұлғалар арасында ниеттестер (лояльность) санын көбейту

Күнделікті жұмыста қолданылатын кәсіби ұғымдар:
Паблисити
Паблисити (англ. publicity — публичность) — қарапайым тілмен айтқанда, ақысыз жарнама. Яғни, компанияның қызметі, өнімдері, өкілі туралы компанияның өтініші немесе ақысы үшін емес, үздік, танымал, сарапшы болғандығы үшін ақпараттық құралдарда жарияланған материалдарды біз паблисити деп танимыз.

Имидж
Белгілі бір тұлғаның, компанияның, өнімнің мақсатты түрде жасалған қоғамдық келбеті.
Стратегия
Нақты жоба аясында жасалатын іс-шараларды іске асыру (белгілі бір тұлғаны, компанияны, өнімді нарықта танымал ету, т.б.) мақсатында жасалатын әрекеттер жүйесі.
Кейс: CocaCola. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания өнімі сатылмай, қиындық кешкені бар. Сауда төмендеп, ел соғыспен басқайғы болып кеткен. Соғыс бітеді. Бірақ қашан? Ол белгісіз. Дегенмен, сауда тоқтамауы керек. Ол үшін компания маркетологтары мен пиаршылары мынандай әккілікке барды: соғысып жатқан америкалық әскерилерге коланың біраз партиясы жіберіледі. Сусынды жеткізушілер коланы әр солдатқа «елің сені ұмытпайды, сарбаз!» деген сипаттағы сәлемдемемен таратады. Бұл кезде ел ішінде кола «сарбазыңды ұмытпа!» деген лозунгпен, сатудан түскен әр цент – Америка әскерінің жабдығына кетеді деген үндеумен сатыла бастайды. Өздеріңіз білесіздер, америкалықтар сияқты патриоттар басқа еш елде жоқ, сөйтіп, сусынның сатылымы бұрын-соңды болмаған көлемге артқан.
Мұндағы стратегия — америкалықтардың патриоттық сезіміні пайдаланып, «CocaCola — жеңістің сусыны — патриотизм сусыны» деген ойды сіңдіре отырып, сауда көлемін арттыру.

Жоспарлау
Стратегия аясында жасалатын шараларды іске асырмас бұрын, оларды жоспарлау міндетті. Ол үшін мына қадамдарды ескеру қажет:
— нарықтағы ахуалды зерттеу
— нақты мақсатты айқындау
— іске асыру тактикасы
— мақсатқа жетудің күнбе-күн графигі
— бюджет.
Кейс: Dixie Cups. Америкада көшелерде су ішетін крандар болатын. Бірақ 20 ғасыр басында оны гигиенаға жатпайды деп танып, үкімет құбырларды жабуды шешеді. Осы кезде елде ағайынды екі кәсіпкер газдалған сусын беретін автоматтар орнататын. Бірақ ол автоматтардағы ыдыстар жіпке байланған шыны стакандар еді. Үкімет ережесі шыққан кезде олар енді су емес, стакан сату керектігін түсінеді. Ол үшін олардың құрған жоспары:
1. Инвестор табу. Олар барлық банкке барып ақша сұрайды. Бірақ, ондай біртүрлі жобаға ешқайсы несие бергісі келмеді.
2. Мүдделі топ немесе жеке инвестор іздеу. Ол үшін Америка консерві компаниясының басшысы Грэхем мырзаға барады, ол кісі микроб пен инфекциядан өлердей қорқатын кісі еді. Тап сол кісі 200 мың доллар көлемінде қаржы бөліп, жобаны қолдайды.
3. Танымал адамдарды өз жағына тарту. Осы шаруаны тындыру үшін арнайы зерттеу ұйымдастыру үшін Америкадағы беделді доктор Крумбайнға хабарласып, тағы бірқатар ғалым кісілермен баспасөз беттерінде бірреттік осындай қағаз стакандар індеттердің алдын алатын бірден бір шешім деген сипаттағы мақалаларды жариялайды.
4. Мектеп, ауруханаларда, қоғамдық жерлерде арнайы лекциялар оқытылып, ақпараттық парақшалар таратылады.
5. үкімет қолдайды, ауқымды жарнамалық науқандар ұйымдастырылады.
Осы кезге дейін америкалықтар бірреттік стакандарды дикси капс деп атап келеді.

Стейкхолдер
Стейкхолдер дегеніміз: компанияның дамуына мүдделі, табысынан дәмелі, өніміне қызығушы тараптар. Пиар маманы үнемі осы стейкхолдерлердің мүддесіне сәйкес жұмыс істейді.

Озық ойлылар
Орысша — лидеры мнений. Халық сөзін ұйып тыңдайтын, айтқанын қалт жібермейтін, сонысына сенетін, соларға ұқсауға тырысатын танымал тұлғалар.

***

Студенттерге осы негізгі профұғымдарды түсіндіріп болған соң, соған байланысты модельденген қарапайым кейс-тапсырмалар бойынша жаттығу орындау ұсынылды. Оларды да осында көрсете кетейін, өз бетіммен жаттығам десеңіздер, мархабат.
Паблисити
Компания шайдың жалбыз қосылған жаңа түрін нарыққа шығармақ.
Оған халық тарапынан қызығушылығын ояту үшін, өнім жақсы өту үшін қандай пиар құралдарды пайдаланамыз? Паблисити жасау үшін нендей деректерді алға тарту керек?
Имидж
Басшыңыз өте ақылды, парасатты, білімді де білікті адам. Көп жыл мемлекеттік салада қызмет істеп, жинаған беделі бар. Бір журналист оның баяғыда үйленбей тастап кеткен келіншегі бар екендігін, ал ол келіншегі бала туып, оған алимент төлеуден қашып кеткендігін біліп қойып, сол туралы мақала жариялады. Не істеу керек?
Стратегия
Көптен бері бірге жұмыс істеген басшыңыз бір саладан, мысалы, мұнай өндіру саласынан кетіп, жаңадан фирма ашып, қоғамдық көлік тасымалымен айналысуды шешеді. Жаңа компанияны танымал, халыққа пайдалы ету үшін қандай стратеuия жасаймыз?
Жоспарлау
Сіздің компания Қазақстанға жаңа дәрі түрін әкеліп, оны халыққа таныстырмақ. Пиар құралдың қай түрін пайдаланасыз? Оны қалай жоспарлаймыз?
Стейкхолдер
Компанияңыз қайырымдылық шарасын ұйымдастыруды ұйғарды. Жақын жатқан шетелдік жұлдыздарды шақырып, үлкен думан ұйымдастырмақ. Осы жоба аясындағы стейкхолдерлер кімдер?
Озық ойлылар
Сіз банктің пиаршысысыз. Жаңа қызмет түрін ұсыну қажет. Айталық, төлем карталарына эксклюзив суреттер салу. Кез келген дизайнмен. Қызмет түрі екі мың теңге. Әрине, басқаларынан ерекше болуға барлығымыз құмармыз, бірақ, артық ақша төлеуге ықыласымыз ауатыны шамалы. Осы қызмет түрін халық арасында танымал ету үшін, жеке дизайны бар карточка жасатпаса, тамағынан ас өтпей қалатындай ету үшін қандай әрекетке барасыз?
Әрі қарай

Имидж (2)

Өткенде имидж туралы тақырып бастаған болатынмын. Сол уақыттан бері жалғасын оқуға бір-ақ адам қызығушылық танытыпты. Оған да үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бүгін толықтырайын.
Бірінші бербальды имидж туралы жазсам, бүгін қалған түрлерін толық таныстырып өтемін. (Білетіндеріңіз бар болса артықтық етпес.)
Заттық имидж. Жұртқа танымал азаматтардың көпшілігі заттық имидждің ғана үдесінен шығады. Осыны орындасам танымалдығыма жақсы әсер етеді деп ойлайды. Оған визитка, отбасы, авто, демалыс орны, арнайы және жиі баратын таңдаулы спорт залы, мейрамхана және т.б. жатады. Тек, заттық имиджбен жетістікке жетемін деу, атаққұмарлық пен даңғойлықтың белгісі. (мысалы)
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Габитарлы имидж. Ол адамның физикалық дене-тұрқы, киім киісі, шаш үлгісі, парфюмі. Соның ішінде, біздің құқық қорғау саласының қызметкерлеріне физикалық дене тұрқы жағынан габитарлы имидж жетіспейді.
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Ментальды имидж. Ол коммуникативті компотент. Өзге адамдармен сөйлесу, қалыптасқан этикетті білу және сақтау. Бұл, әсіресе халықпен тікелей жұмыс жасайтын атқарушы билік саласы мамандарына қажетті дүние. Бұл сала мамандары ментельды имиджді дұрыс қалыптастырса, өзіне деген жылы көзқарас қалыптастыратынын ұқпайды. Олар дөрекі, сауатсыз сөйлеуімен өз мекемесінің немесе басшылығының ментальды имиджін түсіреді.
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Кинетикалық имидж. Тұлғаны қалыптастыруда кинетикалық имидждің де рөлі зор. Ол бетәлпеттің қимылы, ишара, сымбаттылық, жүріс-тұрыс. Әсіресе, стартаппта өзінің жобасын қорғауда, немесе бір компанияның атынан, мемлекеттік мекеменің атынан көпшіліктің алдында сөйлегенде керекті имидждің түрі болып табылады.
Тимур Бектұр, Асхат Еркімбай, Админ Аршекең осы имиджді мықты меңгергерген майталмандар болып табылады.
Әзірге мен қолда бар суретерді пайдаланып, Ұлықбек Алиакбарұлы, Есенгүл әпке Кәпқызының суреттерін ұсынғым келіп отыр.
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Есенгүл әпкеміз
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Ұлықбек Алиакбарұлы діни экстермизм қаупі туралы айтуда
Блог - Arys_arlany: Имидж (2)
Өзім деп қояйын.
пысы: басы осында
Әрі қарай

Имидж

Блог - Arys_arlany: Имидж

Имидж сөзін алғаш рет мектеп қабырғасында оқып жүргенде естіп, білгенмін. Ол кездегі қабылдаған түсінігім бойынша имидж дегеніміз: бір әншінің киім кию, шаш қою үлгісі болатын. Бірақ, дәл бұл мағынадан маңызды және көлемді екенін студент кезімде түсіне бастадым. Коммуникация, яғни қарым-қатынастың өркендеп, технологияның адам өміріндегі маңызының күннен күнге еселеп артуы, тасқындаған ақпараттарды қабылдаудың арасында «имидж» ұғымының өзіне қарай ынтықтыруы, онымен кеңірек танысуға алып келді.
Әр адам – өзіне имиджмейкер. Ол өзінің қабілеті мен пайым-парасатына қарай қабылдаған ақпаратымен өзін тұлға ретінде қалыптастырады. Қазіргі таңдағы қоғамда индивидтің обьективпен қарым-қатынасында тиімді нәтижеге қол жеткізудің кілттерінің бірі дұрыс имидж қалыптастыра білу. Бастапқы сатыдан тиімді қалыптастырылған имидж халықпен тікелей қарым-қатынас жасайтын атқарушы билік саласында жұмыс жасайтын азаматтарға (облыстық және аудандық, жергілікті әкімшілік басқару саласы, ХҚО, саяси партияларда) сонымен қатар, танымал, жағымды тұлғаға айналудың сапалы және оңтайлы тәсілі.
Елімізге «имидж» ұғымы батыс елдерінен келіп кірді. Демократиялық құндылықтарды сыналап бойымызға сіңіріп келе жатқан елімізде «имиджмейкер» саласының маңызы мен болашағы жарқын екені көрініп келеді. Әр адам – жеке тұлға. Бірақ, ол қоғамда елеусіз, танымал болмауы мүмкін. Ал енді, осы қарапайым адамнан танымал тұлға шығаруда имиджмейкерлердің еңбегі «ерекше». Біле білсеңіз, бүкіл әлемді өзіне қаратқан небір танымал президенттер, олигархтар, атақты банкирлер мен депутаттар имиджмейкерлердің «туындысы». Мәселен, француз саяси технологы Жак Сегелді «президент жаратушы» дейді. Ол араласқан 20 сайлау компаниясының 18-і жеңіске жеткен. Әлемдік қауымдастықта баяғыдан-ақ үлкен сұранысқа ие болған имиджмейкерлік қызмет біздің елімізде кенже дамыған. Оған бірнеше себептерді айтуға болады. Біріншіден, саяси-құқықтық сананың төмен болуы, қоғамның демократиялық құндылықтарды толықтай қабылдай алмауы, екіншіден, қоғамда керітартпашылық сананың сіңіп кетуі, одан арыла алмауы, үшіншіден, бойында бар қабілетті дұрыс пайдалана алмау, өзіне сенімсіздік, сонымен бірге, қазіргі таңда қоғамда белең алып кеткен құбылыс жаппай күнкөріс қамын күйттеудің салдары, қоғамды тиімді өркениетке жетелейтін салаға тұсау болуда. Ақпараттық тасқын заманында, өзіңе қажетті мәліметтерді дұрыс таңдап, сіңіре білуде жетістікке жетудің кілтіне айналып отыр.
Қазір бұл қызмет түрі тек, «жұлдыздарға» ғана емес, қарапайым адамдарға да қолжетімді бола бастады. Мысалы, қазіргі таңда жұмыс беруші жақтың жұмысқа қабылдаудың негізгі тәсілі: алдын-ала қойылған талап және үміткермен тікелей сұқбат жүргізу арқылы анықтау. Осы мекемеге жұмысқа тұруға барғанда имиджмейкерлердің көмегіне жүгінгендердің жолы болады. Жалпы, танымал азаматтарға немесе халықпен тікелей жұмыс істейтін атқарушы билік басында отырған басшыларға белгілі-бір деңгейде имидж түрі жетіспейтіні ақиқат.
Бесаспап басшы болу үшін не істеу керек? Кәсіпқой маман болу үшін не жетіспейді? Негізінде, имидждің шартты түрі бес тарапқа бөлінеді.
Бербальды имидж. Бір қаланың әкімі балалардың лагердегі жазғы демалысында «салауатты өмір салты» атты балалардың патриоттық сезімін арттыру мақсатында өтіп жатқан іс-шарада қағазға қарап баяндама оқып тұр. Іс-шара спорт алаңында өтіп жатыр. Әкімнің сөзін тыңдаушы – балалар аудиториясы. Әкім әдеттегідей, спорт саласына арнап пәленбай қаражат бөлініп, мемлекет тарапынан қамқорлық жасағаны туралы мәліметтерді тәптіштеп оқиды. Әлгі балалар тыпыршып, іс-шараға әкелінген жүлделерге қарап, тезірек аяқталуын күтіп отыр. Әкімнің айтып жатқан терминдерін мектеп оқушылары университеттік білім алғанда ғана түсінуі мүмкін. Осы орайда әкімдерге қай аудиторияда «қағазға қарап» баяндама оқу керек, қай жерге мүлдем керегі жоқ екені туралы кеңес беретін адам жоқтың қасы. Мұны вербальді имидж дейді.
Оның ішінде сөйлеу, дыбыстық компотенттері (оның сөйлесу, асықпай сөйлеу, дикцияны қалытастыру) жатады. Бастапқыда үлкен қателік болып көрінбейтін мұндай жәйіт, әкімнің жеке басының құндылығына кері әсерін тигізеді. Жалпы, басшыларға қалай десек те, шешендік өнер жетіспейді.

Блог - Arys_arlany: Имидж
Суретті мына сілтемеден алдым. art-ploshadka.yvision.kz/
Пысы: қызығып жатсаңыздар айтыңыздар, жалғасын жариялаймын. жалғасы осында
Әрі қарай

Экспо-2017 сайтындағы қателіктер

Блог - Daniar-Alan: Экспо-2017 сайтындағы қателіктер

Жалпы «жылаңқы» посттардан хош көрмеймін өзім. Бірақ…
EXPO — 2017-ні барынша жарнамалап жатыр. Жан-жақты. Логотипін жасап, оны халыққа таңдатып жатыр. Құптарлық-ақ дүние. Бірақ ресми сайтында қате көп секілді. Жалпы техникалық қателерінен (кері санақ ағылшынша, мәзір арқылы мына бетке өтсең автоматты түрде орыс тіліне ауысып кетеді т.б.) басқа жазу, әріп қателері көп секілді…
Әрі қарай

Өнер үшін - ұлт пида!

Superstar-дан шыққан Әлішер Кәрімовты қазіргі таңда көбі танитын шығар. Бастапқыда шашы ұзын болып, имидж жағынан халі сәл мүшкілдеу жүр еді, оған осы өткен кәріс сериалы жақсы әсер еткен сияқты. Яғни имиджіне. Тура сол сериал біткен соң, Әлішердің шаш үлгісінен корей сериалының басты кейіпкерінің образын көріп, плагиат деп шулағанда, «мен ешкімнен имидж ұрлаған жоқпын» деп ақталумен болды.

Не де болса, шашын қиғаны жақсы болды, өңі кіріп, енді сүйсінерлік әншілер қатарына кіре бастады.
Айтарым ол емес. Өзбек бауырымыздың бастапқыда Роза Рымбаеваның репертуарынан «Әлия» әнін айтып жүргенін тыңдаған шығарсыздар. Сонда «Батыр қызы сен халқымның» деген сөздері бар. Дәп сол жерін айтқанда біртүрлі ішімде бірдеңе қылт ете қалатын еді. Енді соғыс сонау КСРО кезінде болғанын ескерсек, бәрі бір халық болды, яғни идея бір дегендей. Олай айтуға намыстанбайтын да шығар.
Ал алдында Қазақстан телеарнасында Кеңес Дүйсекеевке арналған кеш өтті. Сол кеште бұл батырымыз «Қазағымның мұңысын сен – домбыра, бабамыздың жырысын сен — домбыра» деп шырқап тұр.
Ну енд, ұлтқа бөлінбеген дұрыс. Бірігіп ұстау керек, анау-мынау… Бірақ бәрібір, іште тағы бірдеме қылт ете қалады, неге екенін…
Әрі қарай