#ББББ. Секс арқылы ұпай жинағандар кімдер?
Көтек, етек! Өй, әрман, сендермен амандасып отыратын жағдай жоқ.
Қай жерде секс деп жатыр, қайсы, қайсы? Ммм, Асау ботаңды ұрайын тақырып берген… Өзі тәндік аштықта жүрген адамға осындай тақырыптар оңай тиеді деп ойлай ма? Жақсы ма сол ал енді?
Жарайды, жюрилер жылдамдығынан қайыр күтпейтін бұл заманда өзіміз-ақ шолуды бастап жасай береміз. Жюрилердің тек бағалауда ғана жылдам емес екендеріне сене отырып, либидо ликбезі жайлы жазылған жазбаларға назар аударайын.
Әлқисса, заманымызбұзылып түзеліп, секс жайлы орнымен айта бастағанымыз жөн боп тұр. «Біл, бірақ былапыт болма» деген сөздің қайнар көзін өздерің іздеп тауып алыңдар, бірақ тұжырыммен толығымен келісемін. Бұл жайлы түсіндіру мен сырласу да ретімен, асықпай, бабымен болуы тиіс… Тура процестің өзі секілді… :)
Сонымен, демагогияны қоя тұрып, финалистерге кезек берейік. Альфонстар емес, бірақ секс арқылы ұпай жинағандар, хех…
Жазбаның тілі ойнақы (қойнақы). Блогер (журналист?) әдейі осындай стильді таңдап алған, тағамның тұздығын жақша ішіндегі сыртқы кәменттермен беруді құба құп көріпті. Кәртіңкелер кішкентай (бұл тақырыпта негізі не нәрсе де үлкен болғаны жақсы :) ), бірақ бірыңғай стандарт үшін сэнкс. Тиянақтылық белгісі.
Коммент-арийлер (дефис кездейсоқ деп ойлап тұрсыңдар ма?) біршама тапқыр, үйлесімді. Бірақ екінші абзацтың соңына қарай жақшалар көптігінен үзіктерді жалғауым қиындап кетті. Мен де жақшалауымды қоя тұрам-ау деймін сондықтан.
Ары қарай тығыздығы сейілген, орынды.
"Зина жасады демесеңіз, өлімнің ішіндегі рахаты сияқты ма өзі, қалай?)" — мхм, дәл солай сияқты. :)
"...әлгі пенделер керуертті сықырлатпас бұрын" — керуертті? Диалекто? Сіз бұған қоса мереует деген асыл тас бар десеңізші! :)
«Аяғы 43 (менікі 41-42) және одан да үлкен жігіттердің кезекті етектің соңынан елпеңдеп ере кету ықтималдығы жоғары екен» — Менің рәзмерім 45, неге жолым болмайды онда?
"...әлі былғанбаған жыныстық санасы" — ықықы.
Пост сүйкімді, иесі секілді адал. Тіпті автордың жүрек қалауымен жазғанына да сеніп тұрмын. Алайда жыныстық сауаттылыққа шартты түрде ғана байланысты. Соңында қалай тоғысатыны жайлы түсіндірген кезде бәрі айқынырақ болды. Бірақ кішкене өзіңе «додумать» ету керек.
Әлі оқымадым ана бәтшағарлардікін, әйтсе де танымдық, ақпараттық-фактілік жағынан бәрін айырып алатынына сеніп тұрмын. Маралбектің басымдықтарының бірі де осында ғой, сол жағын құлаштап пайдаланған екен. Тек зайырлы қоғам мүшелеріне ғылымнан артық объективті дүние болмаса да, сену-сенбеу де әркімнің өз құзырында қала бермек. Өз өмір сүру образдарына, өз құпиялары мен ашылмауы тиіс арттарына орай. Әйелдерінің көзіне шөп салып қойған британ ғалымдары адалдық — ақымақтардың ісі екенін дәлелдепті. Ғылым. Ха.
Блог-жазбаңызды жас тентектердің пікір-сауалдарын талдап, тұжырымдар жасап, баяндау арқылы жазған екенсіз.
"Үш жылға жақындап қалды, өзім қолға алған aikarakoz.kz сайтында жыныстық қатынас туралы айдар бар" — басқа да айдарлар бар ма не? :)))))
«Ол айдарды жүргізгендегі мақсатым — титтей де болса жыныстық сауаттылыққа үлес қосу» — өләәәә, саяси құжаттардың тұжырымдамасы мен ресми пресс-релиздер құсатқаны несі! Шараның мақсаты — еліміздегі патриотизмді дамытуға үлес қосу. Гы. Ой, жарайд, ақиқат сөйлем, сонда да мұндай сыңай көзге күйік, тізеге таптаурын болған.
«Гугл арқылы ең көп ізделетін сөзді де ішіңіз сезіп отырған шығар.» — шынымды айтсам, ішім емес. :)
"… жиі мазалайтын сұрақтың ең көбі— пəктік белгі" — мұнда бір кілтипан бар. Өй, мұнда кілтипанның крутойы былай да бар ғой, сөйлем құрылымында да бар деймін.
А-а-а, огнетушитель әкеліңдер! Принтскриндерің өртеп жатыр. Соның негізінде ғана тамаша пост жазып шыққан екенсіз. Өткен аптадағы стильге ұқсайды, бірақ бұл жолғы негіз — комментарийлер.
Ой, ой, джаман эй… 11 жасынан мастурбатор болып өлді ме екен, ана қаншық?!
«Статистикаға сүйенсек, əлімізде əрбір үшінші отбасы ажырасып жатыр екен. Ажырасуға алып келетін бірден бір себеп — жыныстық сауатсыздық» — Айтыңқырап жібердім деп ойламайсыз ба?!
Жақсы, жақсы пост. Жазбаны Қазақстанның балғын бейтәніктері құтқарып шығыпты. Егер осынау деректер іргелі статистикамен негізделсе, әлеуметтік маңыздылығы да жоғары пост деп санаймын.
О, кейіпкер елдегі жалғыз маман екен ғой. Да ну, Гүлбану, сенікі не вумбилдинг?
«Одан ары қарай тағы элиталы секске жаттықтыратын құрылғылар бар.» Ақсүйек қатындарға арналған ба? :)
"...қынаптың кеңейюі" — кешіріңіз, бұл жер ерекше, дегенмен, кеңеюі сөзі сол баяғыша жазыла береді. :)
Сосын біресе көтеу, біресе геморрой деп бейстандарттап кеткеніңіз не? Брр, жарайды, қайсысы болса да онша емес сөз.
Сіздің постыңыз мәселе жайлы айта келіп, оның шешу жолын тіке айтып берген бірегей пост екен. Күлкі күлкімен, кірісе салысымен зырылдатып оқып шықтым. Өте пайдалы пост, (әсіресе, әйелдерге деп жазғым келді де жазбай қалдым). Жыныстық сауаттылық қой кәдімгідей. Несімен андай, і-і-і, шешімімен.
— Муранивский мырза, өміріңізді неге арнадыңыз?
— Жалпы айтсақ, спортқа. :)
Жаттығайық, ханымдар! Ә, иә, айтпақшы, мынандай суреттер жасай берсін!
Жазба бұрын қалыптасқан жолмен, әдіспен жазылған. Бірнеше түйін түйінделген жеңіл сарказмды пост.
"… тасымыз сыздап, тасақ жыбырламайынша" — кхм-кхм.
" Ал кей қыздарда ол туа бітті жоқ." — өй, қызық емес қой. Қалайша-а?
Әйелдер секс туралы еркектерден аз ойлайды дегеннің миф екенін айтқаныңыз қандай жақсы болған. Қара бұларды-ей, бізді тамақ, бұт нәпсі, тышудан басқаны білмейтін мақұлық етіп көрсетіп. Мына кітаптың авторы да ақшаны тауып кетті-ау қырып.
«Сосын отырады форумдарда, жеке ба… көтінің мәселесін трольдарға талқылатып.» — ыхыхы.
Постқа көңілі толмағандар табылатынын сезіп отырмын. Бұрынғы сарынды көргендей, кейбіреулер жаңа сарын іздеп… Оны Асқар Базарбай брендінің жоғарғы деңгейге көтеріліп, оқырман өз сұранысын бұлттан басым көтеріп, пұшық дәмелерін өз метр 70-терінен де биікке көтеріп тастауында. Инстинктивті тұрғыда ми-жарылыс сұрайтын болып алған, әскерден жігітін күтетін қыздан бетер күтеді. Гы, иә, сәтсіз теңеу. :)
Жазба сапалы, өзіме керек нәрсемді мен алдым.
Сонымен, Маралбек зина жасамаудан жыныстық сауаттылық іздесе, Эльвира жастардың мұңын мұңдайды. Әйгерім әйелдерге әдіс тауып беріп, Асқар жігіттердің псевдосенімдерін жоққа шығарады. Сауатты посттар. Үш блогер жан-жақты, біраз мәселенің басын шалып кеткен. Олардың басымдықтары да осында. Әйгерімнің посты мәселенің өзімен қоса шешіміне (соған ғана арналған жеке дара :) ) рөл бергені үшін оқырмани көңілмен бәрінен жоғары бағалап отырмын.
Блогерлердің стилі, тілі қалыптасып қойған осынау ақтық кезеңде бірінші кезекке тақырып таңдау, форма таңдау шешімдері шығатын сияқты. Өзгеруге бейімділік те, қай тақырыпты қалай беруді білу де аса маңызды. Мысалы, суретші қай жерде Т, қай жерде ТМ қарындаштарды қолдануды білетіндігі секілді…
Не ұнамады? Бірде-бір блогшы стриптиз жасамады. Ха-ха, жарайды, екеуінен ғана керек еді де негізі. Эльвира теориядан практикаға көшпеді, сайтыңды! Әйгерім, ескі посттарыңды ақтарып отыра берейін бе енді, пластикаңды?! Эх, бір кем дүние.
Болдым. Қомпыту толғаныстарыммен жалғыз қалдым. Осы тақырыпқа шырмалдым. Келесі шолу болмай қалуы мүмкін.
Ізгі ниетпен, Бөрібай.
Отыз бірде жасым бар,
Көпті көрген тасым бар,
Еркек тоқты құрбандық,
Қасим десең қасыңдар!
Сау боп тұрыңдар, онминуттанкемболмағырлар!
p.s. Кеттім мен, Надюхаға телефон шалайын. И что такого, что ей 47? Мен «ужы» сауаттымын ғой.
Суреттерді бір жерлерден сызып кеттім, есімде жоқ.
Әрі қарай
Қай жерде секс деп жатыр, қайсы, қайсы? Ммм, Асау ботаңды ұрайын тақырып берген… Өзі тәндік аштықта жүрген адамға осындай тақырыптар оңай тиеді деп ойлай ма? Жақсы ма сол ал енді?
Жарайды, жюрилер жылдамдығынан қайыр күтпейтін бұл заманда өзіміз-ақ шолуды бастап жасай береміз. Жюрилердің тек бағалауда ғана жылдам емес екендеріне сене отырып, либидо ликбезі жайлы жазылған жазбаларға назар аударайын.
Әлқисса, заманымыз
Сонымен, демагогияны қоя тұрып, финалистерге кезек берейік. Альфонстар емес, бірақ секс арқылы ұпай жинағандар, хех…
Әуелі Маралбек Сағынғанов зина туралы сыр шертеді
Жоқ, қиялдамаңдар, Зина деген көңілдесі болмапты, өкінішке орай. Нина, Валентина, тіпті Күлайна деген бұтсеріктері де болсашы! Ноу, найн, нема.Жазбаның тілі ойнақы (қойнақы). Блогер (журналист?) әдейі осындай стильді таңдап алған, тағамның тұздығын жақша ішіндегі сыртқы кәменттермен беруді құба құп көріпті. Кәртіңкелер кішкентай (бұл тақырыпта негізі не нәрсе де үлкен болғаны жақсы :) ), бірақ бірыңғай стандарт үшін сэнкс. Тиянақтылық белгісі.
Коммент-арийлер (дефис кездейсоқ деп ойлап тұрсыңдар ма?) біршама тапқыр, үйлесімді. Бірақ екінші абзацтың соңына қарай жақшалар көптігінен үзіктерді жалғауым қиындап кетті. Мен де жақшалауымды қоя тұрам-ау деймін сондықтан.
Ары қарай тығыздығы сейілген, орынды.
"Зина жасады демесеңіз, өлімнің ішіндегі рахаты сияқты ма өзі, қалай?)" — мхм, дәл солай сияқты. :)
"...әлгі пенделер керуертті сықырлатпас бұрын" — керуертті? Диалекто? Сіз бұған қоса мереует деген асыл тас бар десеңізші! :)
«Аяғы 43 (менікі 41-42) және одан да үлкен жігіттердің кезекті етектің соңынан елпеңдеп ере кету ықтималдығы жоғары екен» — Менің рәзмерім 45, неге жолым болмайды онда?
"...әлі былғанбаған жыныстық санасы" — ықықы.
Пост сүйкімді, иесі секілді адал. Тіпті автордың жүрек қалауымен жазғанына да сеніп тұрмын. Алайда жыныстық сауаттылыққа шартты түрде ғана байланысты. Соңында қалай тоғысатыны жайлы түсіндірген кезде бәрі айқынырақ болды. Бірақ кішкене өзіңе «додумать» ету керек.
Әлі оқымадым ана бәтшағарлардікін, әйтсе де танымдық, ақпараттық-фактілік жағынан бәрін айырып алатынына сеніп тұрмын. Маралбектің басымдықтарының бірі де осында ғой, сол жағын құлаштап пайдаланған екен. Тек зайырлы қоғам мүшелеріне ғылымнан артық объективті дүние болмаса да, сену-сенбеу де әркімнің өз құзырында қала бермек. Өз өмір сүру образдарына, өз құпиялары мен ашылмауы тиіс арттарына орай. Әйелдерінің көзіне шөп салып қойған британ ғалымдары адалдық — ақымақтардың ісі екенін дәлелдепті. Ғылым. Ха.
Эльвира Ерғалина ұл-қыздардың сексуалды толғаныстарын 16+ оқырманға ұсынады
Еуропа плюстің әуенімен «Он алты плююююс» деп созып барып, бастап оқиын жазбаңызды. Блог-жазбаңызды жас тентектердің пікір-сауалдарын талдап, тұжырымдар жасап, баяндау арқылы жазған екенсіз.
"Үш жылға жақындап қалды, өзім қолға алған aikarakoz.kz сайтында жыныстық қатынас туралы айдар бар" — басқа да айдарлар бар ма не? :)))))
«Ол айдарды жүргізгендегі мақсатым — титтей де болса жыныстық сауаттылыққа үлес қосу» — өләәәә, саяси құжаттардың тұжырымдамасы мен ресми пресс-релиздер құсатқаны несі! Шараның мақсаты — еліміздегі патриотизмді дамытуға үлес қосу. Гы. Ой, жарайд, ақиқат сөйлем, сонда да мұндай сыңай көзге күйік, тізеге таптаурын болған.
«Гугл арқылы ең көп ізделетін сөзді де ішіңіз сезіп отырған шығар.» — шынымды айтсам, ішім емес. :)
"… жиі мазалайтын сұрақтың ең көбі— пəктік белгі" — мұнда бір кілтипан бар. Өй, мұнда кілтипанның крутойы былай да бар ғой, сөйлем құрылымында да бар деймін.
А-а-а, огнетушитель әкеліңдер! Принтскриндерің өртеп жатыр. Соның негізінде ғана тамаша пост жазып шыққан екенсіз. Өткен аптадағы стильге ұқсайды, бірақ бұл жолғы негіз — комментарийлер.
Ой, ой, джаман эй… 11 жасынан мастурбатор болып өлді ме екен, ана қаншық?!
«Статистикаға сүйенсек, əлімізде əрбір үшінші отбасы ажырасып жатыр екен. Ажырасуға алып келетін бірден бір себеп — жыныстық сауатсыздық» — Айтыңқырап жібердім деп ойламайсыз ба?!
Жақсы, жақсы пост. Жазбаны Қазақстанның балғын бейтәніктері құтқарып шығыпты. Егер осынау деректер іргелі статистикамен негізделсе, әлеуметтік маңыздылығы да жоғары пост деп санаймын.
Әйгерім Кеулімжайдің акушер-гинеколог Гүлбану Құсайынованың пікіріне сүйене отырып, вумбилдингтің денесінен
тірі организм шығарып көрген әйелдерге панацея екенін дәлелдейді.
Жазба тілі… Мына тақырып аясында тіл жайлы айту да біртүрлі екен. Жазба стилі жинақы, артық-кемі жоқ.О, кейіпкер елдегі жалғыз маман екен ғой. Да ну, Гүлбану, сенікі не вумбилдинг?
«Одан ары қарай тағы элиталы секске жаттықтыратын құрылғылар бар.» Ақсүйек қатындарға арналған ба? :)
"...қынаптың кеңейюі" — кешіріңіз, бұл жер ерекше, дегенмен, кеңеюі сөзі сол баяғыша жазыла береді. :)
Сосын біресе көтеу, біресе геморрой деп бейстандарттап кеткеніңіз не? Брр, жарайды, қайсысы болса да онша емес сөз.
Сіздің постыңыз мәселе жайлы айта келіп, оның шешу жолын тіке айтып берген бірегей пост екен. Күлкі күлкімен, кірісе салысымен зырылдатып оқып шықтым. Өте пайдалы пост, (әсіресе, әйелдерге деп жазғым келді де жазбай қалдым). Жыныстық сауаттылық қой кәдімгідей. Несімен андай, і-і-і, шешімімен.
— Муранивский мырза, өміріңізді неге арнадыңыз?
— Жалпы айтсақ, спортқа. :)
Жаттығайық, ханымдар! Ә, иә, айтпақшы, мынандай суреттер жасай берсін!
Асқар Базарбай секс туралы біз сенетін 6 өтіріктің (+18) құйрығы бір-ақ тұтам екенін жазады.
Құйрығы бір-ақ тұтам. Құйрығы. Уахаха, онша секси емес, жыпырылған бірдеңе десейші.Жазба бұрын қалыптасқан жолмен, әдіспен жазылған. Бірнеше түйін түйінделген жеңіл сарказмды пост.