Әлі... әлі... әлі...

Блог - aikarakoz: Әлі... әлі... әлі...
Ас үй. Қызмет етіп келе жатқанына 2 жылдай болған ноутбуктың гуілі. Қағазы айқара ашылып, желінбей қалған жартысы бөлініп-бөлініп жатқан Қазақстан шоколады. Біресе дыбыссыз режимге қойылатын, біресе дауысы қайта қосылатын ұялы телефон. Оның ар жағында көк шәй жартылай құйылған бокал тұр.

Кеш батып келеді. Күні бойы үйден шықпадым. Жұмысты үйде отырып істеуге тура келді. Үнемі жалғыз қалуға құмартып тұрушы ем, міне күні бойы өзіме өзім ғана күбірлеп қоям.

Ас үйдің терезесі үлкен көшеге қарайды. Ары-бері ағылған көліктерге қарап отырудан жалыққан кезім есімде жоқ. Тағы да ұзақ қарадым. Тым тез жүреді. Асығыс. Уақытты айтам. Лезде қараңғы түсіп, машиналар жарығын қосып алыпты. Кеш, түн, таң, сосын тағы бір күн зу етеді. Мен осы жасыма дейін не бітірдім өзі? Айтарлықтай ештеңе. Айтарлықтай деп қоям, ойлайтын да ештеңе жоқ қой. Әлі пәтерден пәтерге көшіп жүрмін. Әлі такси тоқтатам. Әлі… әлі… әлі… Әлі жаспын деп ақтап алуға ғана шамам келеді өзімді. Жеке бизнесім болса деймін. Әлі солай армандаймын. Әлі. Эхх… Қаңтар да аяқталып келеді, әлі ештеңе өзгерген жоқ.
Қап-қараңғы ас үй. Қызмет етіп келе жатқанына 2 жылдай болған ноутбуктың гуілі. Көрсету керек еді осыны.
Әрі қарай