Обед

«Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді» ©
Блог - Korkem: Обед
Бүгін — жұма. Көптен күткен күн де келіп жетті. Қазнет төрінен тағы бір пайдалы сайт орын алмақ.
Әрі қарай

Naqyl.kz қазақ мотиваторлар сайты: мақсаты, қолдануы

Жақында 25 қаңтар күні Жаңа-Ой Орталығы naqyl.kz атты жаңа қазақша мотиваторлар сайтын аштық. Бұл сайтты ашуға себеп, өткен жылы zhanaoi.kz сайтын ақпараттық сайт ретінде ашқанда, мотиваторлар деген бөлім болушы еді. Сайтта онымен қоса IT, hi-tech жаңалықтар, бизнес пен психологияға қатысты блогтар, бағдарламалау тілдері сабақтары болса да халық көбірек осы мотиваторларға қызығушылық танытты және әлеуметтік желілерде көп таралды. Сол кезде мотиваторларға арнап бөлек сайт ашу керектігі жайлы жаңа ой пайда болды және ол сайтта тек сайттың әкімшілері ғана емес, кез келген қолданушы жасайтындай мүмкіндік болса деп армандадық. Сонымен 3-4 ай еңбектің арқасында осы сайт пайда болды.
Сайттың айдарларына шолу жасап, қалай қолдану жайлы толығырақ түсіндіріп кетсем деп едім. Себебі көпшілік әлі сайтты түсінбей жатыр.
Әрі қарай