#жақсықыз - жалғыз. #1
#жақсықыз — құрбым ғо. Кеше кездесіп қалып едік, баяғы мұң, сол мұң. Мұң емес ендігі зар болыпты. Жігіт жоқ, Жақсы жігіт жоқ. Құрбымның ата-анасы қандай алтын адамдар. Өзі сондай тәрбиелі, әдепті. Оған қоса, квартирасы бар, білімі жоғары, зп-сы 200 мыңдай. Астында машинасы жоқ демесең. Оның өзің әдейі алмай жүр. Машина алып алсам, маған точно ешкім жақындамайды дейді. Мүмкін онысы да дұрыс болар. Бір-екі жігіт бар, бір екі рет киноға шақырыпты. Бірақ сонымен тәмам. Ішпейді, шекпейді. Ернінен сүйгізсе де, ойланып сүйгізеді. Жеңілтек мінезі болған емес. Короч, планкаңды түсір деп кеттім. Бірақ қайдам, түсірмейтін сияқты ғой. «Ақылды, жақсы табысы бар, өзі сүйкімді, өзі романтик бір басында он өнері бар саған жақсыны қайдан алам? Түсір» дедім. «И что я с таким буду делать?» дейд. «Спать!» дедім))). Жыным келгені сонша. #жақсықыз — жалғыз. Қандай шара бар бұған?
09.03.2016
Әрі қарай
09.03.2016