Басты ауыртып

Маман атанып шақырылған соң тырысып істейсің жұмысты. Кейде сыртымнан айтып жатқанды естіп қаласың, әрине әдейі естірткізу үшін айтылған сөздер ғой, оны да білемін:
-Осыдан жоқ дегенді естімейсін, істей береді жалықпай. Басты ауыртып, -дегендей.
Қиындық деген сөз шешілмеген мәселе бар дегенді білдіреді. Мәселенің әйтеуір бір шешу жолы болса атқарылатын жұмыс кезегіне қойылады. Реті келіп жұмыс атқарылып, мәселе шешімі табылады.
Барлығы сонау балалық шақтан басталады. Қанша жасымыз үлкен болсын бәріміз «балалық шақ» еліненбіз. Қиын деген сөздің мағынасы маған да таныс болатын. «Қиын» деген сөзді естігенде көбінде бір істі атқару үшін көп физикалық күш жұмсауды немесе күрделі ойдың мәнін ашуға көп уақытты жұмсауды білдіретін. Кішкене кезімізде «қиын» сөзінің мағынасын осылай түсінетінмін. Олай түсінгенім дұрыс та болыпты, еңбекті бағалай бастадық. Қиын десе қиын. Бірін істесең екіншісі шығады. Осындай тізбектен шаршап «түсіне алмадым, шамам жетпеді» дегенге жуық тұратынмын. Шаршаудың басудың бір түрі -көңілді басқа жаққа бөлу. Негізгі істен жат іске көңіл бөлуге даярлықты осымен түсіндіруге болатын шығар. Бірақ өсе келе «қиындық» деген сөздің басқаша қырын біле бастадық. Өзі жеке бір тақырыптың әңгімесі.
Жасөспірімдердің қиындықтан қашқанда жиі айтылатын сылтауы «басым ауырып тұр» дегені бар.
Бала кезімде алғашқы рет қабырғаға басымды соғып алғанымда, соққан жер ауырғанда үлкендер:
-Басың ауырды, -дегенді. «Бас» қалай ауыратынын түсіндік. Кейде бастың ауырғаны сыртқы әрекеттен емес көңіл күйге байланысты ма белгісіз себеппен өздігінен бозбала кезімде анда –санда ауыратын болды. Қаралмаған дәрігер мамандар қалмады. Әрқайсы әртүрлі себептерін айтып жатты. Көбінде жасыма байланыстырып «жасөспірімдерде байқалады мұндай, жиі-жиі, үлкейгенде өздігінен басылады» дейтін.
Бірде мектепке психолог апайымыздың орнына уақытша қызметке басқа апай келді. Қалайда білмеймін кабинетінде отырмын. Дәл сол кезде басым ауырып тұрған. Соны айттым. Сонда психолог апай:
-Қазір сені бір жаттығу жасауға үйретемін. Содан кейін басын ешқашан ауырмайтын болады, -апайға қарап үндемей отырмын, -көзіңді жұм. Ыңғайлы отырсың ба?, -деді. Басымды изеп жауап бердім.
Көзімді жұмғанан бері көз алдымда жыбыр-жыбыр, ұсақ-ұсақ әр түсті от ұшқындары қапалақтап жарқ –жұрқ етіп алды.
Апайдың дауысын анық естіп отырмын:
Әрі қарай