Абайтану

Ұлы ақынмен сырласу
Алпыс екі тамырым қан айнала,
Ақындыққа ұмтылар талай бала,
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы
Деп айтып ең расында Абай баба.
Кей кездері тірліктен шаршағанда,
Абай ата жырыңмен ән салам да,
Қара сөзің қазақтың қазынасы
Ақыл берген дәл мендей қанша адамға.
Бақ тілеген қазақтай баталы елге,
Ақын болсам деп едім ата менде,
Қара өлеңнің ұға алмай қасиетін
Ұрпағың жүр еліктеп жат әуенге.
Жастарың көп адасқан сана бөлек,
Шыңғырығы Шыңғыстың — жаңа дерек,
Әр заманның Абайы бар деші еді,
Біздерге де дәл сіздей дана керек.
Табиғатың жаратыпты алып қылып,
Оқи-оқи қанықтық анық біліп,
Көтеріп қазағымның мәртебесін,
Қараша үйдің шамын жақтық жарық қылып.
Қанат қаққан өнердің бір құсымын,
Абай ата жырыңның үлгісі мың.
«Болмасаң да ұқсап бақ» деп едіңіз
Ұқсата алмай келемін жыр мүсінін.
Айдынында қалқыған ақыл-дерек
Бұл заманда осының бәрі керек,
Сырға толы, нұрлы көзің ой салады
Абыз ата әрқашан жүрші демеп!
Әрі қарай