Әжемнен естелік.

Нағашы әжем марқұм көзі ашық, көкірегі ояу, жаны таза, дана кісі еді. Қашанда бата оқығанда сөздерінде шынайылық білініп тұратын. 85 жасында дүние салды. Ол да болса кәріліктен өтті болмаса бақуат кісі болған. Бұрынғының адамдары қазақшылыққа салынып оқымаған ғой, сол замандастарына қарағанда зерек болып, оқып, көзі ашылып өскен әжем. Жасы 80-нен асар аспас газет-журналдарды судыратып оқитын, сөйтіп алып көзім көрмейді-әй деп қоятын.Ал, біздер оның жасының төрттен біріндеміз, қазірден көзімізде көзілдірік((. Әжем ақындыққа бір табан жақын кісі еді. Мамам айтуына қарағанда кәдімгідей айтыса беретін суырыпсалма болған дейді, тек енесіннен табан тартып, ел-жұрттан ұят деп айтыспай қойған дейді. Сол қазір шкафты жинастырып жатып, соңғы жылдары шығарған өлеңін тауып алдым, соны жаза кетейінші. Блогымда естелік болып тұра берсін.))
Бастайын бісміллә деп тойдың басын,
Аман боп өсе берсің малы басың
Құдайым Берікжанға бала беріп,
Бәрінің ұзақ қылсын өмір жасын.

Немене өлең деген құрағанға
Өлеңді аямаймын сұрағанға
Айтпаушы ем бұл өлеңді басқа жерде,
Тек қана айтамын ұнағанға.

Басында бір ағаштың елу қарға
Сөзіне жалғаншының сену бар ма?
Барында оралыңның ойнада-күл,
Жалғанға екі айналып келу бар ма?

Жаратты Құдай сені айдап қылып,
Шәйнекке демдеп қойған шәйдәй қылып.
Тоты құс сен бір тұрған тал басында
Қолымды жеткеремін қандай қылып?

Қарағым айналайын кекілдім-ай
Судағы өмілдірік секілдім-ай.
Аллаға мінажат қып зарын қылып,
Жолына ғашықтыңтың бекіндім-ай.

Басында бір ағаштың алты қарға
Болама жаяу жолдас аты барға?
Қыздар көп өлең айтсам ел ішінде
Айтамын сіз сияқты заты барға.

Немене өлең деген білген құлға
Жақсы адам таптырмайды алсаң пұлға
Барында оралыңның ойна да күл
Жалғанға қайта айналып келу бар ма?

Базардан базар барып мия аламын,
Мияны төкпей-шашпай жия аламын.
Айтар ем бұл өлеңді таң атқанша
Жасым келіп қалды ғой, ұяламын.
Әрі қарай