Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...

21 жылды сүріп өтіп, 22-ге аяқ басудамыз. Осы жылдар ішінде біраз нәрсені көрдік, біраз жайға қанық болдық. Өмір деген біз ойлағаннан да қиын екен. Балалық шақта, шіркін, тамаша еді ғой… Еш уайым, еш қайғы жоқ. Не кием, не ішем демейсің, ертең не істеймін, өмірім не болады деп бас қатырмайсың. «Еркекшора» дегенді барлығыңыз білетін шығарсыздар. Білсеңіздер, міне, біз сол «еркешоралардың» біріміз. Бұрын мұны мойындау дегенің, ооой, қиын еді ғой. 11 жасқа дейін біреу "қызсың" десе мұрнын бұзып, әлім жетпесе әкеме айтып, ызамды қайтарып, сыныптағы ұлдармен жаға жұлысып жүріп, қалаға көштік те осының бәрін сап тыюға тура келді. "Қыз" екенімді «еріксіз» мойындадым. Оның өзі мамам, юбка кимесең мектепке кіргізбейді дегеннен, «оқи алмай қаламын ғой» деп қорқып мойындағаным ғой! Әйтпесе, анау-мынауға көне бермейтін «жындылығым» да бар еді сол кезде. Сол уақыттарды есіме алсам, күлкім келеді. Қазір күлкілі әрине, ол кезде түні бойы қорланып жылап, ызадан түні бойы ұйықтай алмай шығатынмын. Әйтеуір, юбка киіп 1 қыркүйекте мектепке де бардым. Ол 5-сыныпқа көшкен кезде еді. Сонда барлық балалар маған саусағын шошайта қарап, сырттай мазақ қылатынын сезіп жүрсем де неге екенін түсінбейтін едім. Оның мәнісін 11-сыныпты аяқтаған күні(ол кезде «еркекшоралық» аз да болса азая бастаған), сыныппен бас қосып тұрғанда білдім. Бір сыныптасым ғой: «Класқа кірсем, бір „ұл“ жаңадан келіпті, үстінде қыздардың кофтасы. „Е, ауылдан келген ғой“ деп ойладым да қойдым. Енді бір қарасам сол „ұлың“ юбка киіп алыпты!»-дейді. Сонда ғана өзімнің кейпімнің ерсі болғанын түсіндім ғой. Қазір, құдайға шүкір жігіт көз қысарлықтай жағдайдамыз. Сүйген адамым да бар. Ендігі арманым… Ол ішімде қала берсінші… Көз тиіп қалар…
Әрі қарай