ӨМІРІҢНІҢ ҚҰНЫ БІР ТИЫН...

Еленамен Алматыдағы саяси семинарлардың бірінде таныстым. Ұзын бойлы, көңілді, ақсары қыз күні ұзақ дәріс тыңдап, шаршап шыққан журналистердің барлығына сыңғыр күлкісімен көңіл күй сыйлап, шүйіркелесе қалған жандарды күлкіге бөлеп жүрді. Еліміздің әр тарапынан жиналған әріптестер тобымызбен түскі асқа барғанда алты адамға жайылған дастархан басында екеуіміз алғашқы күннен көрші болып алдық. Танысып, әңімелесе келе Елена өзінің СПИД жұқтырғанын, қазір осы диагнозбен жүргеніне 8 ай болғанын айтқанда стол басында онымен қатар Қызылорданың қызы екеуіміз ғана қалдық. Талай рет ВИЧ жұқтырған жандар жайлы мақала жазып, тіпті осы тақырыпта мемлекеттік сыйлық алып жүрген әріптестеріміз түрлері бұзылып, теріс айналып кететін болды. 25-ке жетер-жетпесте басына бәле жинап алған бойжеткеннен суыртпақтап сыр тартқанымда Елена үнсіз бір уыс қағазды ұстата берді. СПИД жұқтырған жанның жазған сырларын бұзбай, қаз-қалпында жеткізуге тырыстым...
Әрі қарай