Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?
Үйіңіздегі көк жәшіктен аптасына неше рет кино көресіз? Әйтеуір отандық телеарналардың біреуіндегі ұнағанын қарайсыз ғой. Сол фильмдердің дубляжы көңіліңізден шыға ма? Жалпы дубляжы, дыбысталуы туралы білетініңіз бар ма?
Телеарналар өздері көрсететін фильмнің түпнұсқасын сатып алып, қазақ, не орыс тіліне аударады. Арнайы дистрибьюторлық компанияларға алдын ала тапсырыс беріледі де, салыстырмалы түрде рейтингі жоғары, халыққа қызық болады-ау деген киноларды таңдайды. Мысалы, аптасына 2 фильм көрсетілу керек болса, шамамен, жылына 104 фильм сатып алады. Ол фильмдерді жыл бойына 2-ақ рет көрсетуге рұқсат бар. Тіпті, Хоббит сияқты жаңа, эксклюзив фильмдерді алғаш боп қай канал сатып алады, 2 жыл ішінде сол арнадан ғана көрсетіледі. Бұл — көрсетілімге эксклюзивті құқық деп аталады.
«Ал, өзіміздің… Қазақфильмнің...» деп күбірлегелі жатырсыз ғой, иә? Қазақфильмде эксклюзивті құқық деген жоқ екен, яғни бір фильмді бірнеше арна бір мезетте көрсете алады. Бұл шартына бағасы да сай келмейтін ұқсайды. Бейресми дерек көздерінің көрсетуінше, шетелдік фильмдер 2 000-20 000$ арасында алынса, отандық өнімдердің ескісі 100 мыңнан, 2000 жылдан бергісі 150 мың мен миллион теңгенің арасында сатылады. Ескі фильмдеріміздің қайта-қайта көрсетілетін себебі де осында шығар: жүз мың теңгенің бетіне қарамай, ала беретін болып тұр ғой Негізі шетелдік фильмдердің орташа құны 6000-6500$ құрайды-мыс.
Сатып алынған киноның қай тілге аударылатынын арнаның бас директоры бекітіп, оны дубляждауға жібереді. Қазақша дубляждалған фильмдерге қарағанда қазақша телебағдарламалардың рейтингі жоғары болғандықтан көбіне фильмдерді орыс тіліне аударады. Сондықтан қазақша аз, оған сұраныс та аз. Рас қой, қазақша дубляждалған фильм көргенше, қазақша бағдарлама көрген қызығырақ сияқты. Әлі қазақша аудармаларға сенбегендіктен бе, білмеймін…
Фильм сатып алынды. Енді ол қалай дубляждалады? Көрерменге ұсынылғанша қандай еңбектер атқарылады?
7 арнаның дубляждау бөліміне келіп, бәрін тәптіштеп сұрап алуға тырыстым. Дубляж жасау бөліміне келіп түскен фильм алдымен аудармашыларға бөліп беріледі. Бұл жерде он шақты аудармашы қызмет етеді. Мәтіннің күрделілігіне қарай аударманың қиындығы да арта түседі. Бір аудармаға орташа үш күн беріледі.
Аударылған мәтінді редактор бір күндей тексереді. Сөздерді ауыз қимылына келтіріп, емеурінін жөндеп, көркемдік стилистика жағынан түзеп, дыбыс режиссеріне тапсырады. Дыбыс режиссері фильмнің дұрыс дыбысталуын, қимылдан сөздің қалып кетпеуін қадағалайды. 7 арнада осы саламен екі жас қыз айналысады. Әйнектің мына бетінде бәрін бақылап отырады.
Мынау — дауыс жазылатын кабинет. Барлық рөлді дұрыс дыбыстап болмайынша актерлар осы кабинеттен шықпайды. Қолынан мүлде ештеңе келмей жатқан актерлар басқасымен алмастырылады.
Актер мәтінді үйіне алып кетеді, киноны көреді, мәтінді оқиды, кейіпкердің мінезін сіңіреді, әбден дайындалады. Мұнда 1 фильмді дыбыстауға 2-3, көп дегенде 4 актер ғана қатысады. Баяғы «мұрнын кір қыстырғышпен қысып алып» сөйлейтін ағай жоқ сіздерге
Әрине, дубляждалып жатқан фильм актерлардың көз алдында тұру қажет.
Міне, бізге бір фильмді көрсету үшін осынша еңбек етеді. Ал, біз өзімізше телеарнадан кино көрмейміз. Солай ғой, мойындаңызшы?
Кенжемұрат Көшеров, дубляж бөлімінің көркемдік жетекшісі
— Бес жылдан бері жұмыс істеп келеміз, мыңнан аса фильмді қазақ тіліне аудардық. Аудармамыз сапалы деп айта аламыз. Сөздің тігісін жатқызып, қисынын келтіруге тырысамыз. Орыстар боқтап сөйлейді екен деп, солай аудара салуға болмайды. Бірақ, уытты сөзді қажет етіп тұратын жерде қолданамыз, рөлді ашу керек. Стилистикасы да баса назар аударуды қажет етеді: жас жігіттің аузына шалдың сөзін салып қоя алмайсың, көрермен қабылдай алмайды.
Басқа арналардың аудармаларын міндетті түрде көріп, мониторинг жасап отырамын. Ол маңызды. Негізі барлық арнада бірдей аударма дегенмен, кем-кетіктер боп жатады. Кейбір сөздерді тура мағынасында аударып жіберіп жатады. Мысалы, «Жаужүрек мың бала» фильмінде«Сайтан алғыр» деген сөз жүр. Қазақта ондай сөз ешқашан болмаған, ол — орыстың «черт побери»-інің аудармасы. Актерлар да театрдағы пафостан түсе алмай, тым әсірелеп дыбыстайды, көрерменнің құлағына түрпідей тиеді. Қарапайым тұрмыстағы әңгімені көркемсөзге айналдырып жібермесе екен. Қазір қазақи сөз саптауды меңгерген мамандар аз, бірақ, бәрі түзелетініне сенем.
Елшібаева Саида, аудармашы
— Мен ағылшын тіліндегі фильмдерді қазақ тіліне аударамын. Қытай тіліндегі фильмдерде міндетті түрде ағылшынша титр болады, оны аудару да қиын емес.
Бізде аудармашылар штатан тыс жұмыс істейтіндіктен еңбекақымызды аударманың көлеміне қарай аламыз. Ол фильмнің хронометражына тікелей байланысты. Мысалы, 40 минуттық фильмді аудару бағасы — 20 мың теңге. 40 минуттан асып жатса, бағасы да 50-60 мыңға дейін баруы мүмкін.
Сөзбе сөз аудармай, мағынасын беруге тырысамыз. Өйткені, ағылшын тілінен аударатын фильмді алайықшы, олардың сөйлесу мәдениеті басқа, менталитеті басқа, тіпті, мақал-мәтел, тұрақты тіркестері басқа. Сондықтан сөзбе-сөз аудару мүмкін емес.
Боқтайтын жерлерінде «сұмырай», «жексұрын», сүмелек" дегеннен артық сөздер қолданылмайды. Өйткені, дубляждың көркемдік жетекшісі сондай талап қояды.
Фильмді аударғанда түпнұсқадағы мағынаның 30 пайызы өзгереді. Онымен барлық аудармашы келіседі деп ойлаймын.
Кино дубляждалып, халыққа ұсынылады. «Оны халық қалай қабылдайды екен» деген оймен көрермендер арасында кішігірім сауалнама жүргізіп көрдім.
Телеарналардағы қазақ тіліне дубляждалған фильмдердің аудармасы ұнай ма?
Ал, сіз ше? Телеарналардағы қазақша дубляждалған фильмдерді көресіз бе?
Әрі қарай

Қуат: — Шынымды айтсам, өзіміздің телеканалдардан кино көрмеймін.
Бота: — Сауатты аудармалар бар. Бірақ, ең сорақысы — әйелдің дауысын еркек оқитын аудармалар.
Әлімбек: — Отандық телеарналарда фильмдерді қазақша дыбыстауды орташа деңгейде деп айтуға болатын шығар. Кемшілігі — бірнеше кейіпкерді бір ғана актердің дыбыстауы.
Самат: — Әдепке сай емес, боқтайтын жерлерін аудармай, өткізіп жібереді. Ол қызық емес.
Жаннетта: — Бір арнаның дубляж бөлімінде 3 жыл жұмыс істедім. Сол ұжым ең креатив деп ойлаймын.
Қазына: — Аударманың болғаны жақсы. Бірақ, жасанды емес, кейіпкердің түр-сипатына сай дауыстармен аударса екен. Шетелдік 1-1,5 сағаттық фильмді қазақ тілінде көрген қызық емес.
Гүлнұр: — «Аударма жақсы. Бірақ, біздікілер тым әсірелеп, әдебилендіріп жібереді, ол сөздерді халық есітпеген болуы да мүмкін. Тұрмыстық қарапайым сөздермен аударса, бәрі көретін еді ол фильмдерді.