Шаянды өлтіремін деп өзі майып болған көкқұтан

Баяғыда шаянды өлтірмекші болып, бір көкқұтан ұясын балығы мол, шөбі қалың шалшыққа салады. Сол жерде тұрып өмір сүреді, қартайып аң аулауға жарамай қалады. Сонымен ол аштықтың азабын шегеді де, мұңайып отырып қулық айла іздейді. Шаян оны алыстан көріп, бірте-бірте жуықтап қасына келеді де: «Бұл қалай? Сені қайғы-қасірет билеп отыр ғой!»- дейді. Сонда көкқұтан: «Мені қайғы-қасірет қалай билемесін. Осы уақытқа дейін мен балық аулап күнелтуші едім, күніне бір балық, кейде екі балық ұстап, жеп, өмір сүруші едім, оған айтарлықтай балық та азая қоймайтын. Бүгін сонда екі балықшы келді, олардың біреуі екіншісіне бұрылып: „Менің байқауымша, мұнда балық көп көрінеді, біраз күн осында болып балық аулайық“,- дегенде, оның жолдасы тұрып: „Алдымызда тағы бір жер бар, ең әуелі сол жерден басталық, онан босанған соң, әбден балығын тауысқанша осында болалық“,-дегенді айтты. Егер барған жерінен осында қайта оралса, онда бұл шалшықта олар ұстамаған бір де балық қалмайды. Ал, шынында, жағдай осылдай болса, онда мен үшін бұл өлім ғой»,-дейді.
Балықтардың жиналған жеріне барып шаян осыны хабарлайды. Сонда балықтар көкқұтанға келіп, кеңес сұрады.
«Біз сенен нұсқау алғалы келдік. Кеңесіңді, ақылыңды айт. Ақылға бай дұшпанның да кеңесін елеусіз тастамаған дұрыс, өйткені берген кеңесіңнің маңызын ол толық ұғынады, сондықтан оған пайдалы ма, зиянды ма — бәрібір ойға қонымдысын айтады. Сенің ақылың бар ғой, өзің үшін де, біздің мақсатымызға да сай кеңесіңді айт!»-деді. Көкқұтан: «Балықшымен қидаласып, соғысарлықтай менде ешбір сылтау жоқ, ал менің мынадан басқа білетін шарам да жоқ — бір жерде маған мәлім бір қара су бар, оның суы таза, әрі мол, өзінің төңірегінде қамыс өседі. Егер соған жете алсаңдар, онда өздерің емін-еркін дәурен сүрер едіңдер, әрі жақсы да болар еді».
Сонда балықтар: «Біз ол жерге тек бір сенің ғана көмегіңмен жете аламыз ғой?!»-дейді.Көкқұтан: «Біраз күйбең сергелдеңі болар, сонда да мен сендерге көмектесейін, тасып бітіргенімше балықшылар да мені ұстап ала қоймас»,-дейді. Сонымен көкқұтан күніне екі балықтан алып кететін болды. Ол әлгі балықтарды бір төбенің басына алып барып жеп жүрді, басқалары бұл туралы еш нәрсе сезбеді. Бірақ бір жолы шаян тұрып оған: «Мен осы жерден қатты қорқам, сен мені де сол қара суға алып баршы»,-деді. Көкқұтан оны алып ұшып, өзінің балықтарды жеп жүрген жерінен өтіп бара жатқанда, шаян толып жатқан балықтардың сүйегін көреді, бұған айыпты көкқұтан екенін түсінеді, өзінің де осындай күйге ұшырайтынына көзі жетті, сонда ол: «Егер ежелден әйгілі дұшпаның осы арада өлтіреді-ау деп жүрген жерінде кездестірсе, екі қолын қусырып көне кету, енжарлық істеу адамгершілікке жатпайды, арпалысқан жөн, қорғану ардақты іс»,-деп өзін-өзі қайрайды. Осыдан соң шаян қышқаш сирақтарын көкқұтанның мойынына қарай созып, қылқындыра қысты, көкқұтан жерді құшты, шаян онымен бірге құлап жерге түсті. Көкқұтан мерт болды, ал шаян көрген-білгендерін баяндады.
Әрі қарай

Достарым барда

Досы көпті жау алмайды деген халық даналығы бар. 100 теңгең болғанша 100 досың болсын деп орыс мақалын да аударып алып қолданып жүрміз. Достың бары жақсы ғой әрине. Бірақ менде көп емес.
Бала күнімізде, шіркін, көп сияқты еді. Төбелесте жаныңда бірге болғанның бәрін дос көретінбіз. Есейе келе біртіндеп қатары сиреп кетті. Әркім өзінің ниеттесін табады екен ғой. Мектептегі достарымнан саусақпен санарлығы қалды қазір қасымда. Алыста болса да, солардың анда-санда қоңырау шалып жағдайымды сұрағаны бір серпілтіп тастайды. Күшікі кезімізде бірге таланған соң ба, олардың орны ерекше.
Ал бүгінгі таңда жақсылығымды асырып, жамандығымды жасырып жүрген мына суреттегі 5 досым. (Сол жақтан 2-і тұрып тұрған өзім). Студенттік өмірді бірге өткізіп, «бір кириешкиді 6-ға бөліп жедік» деп айтамыз өз арамызда. Расымен солай. Әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кетсем.
1) Оң жақ шетте қара киімде отырған – Дәурен. Жаңақорғанның жігіті. Денесі қандай үлкен болса, пейілі де сондай кең. Мәрт жігіт. Достарымыздың біреуі үлкен сомадағы ақша іздегенін біліп қалса, өзі қарызданып тауып беруге тырысады. Қалада болмай қалып, жұмысың бітпей жатса Дәуренге тапсырсаң – ол өз шаруасын қоя салып сенікін бітіреді.
2) Одан кейін Айдар. Жаркенттің тумасы. Бірбеткей, тік мінезді жігіт. Артық уәде бермейді. Достарының барлық қуанышы мен қайғысының ортасында. Біздің кейбір қылықтарымыз бен жігерсіздігімізді көрсе бетімізге басып отыратын да сол. Сол тура айтқандығының арқасында өз ортамызда белгілі бір дәстүр қалыптасты. Бәрі бір ретпен өтеді.
3) Галстук таққан – Ержан. Біздің диспетчер. Ұйымдастырушы. Басымызды қосып, айлап болса да үлкендігін пайдаланып ағалығын жасап жүреді. Оның үйі Астанаға жақын болғандықтан үй-ішімен де етене араласып кеттік. Қазір ол кісілер бәріміздің екінші ата-анамыз сияқты. Ауылды сағынғанда сол кісілерге бір барып қайтамыз. Жақсы дос – туысыңнан артық.
4) Алмас. Өмірге көзқарасы қызық жігіт. Арамызда кей кездері темекі шегетін де сол ғана. Бірақ, достарына десе жаны бөлек. «Сыныптастың, группаластың бәрі дос емес» дегенді содан естідім.
5) Сол жақ шетте Бейбітжан. Дастархан жайылған отаудың иесі. Тұйық мінезді, көп сөзі жоқ жігіт. Бізді қиын жағдайда тастаған емес. Жігіттер кеңесі бастаған істерден тыс қалмайды.
Шешімі қиын түйіндерге кеңесетін қабырғам осылар. Менің қарабайыр тілім достықтың мәнін аша алмады білем. Мұқағали ақынның жазғанымен түсіндіріп көрейін.

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің…
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме-өзім мін артып…
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық

Достық туралы айтарларыңыз болса…
Әрі қарай

Дос ұғымын қалай түсінесіз???

Құрметті керекшіл қауым! Біздің түсінігіміздегі «ДОС» ұғымы қалай? Достық деген не өзі? Қазір, яғни ХХІ ғасырда шын достық деген бар ма? Мен өзім осы өмірімде тек үш ақ адамды досым деп атар едім. Ол адамдардың жас шамасы менен үлкені де кішісі де бар. Бірақ дос деген атқа лайық адамдар деп санаймын! Ал қазір доспын деп жүргендер амал достар сияқты. Сіздерден сұрарым АДАЛ ДОС санайтын адамдарыңыз жайлы айтсаңыздар. Өтініш амал дос емес адал дос болыңыздар!!!
Әрі қарай

Таптым-ау

Достым-ау
Бүгін сенің хабарыңды тостым-ау.

Құлазыған, күйзеліс көп шақтарда,
Ұққандаймын мені іздеудің себебін
Өскемендей өзіңе жат жақтарда
Сезілмейді ау маған сондай керегің.

Түн ортасы шақырып ап жаныңа,
Жағдайымды сұраушы едің. Бекемсің:
Мен отқанда жанды ақтарып жарыла
Сен қайғыңды ұмытады екенсің.

Талай бізді тентіретіп, тепкенмен
Тағдыр ылғи жолдайды екен үн-қайрат
Өлшеп берген өмір деген өткелден
Өтіп барам, сөзіңдегі мұң қайрап…
Әрі қарай

ЖҮЗДЕСУДІ ЖАЗСЫНШЫ „АМАНДЫҚ„ АТТЫ ЖАҒАДА...

Өмірде ойға алмаған, күтпеген кездесулер болып тұрады. Ол кездесу ұзаққа созылуы да, қысқа болуы да мүмкін. Бірақ маңыздысы кездесудің ұзақ, қысқалығында емес, маңыздысы – есте мәңгі қалатындығында. Санаулы күндер бұрын менде сондай кездесу болды.


Әрі қарай

Ғибратты әңгіме

Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: «Бүгін мені жан досым ұрды!»

Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде досынан таяқ жеген батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы кұтқарып қалады. Батпақтан кұтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: «Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды», — деп жазады.

Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы:

– Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып жатырсың? — деп сұрайды. Сонда досы:

– Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын!..

http://www.ummet.kz сайтынан алынды
Әрі қарай

Өткен күннен естелік

Халайық, архивімнен мына айтысты тауып, ортаға қосып отырған жағдайым бар.
Кезінде достық, сыйластық пен Отанға құрметті ескі Керектіктер былайша жырлапты:

Аспан:
Айтуға ауыз жеңіл, сөз де дайын!
Бәйтерек иілгенмен болмас қайың!
Достықты сипаттау мен жырлау бөлек.
Достарға кім болдық біз, ойланайық!!!
Әрі қарай

Эмоциялық тәуелділік жайлы ойлар

… бір адамның екінші адамға эмоциялық тәуелділігі туралы жазуыңызды сұраймын. Мен үшін маңызды тақырып.
©Gulzhanat

Эмоциялық тәуелділік кесірінен жастар әлімсақтан суицид жайлы жиі жазады. Соған қарағанда байланып қалу мәселесі бір мәңгі мәселе боп тұр.
Жауап іздеп, архивті ақтаруға мәжбүр болдым, себебі бұл мәселеге көзқарасым осыдан 4-5 жыл бұрын бекіген еді.
Содан бері ойым қатты өзгере қоймады.
Ондай ойымның түзілуіне әлдебір дарвинист психологтардың эксперименттері және өзімнің жеке тәжірибем, бірталай таныстарымның баяндаған хикаялары, интернеттегі жылап-сықтаған мойындаулар негіз болды.
Эмоционалды тәуелділік — міндетті түрде махаббат емес, және басты ерекшелігі, ол бір адамның басқа адамның қасында болуынсыз, қолдауынсыз екінші адамның бұрыңғыдай бейқам өмір сүруге, қуануға, бақытты сезінуге қабілетсіздігінде.
Ғашықтық жағдайында, мысалы, жастарда көбіне сюжет төмендегідей өрбиді:
Әрі қарай

Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

Ассалаумағалекум, құрметті Керекшілер! Өздеріңізге керек болса алыңыздар, болмаса лақтырып тастаңыздар. Алайда, аптықпай, асықпастан аяғына дейін оқысаңыздар, бір керектеріңізге жарап қалар…
Қазақта «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген бар. Бүгінде кез-келген мешітке кіре қалсаң екі-үш топқа бөлінген жамағатты байқайсыз. Бірі — мазғаб, бірі — такфир, енді бірі — таблиқ дейді өздерін. Моншаққа ұқсаған бұл тізбектің түбіне жетпедім, әлі. Бастап қарасаң айтқан уағыздары жөн-ақ көрінеді кейбірінің, алайда бірін-бірін лайландыра бастағанда барлығынан да кері кеткің келеді. Әрине, мен оларға кір жаққым келіп тұрған жоқ, тек ертеңін ойламай сан-салаға бөлініп кеткендеріне ішім ашиды. Біздің қазақ, бөлінгенді бөрі жейді дейді. Әйтеуір, сыртымыздан көз тігіп, аузынан сілекейі аққан бөрілерге, бөлінем деп жүріп жем болмасақ болғаны. Осыны неге ойламайды екен деймін. Сан ғасырлар бойына жинаған аз ғана абыройымыз айрандай ағылып жатса, өзге елге күлкі болмайтынымызға кім кепіл.
Бүгінде, бір-бірімізге деген сыйластықты, бауырмашылдықты ұмытып бара жатқандаймыз. Бірде, пайғамбарымыз«саллаллаһу алейһи уа саллам» " Мұсылмандардың абзалы — бір-біріне тілінің және қолының зияны тимегені " деген екен. Ал, біз болсақ, мұсылман бауырларымызды көрсек, жалаңаш қатынды көргендей жеркенеміз. Әсте олай болмау керек қой. Тіпті, Аллаһ елшісі, мешітке кірерде, жебелеріңді орап кіріңдер деген екен, бұнысы жебенің үшкір ұшы бауырларыңа зияны тимесін дегені көрінеді.
Мұсылман мұсылманның айнасы. Ал, қазіргі мұсылман қауым, айнадан кімді көреді екен. Ойланып көріңіздерші…
Қазақстандағы көп мұсылманның басты проблемасы — осы болып отыр. Ал, неге ең үлкен кешірілмейтін күналарға қарамайды. Жә, оларды ойландырмайтын да шығар. Бүгінде аз-маз білім алып, нәпсісінің жетегінде кетіп жатқандар да осылар-ау шамасы. Себебі, адам алдымен туралыққа, сабырлыққа, ізгілікке, бірлікке шақыруы тиіс емес пе? Ал, біз ананыкі дұрыс, мынаныкі бұрыс деп ара-жігін бөліп тастаймыз. Осыдан барып, дінге енді ғана бет бұрған азаматтарымыз, қашып кетпей ме? Біз — мұсылманбыз. Басқа ағым жоқ. Болуы да орынсыз.
Менің айтпағым, әркімнің өз үйі — өлең төсегі. Сол үшін бар амалыңды, өз ұстанымыңды үйіңде жасаған дұрысырақ, себебі осылай ғана біз, елдігімізді, бірлігімізді, тәуелсіздігімізді сақтап қала аламыз. Менен ағаттық кетсе, артық айтсам, Аллаһ мені кешірсін…
Әрі қарай