Базар жоқ!

Қыздар сияқты базарлап, болмаса жәй ғана жындыыыы көйлектерді көруден ләззат алмасақ та анда-санда киім алуға базарға барып тұрамыз. Сонда базарды аралап жүріп көптеген Базар жоқ! дегізетін жағдайларға куә боласың. Айнала өтірікшілер мен көзбояушы, екіжүздіре сияқты әсерде боламын өзім.
Міне, базарға кіре берісте бір апай көйлегін саудалап тұр.
— Сіңлім, түүүууу саған арнап тігілген ғой мынау. Қарашы. Құйып қойғандай.
— Мына жері сәл кеңірек сияқты ғой.
— Ой, қазір жаз уақытында кеңі жақсы. Күн ыстықта сәл ауа алмасып тұрады.
— Осыдан сәл бір размер төмені бар ма?
— Неғыласың оны? Мынау сенің размерің. Қатты ұнамай бара жатса мына жерін ішінен сәл тартып қоясың. Қалаған кезіңде ағыта саласың.
— Білмейм, Че то не то.
— Ой саған солай көріне береді. Көзің үйренбеген ғой. Әлі маған рахмет айтып киесің. Біз білеміз ғой. Қазір осылар модыда. (Көйлегі он жерден ұнаса да базардағы апайға рахмет айтып жүрген қыз көрмедім. Өзі тіккендей болады тағы)

Әй, сендерді де деп бір жымиып ары қарай жылжисың. Мына жерде өзіңе керекті аяқ киімді іздеп тоқтай қаласың.
— Не іздедің брат? Аяқ киім ба?
Өзі аяқ киім сатып тұр. Жоқ. Картоп десем әкеліп беретін сияқты.
— Иә, өзіме бір аяқ киім көріп жүр едім.
— Қандайын аға, цветі қандай, қай бағада іздедің? Келсей. Тауып береміз ғой.
Оның белсенділігі таңдауыңа кедергі болып тұрған соң тезірек кетуге асығасың да: Әзірге көріп жүрмін, кейінірек соғармын — дейсің. Ол қоймайды:
— Келсей брат. Барлық жерде осы ғой. Міні, мыналар Италянски, қара.
Шынымыен-ақ бір Римдік азаматтың тегі жазылып тұрады табанында. Сенейін деп қаласың. Қытайлық Римлян екенін ішің сезіп тұр ғой.
— Аяқ киімдер жақсы брат. Гарантия.
Осы жерде жан-жақтан кетесің. Өзі өндіруші болса мақұл сапасын біліп, гарантия беретін.
— Гарантиясы қалай? Сен гарантия берген уақыт ішінде тозып қалса ауыстырып бересің ба?
— Жоқ.
— Онда ол гарантияңның мәнісі неде?
— Проста, качствасын айтып жатырм да брат. Киіп көрсей брат. Айнаға жанынан, алды-артынан қарамасаң бәрібір білінбейді ғой. Қазіргі модыдағы фасондар осылар ғой. Байқаған шығарсың иә, көшеде көбісі осыны киіп жүр. Салидный көрінеді, джинсимен де, классикамен де кете береді. Табанын қара, ұстап көрші, майысқақ, тесіктерінен ауа кіріп тұрады, аяқты терлетпейді. Таза кожы ғой. Навинкалар осылай болып шығып жатыр брат. Өкінбейсің. Рахмет айтып киесің. (Тағы сол әңгіме. Халық ауыз әдебиеті сияқты, бастапқы авторы белгісіз, халық арасында кең таралып кеткен).
Көңілі қалмасын деп кие саласың. Әйтпесе жіберетін түрі жоқ.
— М, мына жері қысып тұр, бір размер үлкені бар ма?
— Жоқ, брат. Осы ғана қалды. Бұлар тұрмайды ғой. Хит сезона. Тез кетіп қалады. Мынау как раз сенің размерің ғой.
— Қысып тұр ғой. (Шынымен қатты қысып тұрады)
— Түседі ғой. Мына кожысын қарасай, миәхки. Бұлар жақсы отырады брат. (Бір сөзге мың сөз дайын тұрады)
— Ол түсіп болғанша аяғым тозып болады ғой.
— Жоқ ей брат. Не айтып тұрсың? Кожысы качственни ғой. Жайылмайды. Аяғыңа отырған соң тұра қалады.
Ақылды екен, ә — деп қаласың.
Миың ашып кетеді да: Жақсы бауырым, айналып көріп шығайын. Болмаса көрерміз -дейсің.
— Ой, брат, айтып тұрмын ғой. Бұлар тез өтеді. Сен келгенше сақтап тұрам деп айта алмайм. Клиент келіп жатса өткізем.
— Бұйыртса көрерміз.
Кетесің. Бір жағынан күлкің келіп, бір жағынан ашуың келейін деп қалып, өзіңнің де біраз мыжып, қыртқаныңа жынданып, ары қарай жылжисың.
Мына апай футболка сатып тұр. Алдында бір жігіт.
— Ой, інім, как раз сенің размерің. Қарашы. Маладежный ғой. Как раз сенің қатарың көп алады осыны. (Жігіт болған соң солай айтып тұр, қыздарға ондай аргумент жүрмейді. Қайта үркітеді  ) Қарашы жаны аптягивающи. Жақсы отырады.
— Не ғой, әпке, маған обтягивающий емес, бос тұрғаны жақсы еді.
— Ой, шыли жабысып қалмаған ғой. Қарасай. Міні, айнаға келші інім. Екі жағы сәл бос тұр. Саған керегі. Под аптягивающий де кете береді. (Обшым әмбебап).
— Қазір жаз. Сәл ашық түстісі дұрыс болар еді. Оның үстіне шыли жас та емеспіз. Сәл үлкенірек болса жақсы.
— Қойшы. Хехехе. Жүдә қартаюға асығып тұрасыңдар. Жассыңдар ғой. Қазір кимегенде қашан киесің енді?
Осы жерде әңгімеге сатушының көршісі араласады. Ол бір стилист. Мода әлемінің маманы.
— Қазір молодежный, үлкендерге деген стиль жоқ қой бауырым. Көшеде көріп жүрсің ғой. Кімнің жас, кімнің үлкен екенін ажырата алмайсың. Қазір не жарасады, сол моды. Мода қазір араласып кетті ғой. Өзіңе ұнаса болды. Анау-мынау деген әңгімелер баяғының адамдарынан қалған. Смелы киіну керек.
Жан-жабылып анау байғұсты сендіріп, киіндіріп жібереді.
Өзің де футболка көріп жүрген соң ойланып қаласың. Бір сатушының қасына келіп тоқтайсың.
— Кел бауырым. Не іздедің?
— Өзіме футболка көріп жүрмін.
— Қандайын іздедің? Мына жерден көре бер, қалағаныңды. Гарантия, футболкалар аригинал. Таза турецкилер.
Жапсырмаларында қытайша жазуды оқып қаласың да, тағы да қыртуға кірісесің:
— Қытайша жазып қойыпты?
— Турецки мадельмен қытайда тіктіреді ғой. Ол жақта арзандау түседі да просты. Негізі өндіруші Турция ғой. Айтып тұрмын ғой брат. Жақсы бәрі. Мыналар міні, таза Гуччи, мынау міні Армани. Бұлар аригинал. Қара, матирялынан көрініп тұр. Ұстап көрші. Терлетпит. Приятно тұрады денеде.
Енді шын ашулана бастайсың. Көзіңді бақырайтып қойып сені идиот қылып тұр. Әкеңнің аузы, Гуччи, Армани, Валентино дегендерің Шымкенттің жайма базарында саудалана беретін брендтер емес қой. Оны айтып, ананың аптығын басқың келеді. Ол үдей түседі:
— Жоқ, а брат. Осымен айналысып жүргенімізге қанша жыл болды. Білеміз ғой. Олар да адам ғой. Тек байлар кисін деп қайда жазып қойыпты?
Мен не деймін, домбырам не дейді?! Таласқың келмейді. Қоя саласың. Әлгі брендтердің оригиналын базардан таппасыңды жақсы білесің, оны іздеп келген де жоқсың. Бірақ, бәрібір мынадан алмауым керек. Басқасынан алсам да, дәл мынадан алмаймын. Ары қарай тағы жүріп кетесің.
Ыдыс-аяқ сататын бутиктің жанынан өтіп бара жатып, қолына шәйнек ұстап, жарнамалап тұрған Анжелина Джоли немесе Скарлетт Йоханссонды байқап қаласың. Жалпы біздің базарларда әлем жұлдыздары көп жүреді. Әр бутик, сатушымен жеке келісімдері бар-ау шамасы. Біреуінің киімін, біреуінің ыдыс-аяғын, енді біреуінің картобын жарнамалап тұрғаны. Енді Валентино арнайы киім тігетін базарда бұларың кім тәйірі.
Айтқандай, кейбір әпенді саудагерлерден: Мынау Қытайски ма? — деп тауарын сұрасаң, Жоқ, Пекинский деген жауап аласың. Айырмашылығын сезе қоясың  
П.С. Сол базарда қаншама мыңдаған адамдар сауда істеп, отбасыларын асырап отыр. Барлығына бірдей топырақ шашқым келмейді. Бірақ, қазақтың: Имансызды көргің келсе базарға бар — деген сөзінің жаны бар екеніне көзің жетіп, күлкің мен ашуың бір мезетте келіп, Базар жоқ! — деп шығып кетесің.
Әрі қарай

Қазақ тағамдарына бренд жасауға бола ма?

Көше де жүріп келе жатсам, бәрі бір жерге кезекке тұр екен.Неге десем?Өздеріңіз білетіндей қазір қай жерде жүрсеңіз де донер-кебаб, лагман секілді тамақ сататын орындар көбейіп кеткен.Банағы жұрт сол үшін кезеккем тұр екен.Содан біздің тамаша ұлттық тағамдарымыз тұрғанда, неге жейді деп көңілім қалды 
"Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді",-дейді халық мақалы.Ал менің айтарым: «Денсаулығымызды донектер, лагмандар құртып тынады».Әркім әр қилы ойлар, ал менің мақсатым тек айту…

Бренд дегеніміз не? «Бренд» деген сөздi қайсыбiр қарапайым адам түсiне қоймауы мүмкiн. Оның мағынасы әрбiр фирманы немесе кәсiпорынды танытатын, оның өнiмiн жарнамалап баршаға паш ететiн тауарлық белгiсi дегенге саяды. Ол ұлтқа да қатысты болады. Мәселен, ұлттық бренд десек, сол ұлттың айырықша ерекшелiгiн бiлдiрiп тұратын танымдық белгiсi, өзгелерден айырықша көзге ұрып тұратын артықшылығы болуы шарт. Ол – бәлкiм ұлттық тағамы, киiм үлгiсi, музыкалық аспабы, экзотикалық өнерi, тағы басқа нәрсе болуы мүмкiн. Бұл – ұлттық бренд ретiнде бiр ғана нәрсемен шектелiп қалу деген сөз емес. Егер мақтанарлық жағдайы болса, ол қанша болса сонша бола алады. Дегенмен солардың арасында барша жұрт қабылдаған ерекше болуы қажет. Әрi ол әлемде басқа ешбiр елде жоқ, қайталанбас нұсқа болуы керек.Бренд үшiн тұтынушы қандай да болмасын қаржы төлеуге әзiр. Ия, бүгінде әр елдің өз брендтары бар.Мысалға: Франция: Эйфель мұнарасы; француздық брендингтегі иіссу, парфюмерия мен косметика, француз асханасы. Ұлыбритания: Англияның ағылшын иттерінің арасындағы танымал түрі — бульдог; Биг-Бен; тағы да басқа.
БIЗДЕ БРЕНД БАР МА?Әрине,ұлтымызда брендке тұрарлық тағамдарымыз бен ұлттық құндылықтарымыздың саны шексіз. Біреулер ұлттық бренд домбыра, қобыз сияқты музыкалық аспаптар десе, екіншілері қымыз және шұбат сусындары деп санайды, ал үшіншілері киіз үйді жақтайды.Таңдау қиын, ұлттың сәні – кешке киетін сәнді киім емес.Бренд деп,ұлттық тағамымызды айтуға болады.Оған айғақ, шет елдіктер күні кеше Лондон олимпиадасын да өткен ауыр атлетикада Илия Илинның жеңісінің сыры қазы-қартада екенін білген.Оны естіген басқа елдер де қызығушылық танытуда.Дәмін татқан шетелдіктер де, қазақпен аралас-құралас өмір сүріп жатқан басқа халықтар да қазақтың ұлттық тағамдарын құрметтейтін болды. Тіпті, оның денсаулыққа пайдасын, адам ағзасын күшейтетін қасиетіне әбден көзі жеткен немістердің қымызды патенттеп алып, бие сүтінен дәрумендер жасайтыны, спортшыларын баптайтыны, бельгиялықтардың балмұздақ пен тәтті-дәмділер, Дания мен Францияда дәрілер дайындайтындықтары туралы деректерді қазір әркім-ақ біледі.Ата-бабаларымыздың бізге аманат еткен мирасын уақытында бағалағанымыз жөн.Аталарымыз бен әжелеріміздің ішкен-жегені нағыз дәрумендердің көзі болған.Кең жазира далада басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы күш-қуаттың көзі осылар екен.Пайымдауымша,ұлттық тағамдарымыз бренд болуға тұрарлық.Бірақ, ол үшін инвестиция, басқа сөзбен қаржылай көмек, елді қызықтыру 1-ші жобада болғаны дұрыс.Сонымен қатар жаңа,қызықты ой-идеясы бар арнайы мамандар даярлаған жөн.Яғни, жұртты қызықтыратындай етіп жарнама жасау арқылы,ұлттық тағамдарымызды нарыққа шығара аламыз.Шығарған өнім сапалы жарнамасымен қатар пайдалы болса сұраныс молая түседі.Тіпті, біздер ішімдіктерді нарықтан шығарып,қымызды қоюмызға болады.Ұлттық бренд-Қазақстанның өзекті тақырыбы болып тұр.Бренд деп әр кім әр қалай айтады.Келешекте Қазақстанның атын не шығаратыны белгісіз.Таңдау қиын, дегенмен де ұлттық тағамдардың өнімділігін жетілдіретін фабрика ашқан жөн.
Әрі қарай

Жаңа бренд атауы керек...

Опшым, не ғо, анық-қанығын әзірге сұрамай-ақ қойыңдар, дизайн саласында бір брендтің атауы КЕРЕК болып тұр. Атау мейлінше қазақи және нәзіктікпен ассоциацияланатындай болса…
Ұсыныстарыңды осы жерге жаза отырыңдар, керекшілер
Әрі қарай

Манчестер Юнайтед әлемдегі ең қымбат спорттық бренд болып танылды


Манчестер Юнайтед әлемдегі ең қымбат спорттық бренд болып танылды. Brand Finance агенттігіне сүйенсек клубтың брендінің құны 2005-2011 жылдар аралығында 109 пайызға өсіп, 412 миллион фунт стерлингке жетіпті.
Әрі қарай