Милицияға түстім

Неге? деген сұрақтың туныдауы заңды әрине. оқиға былай болды, аудан орталығынан ауылға шығайын деп такси ұстап тұрғанмын, қолымда шылым, тұқылын тастай бергенім сол еді қасыма бір мент жетіп келмесі бар ма.

— темекі тұқылын не үшін белгіленбеген жерге тастайсыз?
— қалай сонда, далада, күре жолдың бойында тұрып темекі тартуыма болмай ма? қандай заң бар көрсетші қазір жолдың бойында шылым шегуге болмайды деген.
— заңды көрсетем мен саған, жүрші машинаға — деп қолтығыма жармасты көк көз сары жігіт.
— тоқтаңыз бармаймын мен ешқайда, сіз өзі кімсіз куәлігіңізді көрсетіңізші.
— сен не тапаншамды көрмейтұрсың ба, мен не еріккеннен асынып жүрмін ба мұні.
— жоқ көріп тұрмын ғой, көрсетіңізші куәлігіңізді — деп тұрып алдым, ол алып шығып көрсетті де:
жүріңіз енді бөлімшеге,
Мен: жоқ бармаймын ешқайда.

Сонымен не керек мен полиция қызметкеріне бағынбаған болып шықтым, тағы екі милиция шақыртылды, соңында сізге ксен салу керек пе міндетті түрде деген сөздер айтылды, қойшы әйтеуір юөлімшеге келдік, кіріп бара жатқанымызда сол мекеменің бастығы шығып келе жатыр екен: Аға бір минут тыңдайсыз ба мені.
оның мені тыңдауға құлқы да болмады.

Содан кейінгі диалогтар қысқаша былай болды.

Олар: кімбоп істейсін.
Мен: мұғалім.
Олар: бастығыңа айтамыз жұмыстан шығарады сосын (5 жастағы баладай алдайды)
оралман екенімді бетіме басқысы да келді, тапаншамды көрмедің бе? деген қоқанлоқыны естігенім өз алдына, соңында штрабыңызды жазыңызша тезірек дедім.

Қысқасы солай ашуланып келдім үйге, түнімен ойландым олардың қызметтік этикасы туралы арыз түсірмекте болдым басында, әлі ойланып отырмын.
Әрі қарай