Жеңнің ұшы қайда алып баруы мүмкін
Суретке нұсқа Жеңнің ұшымен жалғасушылардың құйт(ы)ұрқы қылықтары шаршатты...(бұл көп нүктеде көп нәрсе тығылып жатыр)
Күндегі күйкің тірлікпен қазандықты шұқылап жүрген кезімде — немерем қалалық телефонға сені апам шақырып жатыр деген соң, дәлізге кірдім.Радиотелефонды немерем көп зерттейтіндіктен, біраз демалыста еді… Дәліздегісі СССРден қалған дисковвый.
Кемпірімнің ұзақ ах-үх деп жатып түсіндірген көп сөзінен түсінгенім — халықаралық орталықтағы мамандардың айтуынша лицейдегі баламның жанары солып бара жатса керек
… Әрі қарай жылап сықтау, сосын олардың телефоны...
Ата-ана үшін — бала бар үміті
Әлгі кемпірім берген нөмерге телефон шалдым: Халықаралық бла-бла-бла-бал деген хатышмен амандасып болған соң мән жайды білмек болдым…
… Да-бы-Да-бы-Бы-да-Да-ххххххх — кенеттен қазақшаға ауысып:
— Қызым бастығыңды шақыршыны айтуға тура келді.
— Ол болса ЖОҚты айтты…
— Қарағым, баламды алдын ала тексеріссіз сіздердің мұндай ізгі қадам жасауларыңыздың себебін түсінбедім.
— Здоровье детей прежде всего
… дан басталатын Қрыптағы ХИП-ХОПТЫ бастады.
— Әй күнім, бақылдамай байыптап түсіндірші…
— Халықаралық… блы-блы-бля-бладан тұратын шикі сарынды естідімде дым түсінбегендіктен трубканы қойуға мәжбүр болдым…
… Әрине трубканы қойғаныма себеп болған — өзін аса білімді санайтын топас хатшы еді…
Май шамды жағып жіберіп мәселені түртпектедім. Біраз нәрсені біреулерге түсіндіріп — пысқайларға көп нәрсені түсіндіріп тұру керек екенін өзімде түсініп, кездесетін нүктеге келгенд үхххх дедім.
Есіме қазандығым (ғашығым) түсіп солай қарай аяңдадым. Бір сағатқа жетпес уақытта кемпірім қалта телефонымды безілдетіп — шалым оу, аналарға не айтқансың?! Кешірім сұрап жатыр дегенді айтты. Ал мен кешірген жоқпын. Себеп — ҚАЗАҚ мазақ болуын қоюы керек қай қайдан келген ҚҰЙТҰРларға. Нуктеге барам!
ПыСы: Менің қазандығымда әзірше ыс көп — үтір нүктелерін ажыратып алыңдаршы