Жәкемнің дамбалы екен ғой
Ауылда Несіпбала деген жеңгеміз болды. Қыршаңқылығымен елді қыран-топан қылып жүретін. Ағамыз жуас, жеңгеміздің еті-тірі. Кеңес Одағы күшіне мініп тұрған заман. Алыс қыстақта қой бағады, бала-шаға жас, шаруа бастан асады. Ағамыздың рабочком құрдасы келген-кеткен сайын сынап-мінеп, жеңгемізге салақсың, үйің лас деп кетеді екен. Бір күні рабочком ауданнан өкіл ертіп келеді. Осыны пайдаланып жеңгеміз өкіл үйге ене бергенде бір шелек суды еденге төгіп жіберіпті. Су арса-арса еденнің тақтайларына сіңіп жоғалыпты. Шиеттей балаларымен тозығы жеткен үйде тірлік кешіп жақтанын көрген өкіл сол жолы рабачкомды сөгіп кетіпті дейді.
Қой төлдетіп, адам қолы жетіспей шабылып жатқан шақта ағамыздың үйіне сау етіп бір топ кісі келеді. Әдеттегідей ет асып, бас салынған табақты ортаға тартса, қойдың тісі қағылмай қалыпты. “Укробымен, укробымен астым” дейді екен жеңгеміз, тістің арасындағы шөптерді көріп.
Тағы бірде шаруа жайымен келген рабочком құрдас шайды енді ала беріп, “мына шәйің суып қалыпты ғой”,-деп мысқылдайды. Несіпбала жеңгеміз күс-күс саусақтарын шәйнекке малып жіберіп, ”кәне, ып-ыстық қой”,-деп еш саспастан шәй құюын жалғастыра беріпті.
Жаз келіп, елдің қол-аяғы кеңіп, мамыражай болған шақта жеңгеміз рабочком бастаған біраз құрдасты қонаққа шақырады. Үй мұнтаздай таза, дастархан жайнап тұр, қып-қызыл бауырсақты төгіп тастаған. Дәмі тіл үйіретін қуырдақты асап, бал қаймақпен шәй ішіп, келген қонақтар арқа-жарқа боп қалады. Жеңгемізде үн жоқ, сызылып, бір шүберекпен кеселерді қайта-қайта ысқылап сүртіп шәй құяды. Құйған сайын кесені жуып жіберіп, қайта сүртеді. Ел шәйға әбден қанды-ау деген заматта жеңгеміз жылан шағып алғандай орнынан атып тұрыпты. “Ойбуу, мынаны шүберек па десем, Жәкемнің дамбалы екен ғой”,- деп қолындағы ыдыс сүрткішті рабочком құрдасқа қарай лақтырып жіберіпті дейді.
Балаларымды жеткізсем деп, өзгеге есесін жібермей, бейнеттен көз ашпаған ағам мен жеңгем бүгінде бақилық болған. Артында езу тартқызар әдемі естеліктер қалды. Ал ұл-қызы ержетіп, бір-бір шаңырақтың егесі болып отыр. Адамға басқа не керек бұл өмірде.
Әрі қарай