Әншілердің тойдан келетін табысына салық салу қандай негізге сүйенеді?
Қазір әншілердің дені тойдан табыс табатыны белгілі. Дені деп қоямын-ау, бәрі десе де шындықтан алшақ кетпесіміз анық. Енді соны біліп алған салықшы "«көкелеріміз» тойдан түскен қаржыдан үлес алуды көздейді. Бірақ оны қандай заңдылықтарға, қандай негізге сүйенетіні белгісіз.
Әлбетте, әншілер ИП ашып, заңды жұмыс жасасын деген Заң да бар. Оған қарсылық жоқ. Концерттен, гастрольдерінен, ұтып алған арнайы сыйлықтарынан табыс салығын төлетуге болатын шығар. Бірақ бар табысын тойдан тауып отырған әншілер мен асабаларды ше?
Мына бір бейнесюжетте бір салықшы ағамыз «Салық басқармаларына 1029 шоу бизнес өкілі тіркелген. Солардан жалпы көлемі 58 млн теңге көлемінде салық түскен. Бірақ ол 430-нан ғана түскені екен. Қалғаны төлемей жүр» дейді. Дәл осы бейнесюжеттің соңында салық қызметкерлері тойлар мен кештерге арнайы рейд жүргізіп, кәсіпкерлігі жоқ әншілерге айыппұл төлетіп, жазаламақ екені айтылып қалды.
Стоп… Дәл осы жері енді миға сыймай отыр…
Қазақ тойы бесенеден белгілі. Тойда құда бала, жиен, нағашы шығып, ("қарға тамырлы қазақтың" туысы көп) әндете беретіні белгілі нәрсе. Сонда рейд соларды да ұстай ма? Тіпті әншілер ән айтып тұрса да, той иесі ешқандай қаржылық келісім емес, жай туысқаным еді десе ше? Олар әншіге беретін қаржыны карточкаға салмайды, қалтасына сүңгітіп жібереді. Ал оны қалай дәлелдемек?
Сауал көп, жауап жоқтың кері бұл. Осындай қордаланға сауалдар салық мәселесін әлі де майшаммен қарау керек екенін көрсетіп тұрған жоқ па?! Әлде біздің салық қызметкерлеріміз «шал ал десе, бас алмақ» па?
Егер бұл туралы әншілердің пікірін білгіңіз келсе, мына жерден, сосын мына жерден көруге болады.
Әрі қарай