What is Love? (бас шайқаушылар)

«Роксберидегі түн» — Джон Фортенберридің комедиясы (1998 ж.). Осы скетчтерде Уилл Феррелл мен Крис Кэттен классикалық костюм киіп алып, қыздармен танысу үшін түнгі клубтарды аралайды. Олардың басты міндеті бүкіл скетч бойы «Haddaway» тобының «What is love» деген әндегі ритмге сай бастарын шайқап жүру. Және ағайындының арасына кейде тағы бір бауыры келіп қосылады. Ал сол бауырдың ролін арнайы шақырылған жұлдыздар ойнайды. Кезінде сол рольде Том Хэнкс, Мартин Шорт, Джим Керри, Алек Болдуин және Сильвестр Сталлоне болған. Және осы актерлердің арасынан, менің ойымша, Джим Керридікі сәтті шыққан.

Классикалық трио:


Әрі қарай

«Мәңгіліктің роктың» екінші фондағы бас кейіпкерлері



Рок-н-роллдың жілігін шағып, майын ішкендер «Мәңгілік роктың» етін сүйегінен ажыратып баға-пайымдауларды беріп-ақ жатқан тұста, аталған жанрды ара-тұра ғана тыңдайтын, ойындағы азды-көпті ақпараты шаң басып жатқан дилетанттың пікірі оқырманға қаншалықты қызықты боларын білмедім, алайда, хэви-метал мен хард-роктың глэм-металға қандай қатысы бар екенінен шала-шарпы хабардар жұртшылық үшін рецензия зиянсыз болар деп шештім.
Әрі қарай