Иятсыз мұғалім

Дене шынықтыру мұғалімі келген екі-үш ай ішінде мектептегі барлық қатындарды құртты. Алдымен бүкіл облыста тапшы, әкімнің жеке өзі қаладан жалынып-жалпайып әкелген информатика мұғалимасын жүкті қылды деген сыбыс шықты. Байғұс қыздың (ендігәрі — қатынның) сабақ кезінде «бүгін физ-ра бола ма сендерге, ағайларың қалай?» деп, сұрастыруы жаман еді.
Сөйтіп жүргенде орыс тілінің практикантының іші де сыр берді. Дене шынықтыру сабағына келіп, айтуға ұмытып кеткен тапсырмасын айта беруінің түрі жаман еді. «Нағыз ұстаз» деуші едік әуелде, қайдағы: д.ш. күні басқа мұғалім болса — келмей кететінінен әлденені аңғарды анайы қауашағымыз. О қыз да (әрі қарай — қатын) бетін басып, келген жағына безіп кетті.
Сосын ел:«апаларын, әжесін, мақанын, інілерін, сіңлілерін жеткізем деп, отырып қалған ғой» дейтін қимия мұғаимасы да үйіне күдікті маршрутпен қайтуды шығарды. Әлгімен қолтықтаспағанмен, күлісіп-сықылықтасып. Оқиғаны модельдеуге келгенде алдымызға жан салмайтын біз, бұл жараса қалған екеудің түндегі қылықтарын өзіміз елестетіп алып, «Ох ағай, ох дон Жуан, ох Темірғали*» деуді шығардық.
Сосын сыпсың коллективке жайылып, арты — мектеп директорының д.ш. мұғаліміне ультиматум қоюына ұласты. «Енді д.ш.-дан Жора ағайларың беретін болады» деген кезде, қыздар көрерге көз керек ағайларынан айырылғанына ах ұрып, жігіттер тегін сексуал пантазиядан айрылғанына қынжылды.


* — жергілікті Казанова, бір бастаңғыда мұрнын шүйіре беретін бір бастықтың қызын тура моншада басжіверіпті деген сыбыс бар.
Әрі қарай