Парақорлық этюдтері. Акт #10: Кедейшіліктің қамыты

«Алматыдан қайырымдылық акциясын жасап жүрген вагон шығыпты: балаларға тегін киім-кешек пен азық-түлік таратылады. Шарт: әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінен жұмыссыз, әлде көпбалалы деген анықтама көрсету керек».
Газеттегі бұл хабарландыру Раушан әжейге маза бермейді. Прокурор баласына телефон шалып:
— Маған сондай анықтама алып бер!
— Туууууй мама, оны не істейсің…
— Тәйт! Сен не білесің?! Алып бер дегесін алып бер!..
Әрі қарай

Сайқал

«Бұл елдің түбіне — коррупция жетед!» © Энди Таккер

Лібә, қойманың қағаздарын жиырма күн бойы көтеріп, тіміскілеп, келесі келеңсіздіктерге куә болдым:
— Тауар алған адамдар қол қоймаған (бірақ қойманың ішіндегі еденіндегі шаңда — аяқ іздері жатыр; бәлкім мұнда — аяқ қою жүйесі?);
Әрі қарай