Досқалиев 7 жылға сотталды

Сот бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қатысты мүлкін тәркілеп, қатаң режімдегі колонияға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Еске сала кетсек, Ж.Досқалиевке қатысты қылмыстық іс 2010 жылдың қыркүйегінде қозғалды. Оған қызметтік лауазымын асыра пайдаланды, аса ірі көлемде пара алды, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану арқылы бюджеттік қаржыны жымқырды деген айыптар тағылды. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін жалған инсульт жасады деген де күдік келтірілді. Досқалиевтің өзі үкіммен келіспейтіндігін, Жоғары сотқа шаңымданатынын айтқан.
Дерек көзі: www.inform.kz/kaz/article/2397014
Әрі қарай