Ертегі кейіпкерлері арамызда не істеп жүр?

Ерте, ерте, ертеде…
Әжелеріміз ертігіні осылай бастаушы еді ғой. Қазір ше? Қазір кішкентайлардың идеалдары басқа. Ал, ертегідегі батырларымыз бен хас сұлуларымызды Дисней қаһармандары, қиял-ғажайып кейіпкерлеріміз бен сиқыршы тұлғаларымызды фэнтези блокбастерлердің кейіпкерлері алмастырған. Фильм де сол жайында, осы мәселені толғайды.