Пай, пай "Шахтер"

Әбіләкімнің  ауылы: Пай, пай Шахтер
Пай, пай «Шахтер»
«Ұшасың-ау» бір күні
Тыясың- ау қуанышты, күлкіні
Футбол деген бір жарқ еткен найзағай
Футбол деген жанкүйердің жүрегінің дүрсілі
Пай, пай «Шахтер»
Кетесің-ау бір күні!
Болмағандай, жүрмегендей чемпиондық лигада
Футбол қарап, жатып алып диванда
Басқаларға береміз де кезекті
Біз кетеміз,
Келер жолы жеңу үшін кетеміз
Футбол деген- соткаң емес қолдағы
Футбол деген-жанкүйерлер қолдауы
Қаның кеуіп қаталаған кездерде
Голдар салып тұрсаңдар тек болғаны
Мына стадион, мына көгал, табло анау
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Футбол деген-тағатсыз бір қозғалыс
Футбол деген-жеңілем деп қарамау

Суретке сілтеме
Әрі қарай