KICHA - Это HIP-HOP

Salamalec Sound* лейблының тағы бір өкілін қарсы алыңдар. Бұл — Шымкенттік атақты Black Cost тобының мүшесі Kicha деген жігіт. Мынау — биыл шыққан клипі. Клиптен G-HAD тобының мүшелерін де байқауға болады

*Salamalec Sound лейблына, менің білуімше, қазір G-HAD, Black Cost, Б.К. (Братья Казахи) топтары кіреді.
Клиптің түсірілу тәсілдері де G-HAD тобының клиптерінің арқасында таныс болып қалған шығар ))
Әрі қарай

BOTY 2008 финалы: Final T.I.P. (Оңтүстік Корея) vs. Top 9 (Ресей)

Тағы да резіңке етік туралы :)) Алдыңғы посттағы немістер мен жапондардың жарысын ең есалаң баттл деп асығыс айтып жіберіппін. Кешіріп қоярсыңдар. Өзім онсыз да күніне бір пачка темекі шегіп уланып жүрмін :)

Бұл жолғы баттл финалы -
Әрі қарай

BOTY 2000 финалы: Flying Steps (Германия) vs. Waseda Breakers (Жапония)

BOTY дегенге, резіңке етік деп ойлап қалмаңдар. Battle Of The Year деп талданатын, брейкданс командаларының арасында өтетін әлем чемпионаты тәріздес шоудың аты ғой :))

Flying Steps деген Германиялық команданың атын бұрыннан еститінмін. Әлемдік
Әрі қарай

Хип-хоп қауымдастығына қош келдіңіздер!

Хип-хоп қауымдастығына қош келдіңіздер!

Қош келіпсің, оқырман!

Сайттағы контенттің алуандығына үлес қосу мақсатында осы қауымдастықты ашып отырмын. Бұйырса, осы жерді енді хип-хоп туралы мәліметтермен толықтырып тұратын боламын, жалқаулығым ұстап қалмаса :)
Хип-хоп дегеніміз рэп қана емес екенін бірден айта кетейін. Оның ішіне граффити, брейкданс, эмсилік, диджейлік сияқты төрт элемент кіреді. Битбоксты да хип-хоптың бесінші элементіне жатқызып жүр. Негізсіз де емес, негізі :)
Көп сөзді қайтемін — опшым, блог осылар туралы болмақ :)
Әрі қарай

"Қазақы граффити": сурет туралы сурет :)

Асекеңнің блогындағы Қазақы граффити атты жазбадағы суреттің салыну процесі суретке түсірілген екен :)



Жоғарыдағы сурет кәдімгідей әкімдіктің қолдауымен өткен конкурс аясында салыныпты. Конкурстың ең міндетті шарты граффитиде қазақы ою-өрнек болуы тиіс болған екен.

Сурет http://streetart.ucoz.kz/ сайтынан алынды.
Әрі қарай