ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ МАГИСТРЛЕР БҰҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ НЬЮ ЙОРКТЕ ӨТКЕН ЖАҺАНДЫҚ ПІКІРТАЛАСҚА ҚАТЫСТЫ

Тұрақты даму саласы (MDP) бойынша білім алып жатқан бір топ магистрлер және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер орталығының студенттері Қазақстан Президентінің тарихи сөз сөйлеуіне куәгер болу үшін Нью-Йоркке шақырылды. 2018 ж. 18 қаңтарда Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау туралы баяндамасын оқиды. Бұл баяндама Қазақстан Республикасы үшін тағы бір тарихи оқиға болып табылатын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуіне теңестірілуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен қатысушы студенттер Нью-Йоркке оқу үдерісі бойынша, яғни, Колумбия университетімен (SIPA) алмасу бағдарламасы келісімшарты аясында келді. Он күндік сапар барысында олар бірнеше пәндер бойынша жетекші тәжірибелі мамандар мен ғалымдардан дәріс алады.

Ақпарат: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі. Жарғыға сәйкес Қауіпсіздік Кеңесі бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге толықтай жауапты. БҰҰ ҚК 15мүше мемлекеттер бар және әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Жарғыға сәйкес барлық мүше мемлекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін орындауға міндетті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Студенттік баспасөз Орталығы
Әрі қарай

Дайджест: Орталық Азия тұрақты ма?

Блог - TalgatBukharbayev: Дайджест: Орталық Азия тұрақты ма?Әріптестер мен жазылушыларға әлемдік БАҚ-қа шолу деп аталатын жаңа айдар ұсынамыз. Дайджесте әлемдік басылымның не жазып жатқанынан хабардар боласыздар. Егер сіздерге ұнаса, пікір қалдырыңыздар, бізге жазыңыздар.
Шабуылдан кейінгі Синай

Египеттегі сопылық ағым өкілдері Синай түбегіндегі мешітке жасалған шабуылға қарамастан, Мұхаммет Пайғамбардың туған күніне орай мерекені жалғастырып жатыр, деп жазды The Guardian. Мешіттегі шабуылдан 305 адам қайтыс болған. Египет сопы ордені Жоғарғы кеңесінің басшысы Абдул Қадыр әл-Касабтың газетке хабарлағанындай, мерекелік шаралар мешіттердің ішінде, Каир орталығындағы Хусейн мешітінің ішінде де өтеді. Оның айтуынша, көшеде мерекелік шаралар болмайды, сопылық ағымды жақтаушылардың қазасына орай жыл сайынғы сопылар шеруі де биыл өтпейді.

Сопылардың мешітіндегі жарылыс жауапкершілігін әлі күнге дейін ешкім мойнына алған жоқ. Түбектің бірқатар аудандарында Уәлаят әл-Синай тобының қара баннерлері пайда болды. Бұл ұйым 2014 жылы «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына адал болуға ант берген, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс. Бұл топтың әмірлері ауыл ақсақалдарынан қауіпсіздік күштерімен әріптес болуды доғаруды талап етіп отыр. Сонымен бірге олар тұрғындарға Пайғамбардың туған күніне орай сопылар ғұрыптарына тыйым салған.

Исламның бір тармағы ретінде ресми түрде тіркелген ағымның мешітіне шабуыл жасалуы Египеттің соғыс күнде болып тұратын Ауғанстанға айналып бара жатқанынан хабардар етеді, деп жазды израильдік ​Haaretz газеті.

Қисық белдеу?

АҚШ терроризмді қолдап отыр деп айыптаған Солтүстік Корея мен Сирия әріптестіктерін арттыруды көздеп отыр, осылайша Вашингтон мен оның одақтастарына қарсылық көрсететін халықаралық белдеу әлемде беделді болып барады, деп жазды Newsweek.

Газет Солтүстік Корея елшісі Цзан Мюн Хоның Дамаск қаласында Сирияның еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі министрі Рима әл-Кадеримен кездескенін хабарлады. Сириялық шенеуніктің мәлімдеуінше, оның елі Пхеньянның Сирия үкіметіне көрсеткен қолдауын жоғары бағалайды және соғыстан кейін қайта қалпына келтіру барысында кәрістердің тәжірибесі мен кеңесіне үміт артады.

Newsweek Хафез Асадтың әскери төңкерісінен кейін Солтүстік Корея Сирия мен Египетке Израильмен соғыста көмектесу үшін өз сарбаздарын жолдағанын еске салды. Башар Асад 2000 жылы билікке келгенде, кейбір мәліметтерге қарағанда, дәл осы Солтүстік Корея оған ядролық реактор салуға көмектескен. Бірақ оны 2007 жылы Израиль әуе соққысымен жойып жіберген еді.

Орталық Азия тұрақтанды ма?

Осы сауалға жауап іздеген Stratfor сараптама орталығының хабарлауынша, аймақтағы ең тұрақсыз ел саналып келген Қырғызстанда билікті табыстау бейбіт өтті, бірақ экономиканың әлсіздігі, Өзбекстан және Тәжікстанмен шекара мен ресурс даулары, жихадшылар қауіпі, елге ықпал ету үшін Ресей мен Қытай бәсекесінің күшеюі секілді факторлар әлі де қауіп төндіріп тұр.

Өзбекстанда президент Мирзияевтің реформаны тездетіп жүргізуге деген ұмтылысы биліктің екіге жарылуына әкелді және Мирзияев билігінің нығая қоймауы мен халық санының тез артуы, сонымен бірге радикалды күштердің өсуі саяси тұрақсыздыққа соқтыруы мүмкін.

Назарбаевты алмастыратын нақты мұрагері анық емес Қазақстан болашақта биліктің ауысынан қатты шайқалуы мүмкін. Билік жылы алмасқан күннің өзінде, Қазақстанның энергетикалық экономикасы әлі де болса бағаның тұрақсыз болуына тәуелді, ал жихадшылар баяғыдай қауіп төндіріп тұр.

Түркіменстанда президент Бердымұхаммедов билігі күшейіп, оған бәсекелес болатын саяси бақталастың жоқтығына қарамастан, елдегі экономиканың құлдырауына тосқауыл бола алмай отыр. Дағдарысты қуат көздерінің әлемдегі бағасының төмен болуы туғызды.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның саяси мұрагерге тікелей қатысты мәселелері болмаса да, оның билігінің ұзаққа созылуы болашақта елде тұрақсыздық туғызуы мүмкін. Аймақ тұрақсыздығына әлеуметтік-экономикалық қысымның күшеюі, Ресей мен Қытай секілді аймақ ойыншыларының бәсекесінің артуы да өз үлесін қосып отыр.
Әрі қарай

Атаңанә сөз тіркестері

Менде бір керемет сюжет бар...: Атаңанә сөз тіркестері

***
Жұрттың бәрі "құнды пікір" деп жүрген бір пікірді алдық та, Нью-Йорк Қор Биржасына орналастырдық. Екі апта бойы тұрды. Ешкім алмады. Сеніміміз ақталмады: құнсыз пікір болып шықты.

***
Елдің үмітін ақтамақ болдық. Екі шелек әк ездік те, шөткімен елге бардық. Иконың пақаны — ар жағын, мен бер жағын ақтайтын болып келістік. Бірақ үмітті таба алмадық. Сөйтіп, елдің үмітін ақтай алмай, қайтып келдік. Шешесстің.

***
Газеттен «Сырбаз Сырбай» деген мақаланы көріп қалдық. Бір жартымызды алып, үйіне бардық. Бөтелкені аяғына дейін ішкенше жұмған аузын ашпады. Әйелі онысын — кеше ғана Қауіпсіздік Комитетіне жұмысқа тұрғанымен түсіндірді.

***
Нақу ақын бақшасын суаруға шығып, жалаңаштанып, арамшөптерді отай бастағанда, суретке түсіріп-түсіріп алдық. Сөйтіп жұртқа — оның иығы ақ емес екенін дәлелдедік. Нақу ақын масқарамен жер аударылды.

***
Судья Джексонның туыстары жоқ екен деп, Жаңа Жылға сыйлық жазбадық. Судья Джексон ертңіне ұлы ойбай ұйымдастырды. Туыстары жоқ болмақ түгілі: 4 қызы, 3 ұлы, пақаны, мақаны, екі інісі мен үш әпкесі бар боп шықты. «Шешесс...» дегеннен басқа эпитет келмей қалды…
Әрі қарай