Классификация: таза қалалық, ауыл мен қала арасындағы будан, таза ауылдық.

Аядай Шыңғыстаудың күнгей бетіндегі Баршатас атты ауылдан тағдырдың жазуымен оңтүстіктегі Алматы шәріне топ ете қалдық. Алғашқыда үйренісе алмай, сықсыңдап Алматымен бірге жылап жүретін күнім көп болатын.
Әр тараптан жиналған түрлі адамдар қауымын көрдім. Киім киісі, сөз сөйлесі әрқандай. Ауылдан келгендер, қалалықтар дегендей. Жүріс-тұрысы, киім киістеріне қарап мендегі «тарының қауызымен» Алматыдағы көріп жүрген студенттер қауымын үш классқа бөлдім. Яғни, таза қалалықтар, қала мен ауылдың арасындағы будандар, таза ауылдықтар.
Әрі қарай