Төменгі көл саяхаты - 20 суретте
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағынан Өгем, Сайрамсу, Қасқасу, Біркөлік, Машат, Дәубаба және Көкбұлақ өзендері ағып өтеді. Бұл материалда біз Сайрамсу төменгі көлге саяхатты 20 суретте баяндап бермекпіз.
Сайрамсу төменгі көлі — 2350 м биіктікте мұздан жасалған көл. Оның қазаншұңқыры гитара тәріздес болып табылады. Көлдің төменгі жағында түсі ашық жасыл және өте салқын болып келеді. Көлдің түсі нақ екі түрге бөлінуі, яғни ашық көкшіл және ашық жасыл болуы өте қызықты. Кез-келген ауа-райында көлдің түсі өзгеріссіз екі түрлі.
Көлікпен Сайрамсуға дейін келіп, төменгі көлге жету үшін тағы да 9 км жаяу жүру қажет. Кеттік!
Сіздер дайын болсаңыздар, біз де саяхатымызды бастайық.
Сарқырап Сайрамсу ағып жатыр.
Баратын жеріміз аноооу жерде.
Төменгі көлге барарда 6 мәрте көпір пайдаланылады. Солардың бірінен көрініс.
Аноооу қарды көрдіңіздер ме? Төменгі көл сол жерде.
Сайрам-өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі территориясында 7 табиғат зонасы бар, шөлейттен бастап тау зонасына дейінгі, яғни онда өсімдіктің 1635 түрі, сүтқоректілердің 59 түрі, құстардың 300 түрі кездеседі. Саяхат барысында сізге көбелек, инелік, кішігірім жыландар серіктес болады.
Төменгі көлге жақындап қалдық.
Сайрамсудан төменгі көлге дейін 9 км жүрсеңіз де, 1 км-дей жоғары қарай шығу керек.
Анау қырды ассақ болды.
Төменгі көл мына қырдың артында. Бұл жердегі бір ғажайып — төменгі көлден ағып келе жатқан су мына тастардың арасына кіріп жоқ болып кетеді де кейін басқа жерден пайда болады.
Картадан қарап көрсеңіздер болады %)
Төменгі көлге жету үшін соңғы қадамдар…
Келдік…
Неткен табиғат?!
Төменгі көлде бірнеше бұлақ бар. 9 км жаяу жүріп келгенде, шаршағаныңды ұмытып кетесің. Осында келуді сіздерге де жазсын, құрметті оқырман!