МЕРКІ АУДАНЫ, МЕРКІ АУЫЛЫ, №39 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯДА ҚАЗАҚ,ОРЫС,АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен. «Полиглоттар клубының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» әлеуметтік жобасының аясында 2018 жылдың 9 қазан күні Меркі ауданы, Меркі ауылы, №39 мектеп гимназияда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде зияткерлік ойын ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарға қолдау көрсету, шет тілдерді еркін меңгерген жастарды анықтау, олардың тілдік қабілеттерін шыңдау, көп тілді орта қалыптастыру.Меркі ауылында ұйымдастырылған зияткерлік ойындар барысында «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ төрағасы Муратбаев Әлібек Жарылхасынұлы «Полиглоттар» клубының жобасымен таныстырып қатысушыларға сәттілік тіледі. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жақсылық Нұргүл Берікқызы қатысушыларға алғы сөздерін айтты.
«Полиглоттар» клубының мақсат-міндетімен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде клуб президенті Қнуарбеков Абылқайыр Асылбекұлы таныстырып, «Countries of the world» атты зияткерлік ойын туралы мәлімет беріп, оның шартымен, тәртібі түсіндірілді. «Countries of the world» зияткерлік ойыны барысында әлем мемлекеттерімен, тілдері жіне мәдениеттері жайлы сұрақтар қойылып жеңімпаздар анықталды. «Countries of the world» зияткерлік ойындарының қатысушылары алғыс хаттар беріліп, жеңімпаздарына сыйлықтармен диплом табысталды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың пікірлері мен сұрақтары тыңдалып талқыланды.

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ, ҚҰЛАН АУЫЛЫ, АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА ҚАЗАҚ, ОРЫС, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен. «Полиглоттар клубының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» әлеуметтік жобасының аясында 2018 жылдың 9 қазан күні Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Аудандық кітапханасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде зияткерлік ойын ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарға қолдау көрсету, шет тілдерді еркін меңгерген жастарды анықтау, олардың тілдік қабілеттерін шыңдау, көп тілді орта қалыптастыру. Т.Рысқұлов аудандық кітапханасында ұйымдастырылған зияткерлік ойындар барысында «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ төрағасы Муратбаев Әлібек Жарылхасынұлы «Полиглоттар» клубының жобасымен таныстырып қатысушыларға сәттілік тіледі. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жақсылық Нұргүл Берікқызы қатысушыларға алғы сөздерін айтты. «Полиглоттар» клубының мақсат-міндетімен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде клуб президенті Қнуарбеков Абылқайыр Асылбекұлы таныстырып, «Countries of the world» атты зияткерлік ойын туралы мәлімет беріп, оның шартымен, тәртібі түсіндірілді. «Countries of the world» зияткерлік ойыны барысында әлем мемлекеттерімен, тілдері жіне мәдениеттері жайлы сұрақтар қойылып жеңімпаздар анықталды. «Countries of the world» зияткерлік ойындарының қатысушылары алғыс хаттар беріліп, жеңімпаздарына сыйлықтармен диплом табысталды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың пікірлері мен сұрақтары тыңдалып талқыланды.

ЖУАЛЫ АУДАНЫ №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ПІКІРСАЙЫС МАСТЕР-КЛАССТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен. «Полиглоттар клубының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» әлеуметтікжобасының аясында2018 жылдың 4 қазан күні Жуалы ауданында Б.Момышұлы ауылының №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясында ағылшын тілінде пікірсайыс мастер-класстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарға қолдау көрсету, шет тілдерді еркін меңгерген жастарды анықтау, олардың тілдік қабілеттерін шыңдау, көп тілді орта қалыптастыру.Жуалы ауданыда өткен пікірсайыс ойындарының мастер-класстары барысында алғаш сөз «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ Тараз қалалық төрағасы Жұмат Бауыржан Киікбайұлы сөз бастап «Полиглоттар» клубының жобасымен таныстырып өтті. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жақсылық Нұргүл Берікқызы алғы сөз айтты. Іс-шара келесі бөлігінде «Полиглоттар» клубының мақсат-міндетімен және ағылшын тілінде өткізілетін пікірсайыс туралы мәлімет беру шартымен, тәртібімен «Полиглоттар клубының президенті Қнуарбеков Абылқайыр Асылбекұлы
таныстырды. Пікірсайыс Линкольн мен Дуглос (LD форматы) таныстырылып жобасы түсіндірілді. Түсіндіру жұмыстары аяқталған соң
Линкольн мен Дуглос (LD форматы) форматында «Үш тұғырлы тіл» саясаты тақырыбында көрсетілім ойындары ойнатылды. Әділ қазылар болып бұл көрсетілім ойындары ағылшын пәні мұғалімдерімен, клуб президенті отырды. Көрсетілім ойындарының жеңімпазы анықталып сыйлықтар табысталды. Іс-шара қорытындылап қатысушылармен сұрақ-жауап жүргізіліп, пікірлер тыңдалды.