Қарағанды қаласының зияткерлік мектебі(Блогқұрылтай өтетін орын)


Қарағанды қаласының зияткерлік мектебінде не бар?
— 350 адамға арналған мәжіліс залы мен асхана;
— Интерактивті тақтасы мен проекторы бар 60 аудитория;
— WiFi желісі;
— Бір үлкен және бір кіші спортзал;

Блогқұрылтай-2014

Сөзді тікесінен бастасам. Алдында 23-24 наурыз аралығында өтеді деп жүрдік. алыстан келіп-кететіндерге ыңғайлы күндер еді. Жұмыстан артық сұрана қоймайды ешкім. Өтетін орынды әупірімдеп жүріп таптық. Назарбаев мектебі. Шыны керек бұны әкімдіктердегі жігіттерді салып жүріп тапқанымыз жоқ. Талғат Байназаровтың (Геогебра) сол мектепте қызмет етуі көп рөл ойнады. Бірақ, өтетін орында бұл күндер біршама ыңғайсыздық тудырды. Сонымен олар бізге 24-25 наурыз күндерін ұсынуда. Бір күннің арысы не дегенмен де 26-сы күні көбіміз үшін жұмыс күні болуы мүмкін.
Қарағанды облысы Жастар саясаты басқармасы демеушілік жағын өз қолдарына алып жатқанын айтайын. Саясатты араластырмауға ант-су ішістік қос тарап.Бірақ, бұл мекеме Қарағандыда өте беделді саналатын Экономика университетін ұсынып отыр. Бірақ, ол жақ өз рұқсатын бере қойған жоқ. егер, олар бере қалса да Талғат өз тарапынан рұқсатты бірінші алып қойған болып тұр. Сондықтан да, Талғат бауырымызды өтірікші қылмас үшін барлығымыз осы Назарбаев мектебіне келісім беретін шығармыз деп ойлаймын.
Өзімнің «трезвый» көзқарасымды айта кетейінші осы блогқұрылтай жайлы. Блогшылар олар аспанда ешкімнің рұқсатынсыз ұшатын құстар секілді интернет әлемінде айқұш-ұйқыш із қалдырып жүрген азаматтар. Бірінші құрылтайда оны дәлелдедік те. Астанада өткен құрылтайға өзіме белгілі себептермен қатыса алмадым. Баға бере алмаймын. Шымкентте жап-жақсы өтті. Әкімдік қаржылай қолдау көрсетті. Еш нәрсеге некен-саяқ араласпады. Енді міне, Қарағандыда өткелі жатыр. Демеуші мекеме қанша дегенмен де әкімдіке қарайды. Қарағандыда жекелеген компанияларға блогқұрылтай жайлы түсіндіру қиын екен. Көбі «енді маған нағылдейсің?» деген ұстанымда. Менің қорқынышым жылдар өте келе осы шарамыз таза әкімдік тараптар ұйымдастыратын конференцияға айналып кетпейді ме?
Мысалы, Қарағандыда бір тамаша қонақ үй бар."Қолжетімді қонақ үй". Онда бір нөмірде 4-5 төсек тұрады. адам басынап 2700 теңге төлеп жата бересің. Екі күнімізге 5 мыңнан сәл асатын қаржы кетеді екен. Ешкімге тәуелді болмай осындай шараларды өз қаржымызбен өткізте берсек қалай болады екен? Тамақтану мен жол шығынын санағанда кереметтей үлкен сомма емес.Жылына бір болатын блогқұрылтайымыз үшін 15-20 мың теңгені жыл бойы жинасақ түк емес.
Бұл менің өз ойым ғой. Ал, осы жолғы жатар-орын, тамақтану шығындары блогшылар пайдасына шешілгелі тұр.
Әрі қарай