Морзенің электромагниттік (жазатын) телеграфына 169 жыл. Дискреттік сигнал. Реле электр сигналдың күшейткіші ретінде

Блог - bake: Морзенің электромагниттік (жазатын) телеграфына 169 жыл. Дискреттік сигнал. Реле электр сигналдың күшейткіші ретінде
Электромагнитті телеграф кілті

1862 жылы Қазақстан аумағында алғашқы телеграфтық қызмет пайда болды. Верный –Пишпек қалаларының арасында алыс қашықтыққа байланыс жүргізуге арналған телеграф желісінің қолданысқа беруіне байланысты пошталық –телеграф қызметі Верныйда (Алматы) құрылды.
1912 жылға Семей, Ташкент қалаларының араларында телеграфтық байланыс орнатылды.
1920 жылы Қазақстан аумағында 42 телеграфтық кәсіпорындар жұмыс істеген. Телеграф желілерінің ұзындығы 7000 километр жетті. Морзе телеграф аппараттары қолданылды.
1939 жылы қазан айында фототелеграфтық байланыс Алматы –Москава араларында орнатылды. Фототелеграф бойынша берілген алғашқы сурет Абай Құнанбаевтің портреті болды.
1959 жылы Ұлы Отан соғысынан кейін Алматы –Москава арасындағы фототелеграфтық байланыс жаңғыртылды. Одан кейін Алматы қаласымен Жамбыл, Қарағанда, Павлодар, Өскемен, Шымкент қаларының арасында фототелеграф байланысы орнатылды.
1970 жылы телеграф кәсіпорындарының саны 1102 жетті. Соның 323 арасында тікелей байланыс болды. Жалпы телеграф каналдарының ұзынды 1,3 миллион километрге жетті.
1980 жылдың басында Қазақстан аумағының кез –келген елді мекеніне телеграмма жіберуге қол жеткізілді.
1990 жылдардың басынан қазіргі кез. Компьютерлік желілер дәуірі.

Байқасақ интернет желілері бостан –бос жерде пайда болған жоқ. Компьютерді ақпарат алмасқанда өңдеуші құрал ретінде қолдану тек уақыттың есесінде еді. Ең күрделі деген техникалық шешімді талдай келсек түбінде санаулы немесе ондаған, мүмкін жүздеген қарапайым шешімдерден тұратына көз жеткіземіз.

Электромагнитті жазатын телеграф. Дискреттік сигнал

Алғаш электр сымдарының бойымен сигнал (ақпарат) жүргенде оны аналогты немесе дискретті деп ажыратпаған көрінеді. Дискретті сигналды алудың ең қарапайым жолы: электр тізбегінде электр тоғын жүргізу немесе тоқтату (кілтті қосу және ажырату арқылы).
Тізбектегі электр тоғын барын немесе жоғын тіркеу арқылы дискретті сигналдарды жинастырып одан ақпарат аламыз.
Дискретті, яғни үзік-үзік болған электр сигналды тіркейтін құрылғының құрылысы. Оны жай ғана «тіркегіш» деп атайық. Тіркегіш бір –бірінен дербес жұмыс істейтін екі құрылғыдан тұрады:
1) Қағаз лентасының үстелдің бетінде бір қалыпты жылдамдықпен жылжуын қамтамасыз ететін құрылғы. Сипаты:
Қағаз лентасы екі барабанға оратылған. Барабан ортасы қағаз лентасымен байланысады. Қағаз жылжу үшін барабанның біреуін өз осі бойынша айналдырады. Осылайша қағаз лентасының қозғалады. Барабанды сағат механизімімен айналысқа келтіріледі.
2) Электромагниттің көмегімен басқарылатын қарындаш. Яғни қарындаш үстел бетіне қатысты екі тұрақты жағдайда бола алады: 1) ұшы үстел бетіне тиеді 2) ұшы үстел бетінен бірнеше милиметр жоғарырақ көтеріліп тұрады. Құрылғының сипаты:
Металдан жасалған күйенте білікте тербеле алатындай орнатылған. Күйенте горизонталь тұр. Қарапайым таразыға ұқсас. Бір басы көтерілсе екінші басы төмен түседі. Бір басында қарындаш бекітілген. Қарындаштың ұшы үстел бетіне сәл ғана жетпейді.
Қарындаш салмағымен күйенте басын өз жағына жығар еді. Бірақ жыға алмайды. Өйткені екінші басына бекілген серіппе бар. Серіппе қарындаш салмағына созылмайды. Дәл сол тұста, күйенте басының үстіңгі жағында, электромагнит орналасқан.
Электромагниттің сым орамдарымен электр тоғы жүргенде оның ортасындағы металл өзек магнитке айналады. Күйенте басы соған қарай жоғары тартылады. Қарындаш төмен түседі. Электромагнит іске қосылмаған кезде (сым орамдарында электр тоғы жүрмегенде) күйенте бастапқы қалыпқа келеді.
Әрі қарай