Жүректің жалынымен сүйгізе алмағанның несі жігіт...

Шынымен болып жүрсе жаның ғашық,
Сен маған жалынбашы, табынбашы,
Ер мінезді жігітті ұнатады
Осы бір қарындасың.
Сен менің жүрмеші әсте "құлым" болып,
(кей әйел жақсы көрер ерлері жағынғасын,
Менің мұндай аурудан жаным қашық).
Онсыз да өзіңсің ғой барым асыл,
Онсыз да өзің менің қанымдасың, жанымдасың,
Ешқашан саған деген ақ жанымды
Қалмайды сағым басып.
Орынсыз маған, жаным, иілмеші
Ер жігітке лайық мұның несі!
Және де керек емес жиі әкелген
сый -сауқат, киім кешек!
Менің ең жек көрерім- жасандылық,
Сүйерім-ащы шындық. Тұрса дағы ол
Көзіме бей уақытта жас алдырып.
Қалдырма тілегімді тасаңда ұмыт.
Әдемі сөздер айтпа есілдіріп,
Кінәң болса жүресің несін бүгіп.
Тек шындықты кел — дағы — кешірім күт!
Жағынба сен!
Жүректің жалынымен сүйгізе алмағанның несі жігіт!
Сен маған әзіл айтып күлемісің,
Жанымда қамқоршым боп жүремісің?
Сағынып алыс жолдан келемісің?
Алғашқы ардай таза тілек үшін
Тек шын болсын әр ісің — керегі сол.
Сонда мен шын мәнінде серігіңмін,
Сонда мен сіздің үйдің келінімін.
Сонда мен жайсаң көлдің жағасымын,
Өзіңдік сонда менің бар асылым!

Фариза Оңғарсынованың осы бір «Тілек» өлеңі жаныма, табиғатыма жақын. Жігіттердің ер мінезді, өр тұлғалы болуларын мен де тілеймін. Олардың әйелдерден бір саты жоғары тұратынын барша әйел заты мойындайтыны белгілі.
Бір айтыскер ақын қарсылас қызына "ұрысыңызбен ұтқаныңызбен, жынысыңызбен бір саты төмен тұрасыз"-деген екен.Осындай жігіттер көп болса игі. Менің тілегімді де орындайтын жігіт бар екеніне сенемін, күтемін, күтудемін…
Әрі қарай

Жұмадағы жүздесу

Өткен жұма күні Маржанның ұйымдастыруымен "Қиял әлемінде" кездестік. Новичок болғандықтан көп блог блоггерді танымайтін болғандықтан сол күні біразымен таныссам ба деп ойлап едім. Өкінішке орай, небәрі 6 адам ғана болдық: @madlen, @zere, @huanish, @patick, @zilola және мен. @ushkin келіп кетіп қалды. Бірақ көп адам болмасақ та көп адамның айтуына татитындай әңгімелестік деп ойлаймын.
Әрі қарай

Шіркін life – 2

«Кәрістер мен түріктердің сериалдарын шаң қаптырып кеткен» /жүргізушілердің сөзінен/ осынау шоудың алдыңғы бөлімін тамашалап көрмеппін.Көрмедім дегенім өтірік айтқандық болар, үйдегілер асыға күтіп жүрген бағдарламаға бір-екі рет көз жүгірткеніммен көңілім толмаған еді. Арасында Қалдықыздың осы бағдарлама жайлы жазғандарын оқығаным бар. Бұл жолы қараған себебім, таңдалған ойыншылар /ойыншы дегенімді жөн санадым/ әскерде өздерін сынап жатыр деген соң қызықтырды. Өзім әскерде болғандықтан және келісім-шарт негізінде жалғастырғандықтан маған бұл тақырып қызықтырақ көрінді. Сонымен кешегі яғни 9-шы қаңтардағы нөмірін көргендегі ойларым.
Әрі қарай