Ұрланған "Студенттік жылдарымның естелігі"
Осыдан үш жарым жылдай бұрын сыртында «Студенттік жылдарымның естелігі» деген жазуы бар, кітап сияқты, қызыл қоңыр түсті күнделігім болатын. Бірінші курсқа келіп жатқанда, көп жиынның бiрiнде өзімше желпініп сұраққа жауап беріп алғанмын.:m Қатты ұнады. Университетіміздің өз баспасынан шыққан. Толып қалса да сақтап қоймақшы болғам. Бірінші курстың қыркүйегінен бастап жазылған бұл күнделікте небір естеліктер бар еді. Үйді сағынғандағы, бірінші рет Көктөбеге барғандағы, тұңғыш рет аралық бақылау (рубежный) тапсырғандағы, алғаш рет сессия қиыншылығының дәмін татқандағы сезімдер, бұдан басқа да тәтті естеліктер, ешкімге айта алмаған сырлар, ұйқаспаса да шын көңілмен жазылған, өзім үшін керемет өлең жолдары, қаншама қияли жазбалар, :j тіпті ең алғашқы екі айлығы бірге түскен өз ақшамды (шәкіртақы) қайда жарататыным,:P не алатыным туралы тізім – осының бәрі сол күнделіктің әдемі, ақ парақтарына түсіп жатушы еді. Толық екі жыл ұстадым. Өзінің сия тимеген, таза парағы да қалмады-ау. Сол керемет күнделігімді 2- курсты аяқтап, 3- курсты бастаймын деп отырғанда жоғалтып алдым. Сөмкемді ұрлатып алғанда ішінде кетті. Үлкен сөмке болғанға ішінде толған байлық бар деп ойлады ма екен, білмедім. Аздаған ақша мен банк картасы болған, сосын күнделігім. Картаны бірден жаптырып тастадық. Әншейінде пысықсынып жүретін, сол кезде не қара басқанын!? Ең iшiм ашыған, қимаған дүние күнделігiм болды. Кейіндері есіме түссе, өз-өзімнен ұялып, күлетін де болдым- ана ұры ханымың күнделігімді оқып алып, iшiн ұстап сүйкімсіздене қарқ- қарқ етіп, арасында «ойбууй» деп бетін шымшып отырғанын елестетіп. Тағы бір ойым айтады: «сөмкені ашқан кезде- ақ қоқысқа тастай салған болар» деп. Не істеді екен!?:J Жақын күндері 4- курсты да аяқтаймыз. Расында, «Студенттік жылдарымның естелігінде» студенттік жылдарымның бірааз естелігі кетті. Қазір сол жазғандарымды қайта оқып шығуға қарсы болмас едiм. Одан кейін жазған күнделіктерiм де бар. Бірақ, бастапқы беттері жыртылып қалған кітап сияқты...:(
Әрі қарай