Коррупционерлер күні: Ең алғашқы пара
Ең алғаш пара беруім бірінші курста болыпты. Алғашқы секс секілді. Ұмытылмайды.
Дене шынықтыру пәнін жек көрдім. Дым ұнамайтын. Мектеп кезінде дене шынықтырудан қашып кететінмін. Университетке түскен соң де сөйттім. Дым қатыспадым сабаққа. 2-3 рет қана барған шығармын. Оның өзінде кезекші болып қалып кететінмін. Оқу жылы аяқталды. Экзамендер тапсырылды. Тек сол пәннен ғана қалды (Дене шынықтырудан экзамен? wtf?).
Ағайдан қалай тапсырамын деп сұрасам: «Отработка»,-дейді. «Отработка» дегенің 20 круг жүгіру, 50 рет «отжимание» секілді қыртыған бірдеңелер. Жымың-жымың еткен тағы бір ағай бар тұғын. Сол жақындау ау деп ойлап, соның жанына бардым. «Ағай, басқа жолдармен шешуге болмай ма?»,-деймін ғо әлгі жерде кинодан көргенімді айтып. Қуанып кетті. Қуанып кеткенін көздері айтып тұр. «Болады әлбетте»,-дейді жымыңдап. «Біз студенттерді қинамаймыз»,-дейтінін қайтерсің. "Қанша?",-десем, «Сол жұрттың беріп жатқан мыңы ғой»,-дейді. Тұра қалып саудаластым. 500 теңгеге түсірдім. «Мың теңге медакадемияның (Шымкенттегі медиктерді дайындайтын оқу орыны) ставкасы ғой» деген дәйегім сенімдірек шықты ау деймін.
20 минут ішінде «бесімді» алып қайттым осылай.
Ал дене шынықтырудан беретін ағайымның түрі әлі есімде. Басқа мұғалімдердің түрі есімнен шығып та кеткен.
Күшті еді сол кезде.